Home » Ашық сабақтар » Көбелек және инелік

Көбелек және инелік

Құрманова Ақерке Жаныбековна
Нұр-Сұлтан қаласындағы
Қазақстан Республикасы Президенттік
Іс Басқармасы Медициналық орталығы
 «Қарлығаш » балабақшасы» РМК
жоғарғы санатты тәрбиеші

 

 

 

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: «Жаратылыстану».

Тақырыбы: «Көбелек және инелік».

Мақсаты: Б/м: Көбелек және инелікпен таныстыру, олардың айырмашылығын байқап айтып беруге үйрету, сөздік қорын дамыту. Көбелек пен инеліктің қалай пайда болатындығын (жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ) түсіндіру және санауға, түстерді ажырта білуге, аз-көп ұғымдарымен таныстыру.

Д/м: Жұмбақтарды шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін  дамыту. Құммен, түрлі-түсті манка жармасымен сурет салу арқылы.

Көрнекіліктер: балалардың қол маторикасын дамыту.

Т/м: Жәндіктерге қамқорлықпен қарап, қорғауға тәрбиелеу.

Көбелек және инелік суреттері, көбелектің даму туралы бейне ролик, құм терапиясы, түрлі-түсті манка жармасы, киіз матадан қиылған көбелек және инеліктің бейнелері.

Шаттық шеңбері:

Арайлап атқан таңға сәлем!
Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайнап өскен бізге сәлем!
Білім беріп тәрбиелеген,
Апайларым сіздерге сәлем!

Сұрақ-жауап:

Балалар көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Қар еріп болған соң, ең бірінші қандай гүл гүлдейді?

Көктемде нелер оянып, жер бетіне шығады?

Балаларға жәндіктер туралы тақпақ айтып берулерін ұсыну.

Тақпақтар:

Амилла:

Менің атым құмырсқа
Шаршамаймын жұмыста
Дән тасимын жаз бойы
Демаламын мен қыста

Жасулан:

Гұлден сорып бал жинап

Терлеп жанын қинады

Және өзіне жиғанын

Адамдарға сыйлады.

Томирис: 

Ұзын құйрық инелік
Инелікке тимелік
Верталетты жасады
Инеліктен ұйреніп.

Абылай: 

Алаңқайға шығайық,

Көктем тілін ұғайық.

Құрт-құмырсқа, көбелек,

Ұшып жүрген бөгелек.

Жұмбақтарды жасыру:

Гүл үстінде әдемі,
Екі жапырақ биледі.
Жұлып алайын деп едім
Ұстатпай ұшып кетті.

Төрт қанаты бар,
Инедей денесі бар,
Үлкен бақырайған көздері бар
Бұл не екенін кім табар?

Жарайсыңдар балалар! Олай болса бүгін біз көбелек және инелікпен танысамыз. (Балалардың назарын суреттерге аудару)

Балалар мына гүлдің үстінде қонып отырған қандай жәндік?

Өзі сондай әдемі екен.

Балалар көбелек туралы білгілерің келе ме?

Бейнероликке (көбелек туралы және көбелектің дамуы туралы) көңілдерін аудару.

Сергіту сәті

Дос болайық көбелек,
Жайнап тұрған бақшамда.
Гүлдерімді тере кет,
Жаңбыр жаушы себелеп.
Тақияның астына,
Тығыла ғой көбелек

Инеліктің суретін көрсету арқылы дене мүшелерін  және көбейу жолдарын түсіндіру.

Балаларға «Көңілді доп» ойыны арқылы сұрақтарды қоя отырып   оқу қызметін қорытындылау. Оқу қызметіне белсене  қатысқан балаларды күліп тұрған жұлдызшамен мадақтау, мақтау.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.