Жирентаева Г.Н.
Жамбыл облысы, Тараз қ.
№31 «Бөбекжай» балабақшасы
Білім саласы:Қатынас,таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Сөйлеуді дамыту,құрастыру
Тақырыбы:Жыл басына таласқан хайуанаттар
Мақсаты :Балаларға он екі жыл атаулары туралы түсіндіру.Балаларды достыққа,бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Суретер,плакаттар,үнтаспа
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын түрлері.
Мотивациялық қозғаушы кезең.
Тәрбиешінің іс-әрекеті :
Шаттық шеңбері.
Балалармен бірге қайталайды.
Қуан,шаттан,алақай,
Қуанатын күн бүгін
.Қайырлы таң,қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін.
-Бүгін біздің оқу іс-әрекетімізге көптеген қонақтар келді.
Барлығымыз амандсайық.
Балалардың іс-әрекеті :
Арайлап атқан таңға сәлем!Жылуын шашқан күнге сәлем!Жайнап өскен бізге сәлем!Білім беріп тәрбиелеген,Апайларым сіздерге сәлем!
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Іздену ұйымдастырушылық кезеңі.
Өткен оқу іс-әрекетіне ой қозғау.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі екен?
-Қыс мезгілінің айларын атаңдаршы?
-Желтоқсан айында қандай мерекелер бар?
-Дұрыс,жарайсыңдар.
Тәрбиеші іс-әрекеті.Балаларға ертегі еліне саяхат жасайтындарын айтады.Дидактикалық ойын: «Ойлан тап», «Қызыл телпек», «Бауырсақ», «Күлше қыз» , «Алтын балық», «Алма».
Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы:
«Жыл басына таласқн хайуанаттар»
Тәрбиеші ертегіні бастайды.
Балалар біз бүгін жыл басына таласқан хайуанаттар туралы ертегіні бірге бәріміз сомдайық.
Ең ерте заманда хайуанаттар жылдың басы болуға таласыпты.
Қоян-Айару:Қандай аппақ қоянмын жазда сұрға бояндым.Жылды өзім бастайтын болып, тәтті ұйқымнан ояндым.Жыл басы тек мен боламын.
Сиыр айтады:Махамбет-Адам егін ексе,менімен егеді,сүтімді ішеді,құрт май істейді.Жыл басы болу маған лайық.
Барыс-Адина-ЫРР Ыррр барыспын.Бәріңе де таныспын,айналама силымын,күшіме мен сенемін,бәріңдіде жеңемін,жыл басы болуға мен лайықпын.
Ұлу-Асылай Ұлу деген мықтымын,жарқын-жарқын шықты ұнім,үйім бірге өзіммен сабыр етем сөзімнен .Жыл басы мен боламын.
Жылан-Алихан Жыл басына лайық жыланмын,күштімін жылдам десе жылдаммын .Шығады деп бекер жала жабады,адамды мен умен емдей аламын.Жыл басы мен боламын.
Жылқы –Данияр-Мен алысты жақын қыламын.Күшімді көреді,сүтімді ішеді,қылыма шейін арқан,жіп еседі.Адамға менен пайдалы мал жоқ,жыл ағасы мен боламын,-дейді.
Қой-Айша-Мен болмасам ,қазақ үйін немен жабап еді.Жүнімді алып,киіз басады,жабағымнан киім тігеді,арқан ,жіп еседі.Сүтімнен құрт-май алады ,шаруаға менен пайдаларың жоқ.
Маймыл-Еркеайым-Әй,достарым дауды қойыңдар,бәрімізде жыл басы болуға лайықпыз,өте жылдам шапшаң мемен таласпаңдар,бәрібір бола алмайсыңдар мен ғана лайықпын.
Тауық-Н.Раяна-Мен болмасам,кісі ерте жұмысына бармай,ұйықтап қалар еді.Мен ерте тұрып,таң атты деп шақырып,хабар айтамын.Кеш болса,жатар мезгіл болды деп,тағы шақырамын.
Ит-Араби-Мен болмасам,сендердің көбіңді не ұрлап,не қасқыр жеп тауысар еді.Мен сендердің баршаларыңның бақташысымын,дұшпан көрінсе,үріп,абалап,иеме хабар етемін.
