Жакипова Улман Жусиповна
Нұр-Сұлтан қаласы
№ 20«Арайлым» балабақшасының
тәрбиешісі
Баланың әлеуметтенуі қашан қайда басталады? Әрине бірінші отбасында және балабақшаға келгенде.Балабақшада таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады, мінез-құлық ережелері мен нормаларын меңгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалар мен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды.
Баланың балабақшға қиын бейімделу себептері:
— басқа адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен;
— дәретке өзі отырып үйренбегендіктен;
— кейбір тағамдарды жегісі жоқ, мысалы: қызылша, орамжапырақ, қатты тамақты шайнап, үйренбеген (картоп, нан).
Балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшаға қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.
Балаңызбен үйде сөйлесесіз бе, оны мақтайсыз ба, оны жақсы көретініңіз туралы айттыңыз ба? Ата-аналардың балаға деген эмоцианалдық әсері көбінесе жағдайды қиындатады.
Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар.
Жеңіл түрі — баланың мінез құлығы 10-15 күнде қалпына келеді;
Орташа ауырлық бейімделу -1 айдың ішінде;
Ауыр бейімделу — 2 айдан 6 айға дейін өтеді.
Қобалжулары қатты ата-аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді. Өйткені ата-анасының қобалжуын көріп, баланың қорқынышы
ұлғая бастайды. Осы кезде ата-аналар балаға көмек беруі керек.
Ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:
— Баламен тез қоштасып үйреніңіз. Қоштасуды созбаңыз.
— Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп, тыныштануы ұзаққа созылады.
— Балаңыз сізге сенсін десеңіз, балабақшаға әкеліп, көрінбей қашып кетпеңіз.
— Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және соны қатал ұстаныңыз.
— Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып, балаңызды алдатпаңыз.
-Балаға анық түсінік беру керек. Бір рет болсын баланың дегенін істесеңіз әрі қарай баланы көндіру өте қиынға түседі.
2-3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі.
Сондықтан кеңес береміз:
— Үйдегі жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға тырысыңыз.
— Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып, баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз.
— Үйдегі жағдайда баланың өзіне-өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз; жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану,т амақ ішкенде қасықты пайдалану,г оршокқа сұрану .Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт; шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.
— Баланың «социалдық көкжиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесіне қонуға қалсын т.с.с. Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады. Баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата-ана жағынан болуы қажет, балабақша туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп, балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз сіздің балаңыз балабақщаға тез бейімделеді.
— Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.
— Бірінші күні балабақшаға серуенге келген дұрыс, тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа достар табуға, сондай-ақ балаңыздың сүйікті ойыншығын балабақщаға беріп жібергеніңіз абзал.
— Жоспарлаңыз, балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші күні-ақ күн ұзағына қалдырмауды. Балабақшаға жаңадан келген балалар алғашқы аптада 3-4 сағат, одан әрі түске дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады.
— Кейбір балалар үшін аптаның ортасында жүйкесін тоздырмау үшін «демалыс» алуға болады.
— Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимін сақтау, эмоциалық жүктемесін түсіру қажет.
— Бала балабақшаға тек ауырмай келуі қажет. ОРЗ, ОРВИ сақтану үшін түрлі витаминдер пайдалану қажет, мұрын қуыстарын оксолин мазы мен сылап тұру қажет.
Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейірімді болса, балабақшаға келген күннен бастап-ақ үйреніп кететініне сеніңіз. Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медика-педагогикалық қызметі бақылауға алады.
«Тәрбиеші балабақша айнасы»
Өз балаң қандай болса да, оны сүю.
Онымен тілдескен сайын қуанасың,
Өйткені ол алланың берген баласы.
Құдайдың берген бақыты.
А. Құнанбаев