Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
№12 жалпы білім беру орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ибрагимова Айсулу Тугельбаевна
Қашықтан оқу форматына толық көштік.Басында әрине, қиын болды,мұғалімгеде,оқушыларғада.Бірақ,қазір оқушылар біраз төселіп қалды.Жалпы,білім саласы үшін «Bilimland»,«Дарын онлайн» секілді оқыту тиімді жақтары көп.Сонымен қатар,телеарналарда жүріп жатқан сабақтар олардың Youtube каналдарыда,сайттарыда қолжетімді.Телесабақ минуттық көрсетілімнен кейін,өз сыныбымыздағы оқушылармен жекелей жұмыс жүргіземіз.Тақырыпты түсіндіру тек телесабақ кезіндегі видеомен шектелмейді,оқушылар қолындағы оқулықтарынан тиісті материалдарды пайдаланып,тапсырмаларды өздігінен орындайды.Оқушылар тапсырмалары бойынша кері байланыс арқылы мұғалімін хабардар етеді.Оқытуға байланысты балаға осы жағдайда ата-ананың қолдауы өте қажет.Көбінесе бастауыш және орта буын оқушыларына ересектер өз тарапынан қолдау жасауы тиіс.Қашықтықтан оқытудың оңтайлы тұсына қарасақ,оқушылар көбі сыныптастары мен мұғалім алдында тақтаға шығудан тартыншақтайтын.Ал қазіргі жағдайда,олар үйде отырып,яғни өздеріне жайлы ортада білім алу кезінде бала өзін еркін ұстайды.Оқушылар алған білімдерін іс жүзінде, әртүрлі тапсырмаларды орындау кезінде қолдануға төселді.
Қазіргі кезде оқытудың түрлі формаларының,оқытудың әдіс-тәсілдерінің жаңаруы,шығармашылық бағытта еңбектенетін,ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейміз.
Ең бастысы-оқушылар білім алудан қол үзбеу керек.Алдағы күндері мына жаман індетінің беті қайтып,қалыпты өмірге ораламыз деп сенейік.Біз біргеміз!