Мулдабекова Жанар Кабилбековна
Нұр-Сұлтан қаласы
№31 «Ақ сұңқар» балабақшасының
тәрбиешісі
Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы түсінік беру. Өз құқұғын қорғай білуге үйрету. Ата Заңымыз туралы білімдерін дамыту. Отанды сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.
Залға жалау ұстап, музыкамен балалар кіреді.
— Балалар, біз қандай Республикада тұрамыз?
— Қазақстан Республикасының Президенті кім?
— Балалар, сендер еліміздің рәміздерін білесіңдер ме?
Әнұранмен басталады,
Отан біздің анамыз.
Отан біздің панамыз,
Ақтай білсек ер атын.
Елден алғыс аламыз.
Әнұран орындалады.
Балалар біздің еліміз — егеменді Қазақстан. Еркін тәуелсіз елдің азаматтарымыз, сондықтан да біз бір заңға бағынамыз. Ол Қазақстан Республикасының конституциясы – Ата Заңымыз. Слайд көрсету.
Тәрбиеші:
Оқы да білім ал деген,
От бол да мәңгі жан деген.
Ата Заңым менің.
Еңбек ет еркін жүр деген,
Асыр салып, ойнап күл деген
Ата Заңым менің.
Тақпақтар: Нәби.
Ал, бүгін міне жарқырап,
Нұрын шашты Ата Заң.
Заң болғанда қандай заң,
Көрмеген бұрын ешбір жан.
Нұрдәулет.
Бақытты өмір сүргенің
Бақ дәулеттің баршасы,
Күліп ойнап жүргенің,
Ата Заңның арқасы.
Айрат.
Әрбір жан ойы қосылған,
Құрмет көрер досынан.
Бірлігі елдің қашанда
Нығайсын деген осы заң.
Аружан.
Көк байрағы бабамның,
Бүгінгі ұрпақ жалауы.
Тірегі әке баланың,
Қазақстан жалауы.
Тәрбиеші:
Туған жерде толамыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан туған үйіміз,
Отан туған еліміз.
Ән: «Отан»
Тәрбиеші:
Уа, балалар тұрмайық,
Әндетейік, жырлайық,
Ортамызды ашайық,
Жырдан шашу шашайық.
«Көгершін» тобының балаларының құттықтауы.
Ал қазір сендермен бір ойын ойнайық.
Ойын: «Арқан тартыс»
Тәрбиеші:
Ата Заңға қарағым,
Шексіз болсын құрметің.
Туған елдің талабын,
Заңды орындау міндетің.
Тақпақтар: Кәусар. Р
Бас иетін бар адам,
Әрбір сөзі салмақты.
Қорғар бәле жаладан,
Ата Заң бұл ардақты.
Кәусар. Э
Ғұрпымыз бар ел сенген,
Дәстүрлері оң ізгі.
Әділдікпен өлшенген,
Заңымыз бар негізгі.
Жанболат
Ата Заңым бабалардың лебізі,
Ата Заңым барлық Заңның негізі.
Арқа сүйер Ата Заң да адамды,
Артық санау кемсітудің жоқ ізі.
Тәрбиеші:
Балалық шақ арманның,
Жаңа әнін арнадым.
Шаттық пенен мереке,
Қуанышты жан жағым
Ән: «Мен қазақтың қызымын» Аяулым мен Кәусар
Ойын: «Әтеш»
Тәрбиеші:
Күнде шат күліп күн,
Өміріміз жайдарлы.
Мәңгілік бақыттың,
Өзіміз айғағы,
Күлеміз, ойнаймыз.
Демалып алаңсыз,
Ризамыз саған біз,
Ұлы Отан-анамыз.
Ән: «Балдырғандар әні»
Тәрбиеші: Сонымен балалар, заң деген не? Ол тәртіп, тәрбие деген мағынаны береді.
Кішкентай балалар заңды қалай бұзады? Олар түнде үйде айқайлайды, жүгіреді. Балабақшаға келгісі келмейді, папа, мамасының айтқанын тыңдамай оларды жұмыстан қалдырады. Достарын ренжітеді. Кітаптарды жыртады. Олай істеуге болмайды екен. Бұрында қазақ даласында Заң кітапқа жазылмаған. Ел ішінде ақылды адамдар, халыққа жаны ашитын адамдары «би» сайланған. Олар ел ішіндегі барлық мәселені шешкен.
Олар: Төле би, Қазбек би, Әйтеке би.
Ұсақ болма, ірі бол,
Өз ортаңның гүлі бол.
Ата-анаңның көзінің,
Сөнбей тұрған нұры бол.
Кім болсаң да, әйтеуір,
Туған елдің ұлы бол
Ән: «Сәлем, Қазақстан»