Мырзабекова Сауле Пишановна
Алматы қаласы,
№ 5 мектеп-гимназиясы
Көшбасшы ағылшын тілінен аударғанда leader – басқарушы деген мағынаны білдіреді. Көшбасышы- топтағы адамдармен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, олардың қасиеттерін анық көре алатын жан болуы тиіс. Сондықтан да оны көшбасшы етіп сайлайды. Көшбасшының ең негізгі қасиеттері алдына мақсат қойып, оған жету жолында табандылықпен күресу болып табылады.
Көшбасшылықтың беделдік формалары бар:
Харизматикалық бедел – Мықты жеке қасиеттерге негізделеді. Бұл жердегі көшбасшы харизматикалық беделділікке ие немесе ең кемі сол харизматикалық беделділіктің бар болғаны туралы сезім қалыптастырады, ол туралы әдетте «тума көшбасшы» деп айтады;
Дәстүрлі бедел – Беделдің бұл түрі қоғамда қолданылатын негізгі форма болып табылады. Ол белгілі бір дәстүрлер мен шарттаға құрметпен қарау және ол бойынша өз-өзін ұстау формаларына негізделеді. Кейде беделділіктің бұл түрі өсім мен жаңашылдыққа өзінің кері әсерін тигізеді;
Рөл мен орын беделділігі – Тұлғаның жеке бір қасиеттерімен емес, әлеуметтік ортада алатын орнымен және рөлімен анықталады. Беделділіктің бұл түрінде адамдарға берілетін билік оның алатын орны мен титулына байланысты болады. Көп уақытта көшбасшының жетістікке жетуі мен табысты болуы билікке ие болу мен басқаларды басқару қабілетіне қарай анықталады;
Құқықтық бедел – Беделділіктің ең формальды түрлерінің бірі, өйткені ол белгілі бір ережелер шеңберіне негізделеді;
Біліктілік беделділігі – Оның негізі ретінде басқарушының тәжірибесі, білімі мен ерекше қабілеттіктері қарастырылады.
Көшбасшы жұмысы үш бағыт бойынша жүруі тиіс:
- Тапсырма қажеттілігі– негізгі мақсаттың орындалуын қамтамасыз ету;
- Топ қажеттіліктері– топты белгілі бір тапсырманы орындау үшін құру, сақтау мен ынталандыру, топтық жұмысты марапаттау;
- Жеке қажеттіліктер– әрқайсысының жеке қажеттіліктерін анықтау және олардың арасындағы татулықты сақтау;
Міне, осы үш бағыттың тікелей топқа қатыстығын айқын көруге болады. Ол топты дауыс көтеріп немесе күшпен ұстап отыра алмайды. Олармен тығыз қарым-қатынас орнатып, адамгершілік турасында мәміле болса олардың топтық жұмыстары алға басады.
Қазіргі таңда көптеген спорттық жарыстарға барамыз. Әсіресе спорттық ойындардың топпен жұмыс болатыны белгілі. Егер топтағы оқушыларым көшбасшыға бағынып, жаттығу залында өзімізді дайындасақ жеңіспен оралатынымызды білеміз. Соның арқасында талайдың ішінен оқушыларым оза шықты. Оны көрген ұстаздың мерейі үстем болмақ.
Атап айтар болсам, аудандық жарыстардан алғашқы орындарды тізгіндесе, «гандбол» ойынынан Алматы қалалық жарыстан қанжығалы 2 орынды місе тұттық.
Жетістіктеріміздің барлығы оқушылардың дайындыққа үзбей келіп шыңдалуынан. Сондай-ақ топтық жұмыстың жүйелі жүргізілуінен болатынына көзім анық жетті.