«Алматы қаласы Білім басқармасының Алатау аудандық Білім бөліміне қарасты 156 жалпы білім беретін мектепте тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Мустафинова Г.С., Оразалиева Э.Н., және аға тәлімгер: Сейткасымова М.Н., ұйымдастыруымен “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” жүзеге асыру аясында 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Ұлттар достығы — таусылмас қазына» тақырыбында фестиваль өткізілді.
Балаларға 1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға үлес қосатың азамат болуға тәрбиелеу, балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту мақсатында ұйымдастырылған шараға оқушылар белсене қатысты.
Оқушылар әр халық туралы жан-жақты мағлұматтар дайындап, ұлттық киімдерін киіп, халық әндерін нақышына келтіріп орындап, ұлттық билерін билеп, тарихы, мәдениетіне тоқталды. Сонымен қатар әр халықтың салт-дәстүрлерін көрсетіп, әдет-ғұрыптарына байланысты сахналық қойылымдар көрсетілді.
Оқушылар өздері дайындап келген ұлттардың ұлттық тағамдарымен таныстырып, қалай дайындалатындығына тоқталып, өздерінің тағам дайындауға деген қызығушылықтарын көрсете білді.
Фестиваль қорытындысы бойынша белсенді қатысқан сыныптарға алғыс хаттар беріліп, марапатталды.
№156 жалпы білім беретін мектеп
директорының оқу ісі жөніндегі
орынбасары Тулегенова Диана Саятқызы