Home » Айтарым бар » Мектепке деген сағыныш

Мектепке деген сағыныш

Маңғыстау   облысы
Мұнайлы ауданы
№8 «Жалпы білім беру орта мектебі»
Бастауыш сынып мұғалімі
Нурымбетова Дина Жаксылыковна

  Бәрімізге де белгілі дүние жүзінің көп елдері мен бірге қазақ елімізде де короновирус індетіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл білім беру жүйесініне де өзгерістер алып келді. Яғни қашықтықтан оқыту форматына көшті.

  Басында бұл ұстаздарға да, ата-анамен оқушыларға да ыңғайсыздық туғызды. Әр ұстаздың да, оқушының санасында әртүрлі сұрақтармен бірге іштей қорқыныш, үрей де, қобалжу да болды.

Бірақ ұстаздар да, оқушыларда бұл жағдайға тез бейімделіп, 6-сәуірден бастап ІV-тоқсан басталып кетті. Платон айтпақшы «Ұстаз талантты болса, Шәкірті талапты болады» дегендей ұстаздар өз оқушыларына әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы білім бере бастады. Ұстаздар өз оқушыларына мотивация беру арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыра білді. Себебі, жақсы сөз жанға-жақын, құлаққа жағымды,ойға қонымды емеспе?

   Міне қашықтықтан оқытудың бір айы өтіп кетті. Бірақ оқушыларды «мектепке қашан барамыз?» деген сұрақ  мазалауын қояр емес. Себебі оқушы өздерінің білім бесігі болған алтын ұя мектебін сағынды. Олар үйде ғаламтор желісі арқылы қаншалықты білімдерін жетілдіргендерімен, кей-кейде білмегенін сұрай салатын,бірге ойнап мектептегі қызықты күндерін бірге өткізетін достарын,сыныптастарын,ұстаздарын сағынып отыр.

Мен өзім 4 сынып мұғалімімін.Әдебиеттік оқу пәнінен «Біздің ғажайып түсіміз» тақырыбын өткенде,оқушыларыма өздерің қиял-ғажайып түс көрдіңіздерма? Айта отырыңыздар деп сұрақ қойдым. Сонда бір оқушы «Апай мен тек сыныптастарымды көретін болып жүрмін»деген жауап айтты.

Сол-ақ екен,басқа оқушылар жекеге менде, мектепке қашан барамыз деген сұрақтар келе бастады.

  Шыны керек оқушылармен бірге ұстаздар қауымы да осы мектепке барар күнді асыға күтуде!

Ата-бабаларымыз айтқандай бұл күндер де өтіп, мектепке барар күнде келеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.