Маңғыстау обл.
Мұнайлы ауданы.
Атамекен ауылы
.12 «Жалпы білім беру КММ» мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі Чыгырбаева Жанымай Жалғасбаевна
Мен Чыгырбаева Жанымай Жалғасбаевна. Мұнайлы ауданы 12 «Жалпы білім беру КММ» мектебінде бастауыш сынып мұғалімімім. Қазіргі таңда сабақ қашықтықтан оқу процессі жүріп жатыр. Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты. 4 тоқсан басталмай тұрып, қатты ойда болдым, қалай болар екенін. Сабақты баларға қалай жеткізем деген ой мазалады және қорқыныш сезім болды. Балаларды зум программасымен, ватцаппен, күнделікті көктем демалысында үйретейін, сабаққа дайындығын онлайн мен көрейін деген ой туындады. Себебі сабақ 6 Сәуірде басталғанда, оқушыларым, ата-аналарым, қиналып қалмасын, барлығының жағдайы барма, қалай сабақ өткен ыңғайлы екендігін ойладым. Мен жұмысқа кірісіп кеттім. Күнделікті күніне 2 рет зум арқылы оқушыларыммен сөйлесіп отырдым, сынып сағат өткізіп, тазалыққа, сабырлылыққа, үйден шықпауға кеңес бердім. Ата-аналарыммен зум арқылы, пікірлерін тыңдап, ата-аналар жиналысын өткіздім.
Уақыт өте келе, сабақ басталатын кез келді. Ата-аналырымның жағдайына, ыңғайына байланысты, ватцап арқылы сабақ өтіп жүргіздім. Алғашқы аптада сәл онлайн сабаққа бейімделу болды. Екінші аптадан бастап бәрі ойдағыдай өтті. Теледидардан Балапан телеарнасынан күнделікті сабақты тыңдап, жоспар бойынша оқулықтағы тарсырманы орындап, сабақ өтіп жатырмыз. Оқушылармен кері байланыс өткізіліп жатыр. Түсіндірме жұмысы жүріп жатыр. Ауызша тапсырмаларды, оқушылар видео арқылы кері байланыс жіберіп отыр. Ешкандай қиындық туып жатқан жоқ. Еліміз тыныш, отбасымыз аман болсын. Үйде болайық, үйден шықпайық, біз біргеміз, деп күнделікті сабағымызды өткізіп жатырмыз.