Мұнайлы ауданы
Маңғыстау облысы
«№12 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Көркем еңбек пәні мұғалімі Кушмаганбетов Бекзат Каракаевич
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 6 сәуірден бастап жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкені баршамызға белгілі. Мемлекетіміздегі білім беру саласындағы бұл өзгеріс әлемде орын алған коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген болатын.
Бүгінде қашықтықтан оқыту жүйесінің енгеніне үш аптадан астам уақыт өтті. Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты, колледждер, жоғары оқу орындары да қашықтықтан білім беруге көшіп кетті. Бірақ бүгінгі таңда бұл жаңашылдыққа ата-аналардың пікірі сан түрлі. Бірі бұл жүйені қолдаса, екіншілері кері пікір білдіруде. Әлем елдерінің барлығы сандық жүйеге көшіп жатқанда, қашықтықтан оқытудың біздің елдің білім алушылары үшін де берері көп деп ойлаймыз.
Бүгінде тек Bilimland электронды оқыту жүйесі ғана емес, оқушылардың Kundelik.kz mektep.edu.kz онлайн-мониторинг құралы, Daryn.Online жаңа ғасырдың жаңа форматта білім беретін платформасы, Google Classroom оқытуды басқару жүйесі, Zoom жүйелері арқылы оқушылардың білім алуларына жағдай жасалынған. Әр жүйенің өзіндік талаптары, ерекшеліктері бар. Мәселен, Daryn.Online арқылы еліміздегі білікті ұстаздардан білім алуға мүмкіндік жасалған. Сондықтан оқимын деген жандарға қашанда жол ашық, мүмкіндіктер көп.
Сөз соңында, өзінің ұлағатты сөздерінің бірінде орыстың педагогтарының бірі К.Д.Ушинский заман талабына сай, әрбір ұстаз өз білімі мен біліктілігін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды күнделікті білім беру барысында қолданса, өткізілетін сабақтың тиімді, қонымды болатындығын айтқан болатын. Сондықтан жаңа форматтағы қашықтықтан оқыту жүйесі тек ұстаздар қауымы үшін ғана емес, ата-аналар мен оқушыларға да пайдасы бар. Еліміздің алдағы уақытта өркениетті мемлекеттер қатарынан көрінуі, білімді әрі білгір ұрпақты тәрбиелеу заман талабына сай білім алудан, жаңашылдықтан бастау алатынын айтқымыз келеді.