Home » Ашық сабақтар » Табиғат аясына   саяхат

Табиғат аясына   саяхат

Искакова Сайлаукуль Булатовна
Нұр-Сұлтан қаласы
№ 39 «Меруерт» балабақшасының
дене шынықтыру жетекшісі

 

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: «Дене шынықтыру»

Тақырыбы: «Табиғат аясына   саяхат»

Мақсаты: Балаларды әсем жүре білуге, бір қатар тұрып, реттік сан ретімен санау. «Оңға, солға, бұрыл!». «Түзел» бұйрық жаттығуларын орындау дағдыларын бекіту.

Білімділік: Музыкалық шығармаларды пайдалану арқылы жылдамдық, ырғақ жаттығуларын орындау барысында зейіндерін және есте сақтау қабілеттерін үйрету.

Дамытушылық: Балалардың қимыл белсендігі дағдыларын дамыта отырып, ептілік, төзімділік, шапшаңдық жаттығуларын дамыту.

Тәрбиелік: Топ жұмысының алға қойған мақсатына жетуге деген құлшыныстарын, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс тәсілі: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.

Қажетті құралдар: Балалар санына қарай өрілген жіптер, слайд, кішкентай доптар, бала саны бойынша шариктер, кеглилер  т.б.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Балалар музыка әуенімен жай жүріп кіреді.

Нұсқаушы: Топ, солға бұрыл!

Кіріспе бөлімі: Балалар, біз «Табиғат аясына саяхатқа» барамыз.

— Балалар, «Табиғат аясына саяхатқа» таза ауа, теңіз жағасы сіздердің денсаулықтарыңызға өте пайдалы. Біз серуендеп жаяу барамыз.

1.Жүрудің түрлері: Маршпен, аяқтың ұшымен, өкшемен, кедергілер арасымен жыланша жүру.

2.Жүгірудің түрлері: Жай, жылдам, кедергілер арасымен жыланша жүгіру.

Міне теңіз жағалауына да келдік. Толқындар теңіз суының иісі қандай керемет. Қане бәріміз осы таза ауамен тыныс алайықшы.

  • Балалар, теңіз суы ашы ма, тұщы ма?
  • Оны ішуге болама? Жоқ болмайды.
  • Теңіз суы ащы болғанмен денсаулыққа өте пайдалы.
  • Теңізде қандай жануарлар мекендейді ? Кит, акула, балық, дельфин, теңіз жұлдызы теңіз тасбақасы, медуза .

Ғажайып сәт. Алтын балық.

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен ертегідегі алтын балықпын. Мен су патшалығынан сендерге арнайы ұсыныспен келдім. Менім алтын сандығым жоғалып қалды, тауып бересіңдер ме ?

Балалар: Сәлеметсіз бе! Алтын балық! Әрине алтын сандықты тауып береміз.

Нұсқаушы: Балалар, біздің алдымызда кедергілер бар, солардан өтіуіміз керек. Сонымен қатар теңіз бетінде шағалалар болады. Теңіз көркі аққу.

Негізгі қимыл жаттығулары.

  1. Балалар, бір қатар саппен жүріп, жыланша қолдарын екі жаққа созып, тепе-теңдік сақтап жүреді. Қолдарын белге қойып, қос аяқпен секіру.
  2. Балалар, шеңбер құрып тастардың үстімен тұрып, «Тырна қимылын» орындайды. Бастапқы қалпы аяқты алшақ қойып, денемізді тік ұстап, қолымызды екі жаққа созу, жоғары көтеру, Бастапқы қалпы сол жаққа орындау.

Нұсқаушы: Алдарыңда әдемі ағаш кездеседі. Балалар, біздің алдымызда көп ағаштың бүршіктері бар екен, сол ағаштың бүршіктерінен нүктелі массаж саусақтарымызға жасайық.

Нүктелі массаж:

1-нүкте — сұқ және ортаңғы саусақтармен кеуденің ортаңғы, жоғары жақ және үштің ортаңғы бөліктеріне массаж жасау.

2-нүкте — кезектестіріп бірнеше рет оң және сол жақ алақанмен уқалау.

3-нүкте — ортаңғы саусақпен жаңғақ бүршігін қысу.

4-нүкте — ортаңғы саусақпен бас бармақ арасындағы нүктені қысу, мұны сұқ саусақтық көмегімен жеңіл басып жасау.

Теңіз жағалауында жалпы дамыту жаттығулары ;

1.Балдырлар: Бастапқы қалпы аяқтың алшақ қойып, қолды төмен ұстау.

1.Қолды алға қарай түзу ұстап, жоғары қарай көтеру.

  1. Оңға қарай еңкею, Түзелу, қол жоғарыда. Бастапқы қалыпқа келу.

2.Толқындар:толқындар тербеледі. Бастапқы қалпы екі аяқты алшақ иық деңгеймен бірдей қою, қолды төмен ұстау. Бастапқы қалыпқа келу. Қолды жоғары созу, оң аяқты бүгу, сол аяқта түзу тұру. Сол аяқпен жасау.

3.Жүзіп жүрген балықтар. Бастапқы қалпы екі аяқты, екі алақанды біріктіріп, алға созып, етпетінен жату. Дене, қол және аяқты қимылға келтіру.

4.Шырышты ұлу. Бастапқы қалпы аяқты түзу ұстап, тіземен еденге отырамыз, қолды төмен түсіріп ырғалып тербелеміз. 3-4 дегенде Бастапқы қалыпқа келеміз.

5.Дельфиндер. Бастапқы қалпы аяқ аралығы иық деңгеймен бірдей, қол бос тұрады.

6.Тікенек гүл. Бастапқы қалпы тізерлеп отырып, қолымызды аяқтың ұшымен ұстап, тартыламыз.

7.Шағала. Бәріміз шағалаға ұқсап қанаттарыңды жайып ұшамыз, қонамыз,

8.Теңіз тасбақасы (жаттығу). Қолымызды тізерлеп алға, артқа қарай жылжу.

9.Күнге қарай созыламыз. Бастапқы қалпы тізерлеп отыру, тізені қолымен құшақтап алып, басты тізеге қарай еңкейту.1-5 жайлап тұру, түзелу, қолды жоғары созу, қолдың басын біртіндеп ашу, аяқтың ұшымен тұрып, жоғары қарау, күнге қарай созылу.

10.Медуза. Дем шығару жаттығулары. Түзу тұрып, аяқтарын иығынан сәл кішілеуетіп қою, демін ішке алу, тоқтамас жаттығулардың арасында демін сыртқа шығару.

Қимылды ойын. Жақсы екен балалар шаршаған боларсындар сергіту сәтін жасайық. Бой сергіту /музыкамен/. Доптармен жаттығу жасау.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.