Рахметова Нұржамал Ахатқызы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
№31 «Ақ сұңқар» балабақшасының
тәрбиешісі
Мақсаты: Білімділік: Көктем көркі туралы кеңірек түсінік беру. Табиғат көрінісінің әсемдігін сезіне білуге оны бейнелеу іс-әрекетінде көрсете білуге дағдыландыра білу.
Дамытушылық: Бейнелеу іскерлік дағдыларын жетілдіру, қағазбен, көбікпен, оригами тәсілдерін қолдана отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыпты тиянақты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жәндіктердің макеті, түрлі-түсті бояулар, үлгі суреттер, үн таспа, слайд т.б.
Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың қолдарында қызғалдақ гүлдер, дөңгелене тұрып шаттық шеңберін жасайды.
Табиғат қандай тамаша
Көз салып оған қараса.
Көктемде құлпырып өспейме,
Қызғалдақ гүлдермен балауса(себетке гүлдерін салады).
Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы жүргізу.
— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
— Табиғат нешеге және қалай бөлінеді?
— Жанды және жансыз табиғатқа нелер жатады? (слайд арқылы)
Дұрыс жанды табиғатқа құстар, жануарлар, өсімдіктер, жәндіктер жатады.
Осы тіршіліктің барлығы көктемде оянады екен. Кім көктем туралы тақпақтар біледі екен?
1-бала:
Көктем, көктем, көктемде
Құстар келіп жеткенде.
Қуанып біз қаламыз
Ән мен қарсы аламыз.
2-бала:
Көктем келді күркіреп
Жаңбыр жауды сіркіреп.
Бәйшешектер дүркіреп
Шыға келді қыр түлеп.
Таңғажайып сәт: (Көздерін жұмғанда ортаға ағаштың суреті пайда болды). Балалар музыканы тыңдай отырып, көзімізді жұмып табиғатты елестетейік.
(Балалар табиғатты қалай елестеткендерін әңгімелейді.)
Балалар, қараңдаршы бізге ағаш пайда болды, кім ағашты елестетті екен?
Табиғатты ағашсыз елестету мүмкін емес (Балалар назарын ағашқа аудару
Мұқият қараңдар, нелерді байқадыңдар? Екі жұлдызқұттар шығады. (әңгімелеу). Жұлдызқұттарға біздің көмегіміз қажет екен, оларға достар керек екен.
Балаларды деңгейлеп үшке бөліп отырғызу (жәндіктер арқылы бөлу).
Әдіс-тәсілдерін түсіндіру:
1-үстелге дәстүрден тыс әдістің бір түрі көбікпен сурет салу жолдарын түсіндіру.
2-үстелге бүктеу тәсілі арқылы қанқыз қоңызын желімдеп жапсыру әдісін түсіндіру.
3-үстелге құстарды оригами тәсілін қолдану арқылы жасау жолдарын түсіндіру.
Ал, балалар, жұмысымызды бастамас бұрын саусақтарымызды жаттықтырып алайық.
Саусақ ойын жаттығуы: «Табиғат құбылыстары»
Ақырын әуен ырғағымен балалар жұмысын бастайды (Балалар жұмысын қадағалау
Сергіту сәтін қимыл арқылы орындау:
Қане қанат жазайық
Қарлығашқа ұқсайық.
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып-ұшып алайық.
Балалар назары жұлдызқұрттарға аудара жасаған жұмыстарын әңгімелету.
Балалардың шығармашылық жұмысынан жапсыру арқылы көрікті көктем бейнесін плакатқа шығару.
Табиғат туралы өлең жолын бірге айту.
Дала гүлге оранады
Түрлі-түске боялады.
Нұрлы көктем келген кезде
Табиғатта оянады.
Жұлдызқұрттар қуанып балаларға ризашылықтарын білдіріп кетеді (тәттілер ұсынады).
Қорытынды:
— Бүгінгі оқу қызметінде бізге нелер келді?
— Біз жұлдызқұрттарға көмектесе алдық па?
— Сендерге қандай жұмыс жасаған ұнады?
Балаларды белсенділіктері үшін мақтап, мадақтау (жұлдызшалар беру).