Алматы қаласы, Медеу ауданы
№98 жалпы білім беретін мектебінде қонақ болып қайттық.
Бүгін біз тарихтың куәсі болдық.
№98 жалпы білім беретін мектебі ғимаратының үшінші корпус (бөлігі) өздеріне қайтарылып, күрделі жөндеуден өтіп, бастауыш сыныптарға берілді.
2024-2025 оқу жылының алғашқы күнінде салтанатты түрде лентасы қиылып, оқушылар жаңа сыныптарында отырды.
ХХІ ғасырда мемлекеттер қара күшпен емес, біліммен, сол арқылы жеткен озық технологиямен озады. Жылдан-жылға қарыштап дамып келе жатқан заманауи, ғылыми жетістіктерге ілесу үшін де білім керек. Қазір бір елдің ғана емес, адамзаттық деңгейдегі проблемаларды ойлайтын кезең. Ауыз судың азаюы, климаттың өзгеруі секілді күрмеуі қиын мәселелерді шешу үшін ұшқыр ойлы, ғылымға бет бұрған ұрпақтың өскені абзал. Ал ол үшін не істеу керек?
«Тәрбие – тал бесіктен» демекші, ел болашағы өзін жайлы сезіну үшін заманауи мектептерде білім алса дейміз.
Осы жолда оқушыларына жайлы жағдай жасау үшін №98 жалпы білім беретін мектебінің директоры мен ұжымының аянбай еңбек еткені көрініп-ақ тұр.
Жаңа оқу жылын жақсы жаңалықпен бастаған ұжымға ата-аналар да риза екенін жеткізді.
«Біз жаңа корпустың ашылғанына ризамыз. Мектепте өзгерістер өте көп. Мектеп ұжымына, мектеп директорына ризамыз. Оқушылардың жаңа оқу жылына сәттілік. Шынымен мектеп ұжымы ерен еңбек етті. Мектебіміз биік белестерді бағындыра берсін», — дейді
9 және 4 сынып оқушысының ата-анасы Кукса Мария.
Мектеп қайырымдылықты, ізгілікті негізге алған маңызы зор «Мектепке жол» науқанының аясында да берекелі
іс атқарған. Жаз бойы асыр салып, алаңсыз жүрген ойын баласының мектепке ешкімнен кем болмай барғаны ата-анасы үшін де, қоғам үшін де пайдалы. Осы акция аясындағы сыйға риза болған көпбалалы ана Эльмира Таубаева алғысын білдірді.
«Төрт балам бар. Осы мектепте үш балам оқиды. «Мектепке жол» акциясы арқылы мектеп тарапынан көмек алып, қауанып қаламыз. Былтыр да алған болатынмын. Жыл бойы соның бәрін қолданып шықтық. Биыл да балаларыма қажетті заттарды алып жатырмыз. Алғыстан басқа айтарым жоқ».
«Ел болашағы бүгінгі мұғалімдерге тікелей байланысты»- деген ұстанымды ұстанатын №98 жалпы білім беретін мектебінің директоры Аширбекова Манат Сагинбековнаны сөзге тартқан едік.
«Біздің №98 жалпы білім беретін мектебінің сыйымдылығы 640 балаға арналған. Мектептің іргесі 1964 жылы қаланған. Қазіргі таңда 1200-ден аса бала білім алып жатыр. Менің осы мектепте жұмыс жасап жатқаныма
4 жыл болды. Мектеп өзі 3 корпустан тұрады. 1 корпусын 1981 жылдан бері
№8 музыкалық мектеп жалға алып отыр екен. Жұмысқа келгелі екі ауысымда оқысақ та оқушылар сыймай жатыр, неге осы корпусты алмасқа, корпустан
10-12 кабинет жасауға болатын еді ғой деген ой келді. Музыкалық мектеп оқып жатқан корпусты аламыз дегенде музыка мектебінің ата-аналары қарсы шықты. “Балаларымыз қайда барады, осы мекен-жай бізге жақын еді”, — деген сияқты ата-аналар тарапынан сұрақтар пайда болды. Содан бұл істі өзім қолға алуым керек деп Медеу ауданы әкімдігімен ақылдаса отырып, әкімдік қолдауымен өзім музыка мектебіне ғимарат іздедім. Ниетімізге қарай жақсы мекен-жайдан, жақын жерден ғимарат табылып, келісіп, заңдастырып
ғимарат №8 музыкалық мектебіне берілді. Әрине, Медеу ауданының әкімшілігіне және әкіміміз Оразалин Еркебұлан Нұрланұлына алғыс айтамыз. Солай бізге корпусты босатып берді.
5 тамызда басталған жөндеу жұмыстары 20 күнге созылды. Кеше 1 қыркүйекте барлық жөндеу жұмыстары толық аяқталып, біз корпусқа кірдік.
Әр сыныпқа жаңа жиhaз алынды. Бүгінде балалар да, ата-аналар да қуанышты. Аталған корпуста
11 кабинет — бастауыш сыныптарға арналған, 1 кабинет — психологиялық көмек көрсету орталығына арналды.
Қазіргі таңда 19 ерекше білім беруді қажет ететін оқушымыз бар. Осы оқушылармен жұмыс жасауға арналған кабинет те ашылды. Сонда бас-аяғы 12 кабинет ашылды. Қуанышымызда шек жоқ. Сіздерді шын жүректен жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын!», — деді мектеп директоры Аширбекова Манат Сагинбековна.
Бүгінгі мерекелік кештен түйгеніміз,
бұл шара келер келешектің кемел болуына жасалған бір қадам. Алматыдағы №98 жалпы білім беретін мектебі директоры және өзге де қызметкерлерінің еңбегі елеуге тұрарлық екенін пайымдаймыз. Ал ұжымды ұйымдастырып, ата-анамен де, балалармен де етене жұмыс істеп отырған Аширбекова Манат Сагинбековнаның
іскерлігі де өзгеге үлгі. Ел игілігі үшін еңбекпен етене араласып, жарқын болашаққа қарымды қадамдар жасаған мектеп ұжымына біз де толағай табыстар тілейміз.
BILIM AINASY
Алматы қаласынан
журналист Ақерке Амангелдіқызы
Мектеп ұжымына осы уақытқа дейін біреулерге берілген өздеріне тиесілі корпусын қайтарып алғаны үлкен жеңіс. Мектеп директоры мен басқарып отырған ұстаздар қауымына алғысымыз шексіз!
Құрметпен Оралбек Сарыбасов
Мектеп ұжымына осы уақытқа дейін біреулерге берілген өздеріне тиесілі корпусын қайтарып алғаны үлкен жеңіс. Мектеп директоры мен басқарып отырған ұстаздар қауымына рахмет!