Алматы қаласы, Түрксіб ауданы,
№15 бөбекжай-балабақшасында
1 – Мамыр халықтар достығы күніне арналған «Бейбітшілік – ел тілегі» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шарада Түрксіб аудандық балабақшаларының меңгерушілері және ата-аналар қонақ болды.
Іс-шара балабақша меңгерушісі Дусалиева Айман Бейсеновнаның алғы сөзімен басталды.
Байлықтың ең үлкені — халықтар достығы екені хақ. Бүлдіршіндер мерекелік іс-шараға әр ұлттың ұлттық киімдерімен,
ұлттық салт дәстүрімен келген екен. Іс-шара барысында “Көгершін” тобы — өзбек ұлтының биін, “Аққу” тобы — кәріс ұлтының биін, сонымен қатар “Сұңқар” тобының — Ұлттар достығы папуриін тамашаладық. “Бұлбұл” тобы — татар ұлтының ұлттық тағамдарымен таныстырды. Мерекелік шара барысында ұлттық ойындарымыз да ұмыт болмады.
“Қарлығаш” тобы — ұлттық ойыны «Алтыбақанды» көрсетсе, “Бүркіт” тобы — орыс ұлтының әнін шырқап, көрермен қошеметіне бөленді.
Мерекелік кеш «Біз бақытты баламыз» хорымен тәмамдалды. Іс-шара соңында ата-аналар үшін “ашық микрофон” айдары өтті.
Ата-аналар балабақша меңгерушісі мен тәрбиешілерге ризашылықтарын білдіріп, өз алғыстарын айтты.
«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек. Бірлігіміз нығайып, ынтымақтастықта өмір сүрейік. Мереке құтты болсын!
«BILIM AINASY»,
Алматы қаласынан,
Ақерке Аманқызы