Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
№6 Жалпы білім беру орта мектебінің I санатты Бастауыш сынып
мұғалімі Карымсакова Айкенже Дюсембаевна
Бүкіл әлемді жайлаған індет,біздің елімізге де жетті.Бұл келген жағдай кім кімді де есенгіретпей қоймады.Барлық жұмыс атаулысы жабылып,қиындық тудырды.Әдетте адам баласының басынан өтпеген қиын қыстау кез болған ба? Барлығына да төтеп беріп,өз дегендерімен өмір сүріп жатыр емес пе? Жабылған кәсіптер,карантинге қойылған нысандар барлығы дерлік ұрандап,біргеміз,үйдеміз деп,шама шарқы жеткенше бір –бірлеріне қолдау көрсетуде.Әрине,олар үшін де қиын.Ал білім саласына келер болсақ,ол да үлкен жауапкершілікті қалайды.Осыған орай елімізде төтенше жағдай жарияланып,оқушылар демалысқа ерте шығарылды.Сондай-ақ,мұғалімге жүктелген міндет те, оңай болмады. Өйткені, төртінші тоқсан қашықтықтан оқытумен басталатын болды.Әрине,ол ата-анаға да,оқушыға да жеңіл соқпасы белгілі.Бірақ мұғалім әр оқушымен,ата-анамен түсінік жұмыстарын жүргізіп,бірлесіп жұмыс жасауға бағыт –бағдар берді.Бұл төтенше жағдайға байланысты оқытудың жоғалмас қымбат уақыты деп білемін.Әлеуметтік желімен жұмыс жасау әр адам үшін қиынға соғады,десек те үйренген адамға бәрі оңай.Қашықтықтан оқудың ең тиімді жолы watsaap желісі,ол үшін де мұғаліммен оқушы тығыз байланысты қажет етеді.Дегенмен де бір отбасында екі-үш баладан болса,оқудың өзі жеңіл емес.Бірақ,ата-аналар да түсіністікпен қарап,үлгергенше дайындап сабақ уақытынан қалдырмай жіберуде.Бастамасы қиын соқты,бірақ мұғалім кері байланыс жасап,өз сабақтарына тиісті қызықты деректер жіберіп,оқушы ынтасын арттыра түсті.Оқушылардың қызығушылығын оятып,сабаққа деген талпынысы да жақсарды.Әдетте апайың айтпады ма,деп дүрсе қоя беретін,ата-ана да мұғалімнің қадірін түсінгендей.Әр адам өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен орындаса,ата-анаға да,оқушыға да,мұғалімге де жеңіл болары белгілі.Ойлансақ,мұндай жағдай да жұмыс жасау қиын,әрі қызық. Күн ұзақ смартфонға таңылып отырудың өзі қандай.Сондай-ақ оқушылар көп уақытын үйде өткізіп жатыр,соған орай олар әртүрлі іс-шаралармен де айналысып отыр.Айтар болсақ,тұқым себу,егін баптау,кітап оқу,сурет салу ата-анамен бірлесіп ортақ іспен айналысу.Қашықтықтан әртүрлі сайыстарға жарыса қатысып,қолдарынан келгендерін көрсетуде.Бұл оқушылардың үйде бос жатпағанын білдіреді.Бірақ бұл күндер де өтер:«Мен ешуақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін,тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын.»Альберт Эйнштейн айтқандай.Бұл жағдайда мен ата-аналарыма шексіз ризамын.Өйткені, олар өз түсінгендерін балаларына үйретіп,мұғалімге қолдау көрсетіп жатыр.Әрине,мұғалім дамып,өсіп келе жатқан ұрапқпен жұмыс жасайды.Сол жас жеткеншек ел болашағы,сондықтан жаңа заман талабына сай оқу керек.Бұл да бір өткінші,уақытша нәрсе деп түсінемін.Бәрі де артта қалады.Қиындықты бірлессе ғана жеңіл болады деген бар емес пе? Бірлік түбі береке,әр күніміз болсын мереке.Біз әрқашан біргеміз!