Home » Мақалалар » АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ СӨНБЕС ҮШІН…

АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ СӨНБЕС ҮШІН…

АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ СӨНБЕС ҮШІН…

Қашанда қазақ үшін қуанатын, қуантатын асыл қазынасы болуы қажет. Сол асыл қазынамыз «Қазақтың бас ақыны» Абай екені де даусыз. Абай атамыздың 175 жылдығын әлем тойлап жатқанын әлеуметтік желіден көріп жүрміз. Тіпті бауырлас халық түріктер Анталияның төрінен ақынның ескерткішін ашып жатқанда туған елінің тартынбайтыны айдан анық. Ұлы ақынды дәріптеу, оның шығармашылығын жас ұрпақ арасында насихаттау ісі үздіксіз жүріліп жатқаны көңіліңді қуанышқа бөлейді. Абай халықтың жоғын жоқтап, кемел жолға бастар жолды іздеді. Сол жолда аянбай тер төгіп, өз заманының сипатын, халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жақсы не жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымында бейнеледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» деген мақаласында Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет ететінін,оның шығармалары әрбір жастың бойында еліне деген сүйіспеншілікті орнықтыратын және  хакім еңбектерінің нәрін болашақ ұрпақ санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру-ұлттық жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамдардың бірі екендігін атап көрсетті. Қазіргі жастарымызды тәрбиелеуде даналыққа толы Абай ілімін басшылыққа алуымыз қажет. Абай атамыздың жолы, Абай үлгісі бізді адамгершілік, имандылық жолына бастайды. Ақынның даналық сөзі сананы оятып, ойға ой қосады, жаңа көңіл күй мен сезімге бөлейді, асыл армандарға жетелейді, өзіңді-өзің талдап, бағалауға, ойлануға  итермелейді. Қазіргі заман — бағалау, өз-өзіңді саралау заманы.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ЖАҚ республикалық ақындар мүшайрасын ұйымдастырып отыр. Аталмыш мүшайраға теріскейлік жас ақындар да ат салысып, ақын шығармашылығын насихаттау жолында өз үлестерін қосты. Солтүстіктегі ақындардың басын қосып ұйымдастыру М. Қозыбаев атындағы СҚУ-нің «Рухани жаңғыру» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер институтының еншісіне тиіпті.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-нің «Рухани жаңғыру» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер институтының директоры т.ғ.к. Картова Зәуре Кеңесқызының айтуынша, бұл мүшайраға 16-29 жас аралығындағы қазақ және орыс тілінде жазатын жас жазушылар, жас ақындар және журналисттер қатысып бақтарын сынай алады,- дейді. Байқау шарттары өте оңай ақындар үшін Абайға арналған екі өлең, жазушылар мен журналистер үшін прозалық екі әңгіме немесе публицистикалық екі мақала электронды түрде ұсынуы қажет.
Бұл республикалық байқау болғандықтан екі кезеңнен тұрады. Өңірлерде іріктеу кезеңі 2020 жылдың 10 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында өтті. Қорытынды кезең 2020 жылдың 1 мен 20 қазан аралығында ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.
Абайдың шығармаларына зер салып қарайтын болсақ, елдің өсіп-өркендеуіне, ұлтының болашағына ерекше алаңдайтынын байқаймыз. Ақын ілгерлеудің негізі білім мен ғылым екенін анық білген. Сондықтан да қара сөздерінде білім мен ғылымды, адами құндылықтарды өзекті мәселе ретінде қарастырады. Ал, мүшайраға қатысушы жас ақындарымызда Абай жаққан сәуленің сөнбейтінін өз өлеңдері мен шығармаларында дәлелдей түсуі керек. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мүшайраға 30-дан артық жастардың шығармалары мен өлеңдері келіп түскен. Әділқазылар мүшесі солардың арасынан ең мықты деген үш жұмысты таңдап алды. Олар Хинаухан Жарқанат, Құскенов Самарат, Нұрдолқын Сержан республикада кіл мықтылармен өлең сайысына түсіп, теріскейдің намысын қорғайтын болады.
Биылғы жылы баршамызға белгілі ел басына қиындықтың қара бұлты үйірілген уақыт. Сондықтан біз қашықтықтан өткіздік. Республикада қашықтықтан өткізеді. Тек байқаудың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында республикалық кезең толықтай бейне-жазбаға түсіріледі, дейді Зәуре Кеңесқызы.
Қазақтың майдайына біткен ұлы ақынын дәріптеп, жас ұрпақ алдыңда Абайдай тау тұлғаны мәпелеу әр адамзаттың адами қасиеттерінің бастауы. Абай шығармашылығы әр қазақтың бойтұмары болатынына мен кәміл сенемін!

СҚО, Қызылжар қаласы
Көкбасқызы Жазира, ҚР журналистер одағының мүшесі
«BILIM AINASY»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.