Доңыз-Төреали Қорс-қорс етемін.Қорсылдақпын ол рас,жыл басы мен болмасам сонда өзі кім болмақ тамақтыда талғамай жей беремін хрю-хрю
Түйе-Еркеназ-Сен адамның жұмысын қылсаң,сұлы ,көп асайтын тамағың үшін құл болдың,міне,мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын.Аш болдым деп,арпа,сұлы сұрамаймын.Көде болса,көде жусан болса,жусан не кез келсе,соны қорек етіп,табылса су ішіп,табылмаса,шөлде де жолға жүре беремін.Жыл басы болу маған ғана лайық.
Тышқан-Жандос
Не айтарын білмей тұрады да бір түрлі қулық ойлап,жиылған көпке айтады:
-Бұл таластан еш нәрсе өнбес,жылды қарап тұралық та кім бұрын көрсе,сол жыл басы болсын.
Өзгелері қарап тұрғанда,түйе өзінің бойына сеніп: «Менен бұрын кім көреді?»,-деп,тышқанның сөзін қостайды.Бөрі қарасып тұрады.Біраздан соң тышқан жорғалап,түйенің өркешіне шығып отырады.Көп хайуан таласып: «Біз көреміз,біз көреміз»,-деп тұрғанда,ең биікте отырған тышқанды көріп,еш нәрсе демепті.
Тышқан:Жыл келді,жыл келді!
Күннің шыққанын мен көрдім
Жыл басы мен боламын!
Тәрбиеші-Осылайша күнді бәрінен бұрын тышқан көріп,жыл басы болған екен.
Тышқан деген батырдың
Таңды көзбен атырды
Төбесінен түйенің
Жылды көріп қатырды
Барлығың да қараңдар,
Енді үйге тараңдар,
Жылды көрген тышқанды
Жыл басы деп санаңдар!
Тышқаннан кейін сиыр,барыс,қоян,ұлу жылан,жылқы,қой,мешін,тауық,ит,доңыз көрген екен.Ал түйе болса аузы ашылып таңырқап ештеңе түсінбей қала береді.Сөйтіп жыл атауларынан құр қалыпты.
Жан-жануарлар достық пен сыйластықты ,ақылдылықты,тапқырлықты мойындап әнге қосып,би билеп,жаңа жылды тойлаған екен.
«Түйе бойына сеніп,жылдан құр қалды»-деген сөз осыдан қалған екен.Осыдан бастап жыл аттары 12 атпен аталыпты.12 жыл 1 мүшел.
Үй жануарларына байланысты мақал-мәтелдер айту.
Ғажайып сәт
Тышқан қонаққа келеді.
-Сәлеметсіңдерме,мен жыл басы тышқанмын.Сендерге қонаққа келдім.Жыл басы мен боламын.Мен құр қол келген жоқпын менің сендерге тапсырмаларым бар.
1.Жұмбақ шешу
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі
Ащы шөптер тамағы,
Шөлде шыдап бағады.(Түйе)
2.Есек құлақты,
Мысық аяқты,
Түйе ерінді,
Ешкі құйрықты.(Қоян)
2.Мақал-мәтел
1.Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл көсір.
2.жылқыда өт жоқ,
Құста сүт жоқ.
3.Малды жақсы баққаның
Өзіңе абырой тапқаның.
Малды жаман баққаның
Келген бақты қаққаның.
3.Менің суретімді құрастыру
Сергіту сәті:
Тышқанмен би,ойын «Ірімшік»
Рефлекстік түзету кезеңі.
-Бүгінгі оқу іс-әрекетінде қандай ертегімен таныстық?
-Сонымен балалар ертегі сендерге ұнады ма?
-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не өттік?
-Жарайсыңдар,барлығың да жақсы қатыстыңдар.
Бүгінгі оқу іс-әректіміз аяқталды,апайларға сау болыңыз айтамыз.
(Тышқан балаларға ірімшік таратады)
Күтілетін нәтиже:Білуі тиіс:Жыл аттарын білу керек.
Үйрену керек:Ертегіні кейіптендіру,кейіакердің жүрісіндегі,қимылындағы,дауысындағы ерекшелікті білу.