Home » Мақалалар » Қашықтықтан білім беру

Қашықтықтан білім беру

Ургешбаева Тазагул
Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы,
Ақшұқыр ауылы
Ақшұқыр мектеп-лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі

Қазіргі XXI ғасырда ғылым мен технология жетік дамыған. Табиғат құбылыстары және оның заңдары осы күнге дейін адам баласын ойландырып, толғандырып, анықталмаған, сыры ашылмаған дүниелерге ақиқаттың түбіне бар сана-сезімімен, білімді де тәжірибелі ақыл-ой парасаттылығымен жетуі әрқашанда үлкен жетістік болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан тек білім жүйесінде де жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді.Осы уақытқа дейін қашықтықтан оқытып көрмесек те барлық мұғалімдер өздерінің істеріне білек сыбана кірісіп кеткен. Ата – анамен қарым –қатынас  құру,балаларға жетікті етіп түсіндіру,жаңа құрылғылар бойынша жетік оқу осының бәрі онлайн сабақ басталарда қиынға соғатындай көрінетін. Күннен — күнге бәрін жетік меңгеріп, біліп, көріп қашықтықтан оқудың тиімді жақтарын айтпақпын. Әрине көп айдың жүзі болмаса да, осы өткен бірнеше аптамыздың арқасында саралап мынандай тиімді жолдарын білдім.

Ұстаз тапсырмаларды беріп, оның орындалуын қарап, бағалап, кері байланыс жасап,қайтадан оқушыға жібереді.

Оқушылар бейне-сабақтарға қатысып, бағалауға байланысты жүйелерді іске қоса біледі.

Балалар өз беттерінше жұмыс жасай алады. Яғни осыдан бұрын балалар түсінбей қалған жерлерін ұстаздан сұраса, қазір бұрынғыға қарағанда өздері көбірек ізденеді.

Балалардың оқуға деген ынтасы артты. Әр түрлі теледидардан ұстаздың түсіндірген видио роликтері арқылы көріп барлығын түсініп, кері байланыс жасайды. Кері байланыс жасаған уақытта балаларға «жарайсың, өте керемет»деген сөздер оларды ынталандырады.

Сабақты оқушы кез-келген уақытта қайталап көріп, тез ұғына алады.

Ата-аналардың  сабырлығы мен балаларды қолдауы осы уақытта қажет. Үй-тірлігін бір орынға ысырып қойып, түсініп, балалрына көмекші болғандары мені қуантады. Мысалға алатын болсақ мен  екінші сынып оқушыларына сабақ беремін. Сабақ беріп қана қоймай, сынып жетекшімін. Балаларға берген тапсырманы уақытында орындатып, салғырттық жасамауына, қатесі болса түзеуіне қазіргі сәтте ата-ана жауапты. Және онлайн жиналыстарға қалмай қатысуы, барлық құрылғыны, программаларды  меңгеріп жатқаны мені қуантады. Қашықтықта оқудың тиімді жолдары осылар.

Бірақ барлығы бірдей керемет емес, осал тұстары да бар.  Осал тұстарының басты себебі-сол ғаламтордың әлсіздігі болып тұр. Дегенмен, ұстаздар үнемі тығырықтан шығатын жол іздеп жүретін адамдар.

Тапсырмалар дайындап, оларды оқушыларға мектеп еду, ватцап арқылы жіберіп, кері байланыс орната алатын мүмкіндігіміз бар.

«Біз үшін барлық сабақ орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай оқу бағдарламасы бойынша, сабақ кестесіне сәйкес, цифрлық білім беру ресурстары бойынша әдістемелік қолдаумен және мультимедиалық материалдармен қамтамасыз етіліп, ұстаздар үшін алдын ала әзірленген жоспар бойынша жүргізілгені маңызды. Бастысы, білім алу тетігі сапаға әсер етпеуі қажет,» — деген Министрдің айтқанын қолдап, расында, сапа төмендеп кетпесе екен деп уайымдадық.  Бірақ ата-аналар мен оқушылардың ынталарына қарап, уайымымыз сейілді. Бүлдіршіндерімізді сағындық. Олардың қазір алдымызда бал-бұл жайнап, бізге еркелеп сабақ оқып жүретін кездері. Бірақ бәрі артта қалатынына кәміл сенемін. Қашықтықтан білім беру ұстаздарға қиынға соқса да, қазіргі төтенше жағдайда ұстаздардың рөлі ойып орын алып отыр. Қандай қиындық болсада оқытудан шаршамаймыз, жалықпаймыз дегендей. Алдағы уақытта ұстаздардың қашықтықтан білім беруі тоқталады. Төртінші тоқсан да жақын арада аяқталмақ. Барлық бүлдіршінгерге  төртінші тоқсанды жақсы аяқтауына тілектеспін. Ұстаздарды осы жақын арада қорытындылау жұмыстары күтіп тұр. Оқушылардан тоқсандық бақылау жұмысы алынады. Сонымен төртінші тоқсанды да тәмәмдаймыз. Келесі жаңа оқу жылында бүлдіршіндерімізді қашықтықтан емес, ыстық ұя мектебімізден көріп,  білімдерін  мектептен арттырамыз деген зор үмітім бар.

Осы уақытта  барық ұстаздарға алғысымды айтамын. Әрбір оқушыға өздерінің бағаларын қойып, қайтадан кері байланыс жасап отырған сабырлықтарына алғысым шексіз. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» -деген Абай атамыз. Осы орайда ұстаз тек болашақ балаларды емес, болашақ қоғамды қалыптастырып отыр деген сөзге барлықтарыңыз қосыласыздар. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.

Барлық жер шарының тұрғындары осы індеттен тез жазылып, оқушылармен бетпе-бет жүздесуге  біз ұстаздар асықпыз!

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.