Home » Жаңалықтар » Оқу жайындағы ата-ана наразылығы

Оқу жайындағы ата-ана наразылығы

Қазақстанның оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұны дәстүрлі оқытуға күрт өзгерістер енгізді

 

  • Мектепалды даярлық сыныптарында және 1-3 сыныптарда білім беру процесі; ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінге тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; 2) Оқытулардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде элек. жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 ж. 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 ж. 13 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады; 3) ҚР Білім және ғылым 2018 ж. 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім беру жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары.

Балалардың оқу-әдістемелік құралдарын толық электрондандыру үдерісі тез тарағанмен, әлі күнге дейін баяу меңгерілуде. Оған қоса, бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары қазіргі оқулықтардың жаңа үлгісінде ескі үлгісіне қарағанда ақпарат аз қамтылған дейді. Светлана ата ана: «Мектептік білім беру жүйесінде бірталай ағаттықтар кездеседі: біріншіден, баланың білімін мұғалімге ауызша тиянақты айтқан сабағынан емес, жіктелген оқу бағдарламасы бойынша бағалайды. Екіншіден, баланы ерте мектепке беру тарула заң қаулысы қанағаттандырмайды. Бергеннің өзінде де баланы білімге ынталандырудың орнына, білмегені үшін наразы болады. Мысалы, менің қызым 7 жасқа енді толады және 2-ші сыныпты ғана бітірді. Ал оған қазірдің өзінде үлкен талаптар қойылады. Оның үстіне өз басым бала үшін балдай шағы дамуында үлкен үлесін тигізеді деп ойлаймын. Үшіншіден, мектептегі оқу бағдарламасын интернеттендіру де теріс бағытта келе жатыр. Оқу жылын жалпы баллдық жүйемен қорытындылау – жоғары оқу орындарына сай. Ал оқушыларды өздері дағдыланған бағдарлама бойынша оқытқан дұрыс деп санаймын. Себебі оқушының екі көзі төрт болып сабақтың біткенін аңсап отырғаннан көрі, әр сабақ күнінен шидей болсын бір нәрсені үйренгені дұрыс» дейді.

Айта кетелік, «ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов атап өткендей, қазіргі таңда білім және ғылым жүйесінің алдында жаңа мақсаттар мен міндеттер тұр. Оларды шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірқатар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға негізделген, білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Бұл «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Мемлекет басшысының сайлауалды платформасы, тамыз кеңесінде және Қазақстан халқына арналған Жолдауда берілген тапсырмалар толығымен ескерілген» дейді premierministr.kz ресми парақшасында. Сонымен қатар ғылым мен білім бағдарламаларымен қоса Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жобаларына сәйкес педагог мәртебесін көтеру үшін педагогикалық білімді жетілдіру, болашақ мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін өзгерту, оқу бағдарламаларын 100% жаңарту қарастырылған. Сондықтан Елбасы тапсырмасы бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен 100% қамту, сапасын жақсарту мақсатында лицензиялауды кезең-кезеңімен қайтару және балаларды мектепке даярлауды жақсарту үшін тиісті бағдарламаларды енгізу қарастырылуда. Өңірлердегі жекеменшік балабақшалардың ұсыныстарын ескере отырып, мемлекеттік тапсырыс құны 30 мың теңгеге дейін артты. Бұл үшін республикалық бюджеттен шамамен 400 млрд теңге бөлінген болатын. Ал оқу бағдарламасымен қатар ауылдық мектептердің жайын шешу үшін және орта білім беру орталықтарында 100 000 студент тегін оқу үшін қаражаттар бөлінгенін баян етті Білім және ғылым министрлігі.

Рамазан Еламанұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.