Мырзабекова Сауле Пишановна
Алматы қаласы,
№5 мектеп-гимназиясы
Ойын – оқу үрдісіндегі оқудың формасы және әдісі ретінде қарастырылады. Сабақ беруде ұстаздың оқушылармен бір-бірін толықтай түсіне алатын уақыты және сол арқылы ой-өрісін дамытуы. Қазіргі таңда оқушыларды жаңа дүниелермен қуантып, сабаққа деген құлшынысын арттырасың. Сонымен қатар ойын арқылы бала санасында физиологиялық және психологиялық дамулар орын алады. Оны ғылымның өзі дәлелдеді.
А. С Макаренко «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Бала болашағы үшін ойынның маңыздылығының қаншалықты зор екендігін түсіндіру керек. Дене шынықтыратын және миды жаттықтыратын түрлі ойын түрлері бар.
Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді. Сабақта түрлі ойын түрлерін пайдалану қажет. Ойын түрлері оқушының қабілетін арттырумен бірге сабаққа белсенділігін, қызығушылығын оятып, ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілетін дамытады.
Ойынсыз ақыл — ой қалыпты дамымайды. Ойын арқылы баланың рухани байлығы өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік қалыптасады. Соған орай әрекет ете бастайды. Әркімнің өз тілі болатыны секілді, оқушыға да сол тілде оқыту қажет. Ойындар — тек денені ғана емес, ойды да жаттықтырушы.
В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтқанда, «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ». Бала білімін жетілдіру үшін педагогикалық сала да таптырмас әдістердің бірі де, бірегейі.
М. Жұмабаев ойын арқылы баланың қабілетін дамытудың мынадай жолдарын көрсеткен:
1.Баланың жанында дұрыс әсерленулер ( көрнекіліктер) көп болуына ыждаһат ету керек. Бала айтатын ойын суреттен шығарып алсын.
2.Көрнекіліктегі заттарды, көріністерді, ойынның мазмұнын топ- топқа бөліп, жеңілден ауырға қарай үйрету;
- Бала көрнекіліктегі, сонымен қатар ойындағысын айтып үйренсін
Қорыта айтқанда, баланың жетістікке жетіп, биік белестерді бағындыруы ұстаздарға тікелей байланысты болмақ. Балалар біздің болашағымыз!