Калиакпер Тамирис Айдынқызы
Арман адамның кішкентай күнінен ойында қалыптасатын, сәби жүрегінен ойып тұрып орын алатын, оны болашаққа жетелейтін, жетістікке жеткізіп, тұлға етіп қалыптастыратын ерекше құбылыс.
«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» — деп жатады үлкендеріміз. Бұның шындық екені айқын. Кішкентай кезден ақ сәби, арман қуып өседі. Әрине, бұл келешек өмірімізге әсер етпей қоймайды. Үйдегі ата – анамыздан бастап, туған – туыс бауырларымызға дейін: «Өскенде кім боласың?» — деп сұрауыныңда өзіндік бір философиялық мәні бар. Жас балаға бұндай сұрақ қою арқылы, оның болашақ туралы қазірден ойлануына, мамандықтың келешек өмірі үшін қаншалықты маңызды екенің сұрақ қою арқылы ойландыру, түсіндіру секілді.
Қарап тұрсақ, негізі арман ол жәй ғана бір ой. Бірақ адам санасына түскен ой, құдайдың берген үлкен сыйы. Себебі, осы ой болмаса бала өз болашағын көруге қабілетсіз болып өсер еді. Ал балалық шақтағы арман, үлкен өмірге деген көзқарас, болашаққа өз әсерін міндетті түрде тигізеді. Оған біршама дәлелдемелер бар. Мысалы, әлемге аты танылған, әнші Димаш Құдайберген «Үш жаста болсам да үлкен сахнаны армандайтын едім. Басқаша өмірді армандаған емеспін. Әрдайым әнші, әртіс болатынымды сезетінмін. Әлі де осы жолда келемін», деп өзінің балалық шақтағы арманы, қазіргі шынайы өміріне айналғаның ашық айтады. Бұл арманның адам өмірінде қаншалықты маңызды рөл атқаратынының көрсеткіші.
Армандасан шексізғой. Соның бірі, Француз футболшысы Килиан Мбаппенің әлемнің мықты клубтарының бірі Реал Мадрид ойыншысы болуын армандап, соныңда сол арманына жеткені жайлы инстаграмм парақшасына жариялаған еді.
Арман – шексіздіктің мекені. Адам не ойласа, сол нәрсені бейсаналы түрде армандайды. Үлкендерге қарағанда бала арманы тез орындалады. Себебі де осы. Олар таза, шын көңілдерімен армандай алады. Және ол орындалады. Ал есейе келе адамның өмірге деген көзқарастары өзгеріп, құндылықтары ауысады. Түрлі жағдаяттардың салдарынан реалист бола бастайды. Бұл жақсы әрине, бірақ адам нені шын ниетімен сұраса сол нәрсе болатының біліп жүру керек.
Адам арманы оны биік мұратқа жетелейтін төте жол. Осы жолдан таймай, арманға адал болу біздің міндет. Сол үшінде, арманына адал бол құрметті оқырман.