Маңғыстау облысы
Жаңаөзен мектеп-гимназиясының
информатика пәні мұғалімі
Сапарова Курбанай Мынбаевна
Қашықтықтан оқыту – бұл ғаламторды пайдалана отырып қашықтықтан оқыту тәсілі, мұндайда оқытушы мен білім алушылар физикалық тұрғыдан әр түрлі орындардан табылады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып білім берудің мақсаты: сапалы білім беру қызметін білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, жаңа тақырыпты әр түрлі платформаларды пайдалану арқылы оқыту. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жүйесі ұстаз бен білім алушылар арасында өзара кез-келген форматтағы файлдармен алмасу.
Оқыту кезінде:
1) mektep.edu.kz сайтына оқушыға тиімді үлгіде тапсырмалар орналастыру арқылы оқушылар кері байланысты ok.edus.kz сайты арқылы оқушы өз жұмысын JPG форматта сала алады немесе бос орынға өз жауабын, ой-пікірін қалдыра алады. Мұғалім әр сынып оқушыларының қаншалықты жаңа тақырыппен танысқандығын % арқылы біле алады.
2) youtube.com жеке каналымда сабақтарды жүктеу арқылы бейнероликті көре отырып, жаңа сабақпен танысады, тапсырмаларды орындайды, кері байланысын пікір ретінде бейнеролик астына қалдыра алады.
3) nearpod.com мобильді қосымшасын оқушылар телефонына жүктейді, мұғалімнің дайындаған сұрағын CODE (код) тере отырып, берілген тестті онлайн режимде орындай алады, нәтижесін мұғалім көреді.
4) telegram арқылы сауалнама жасайды, whats app мессенджері арқылы кері байланыс жұмыстары жүргізіледі.
Әр түрлі платформаларды пайдалана отырып форс-мажорлық жағдайда білім беру саласында болып жатқан процестер бізге тек пайдасын тигізеді деп ойлаймын. Жаңа режимде жұмыс істеу педагогтар үшін де, балалар үшін де оңай шаруа емес, бірақ тәжірибелі ұстаздардың әдіс-тәсілдерін АКТ-ға сай келтіріп қолдану мен үшін аса қиындық туғызған жоқ. Қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшылығы – ақпараттық өркениетке көшу, оқушылардың АКТ құралдарын меңгеру және қажеттілігіне қарай қабілеттіліктерін қалыптастыру болып саналады