Байхадамова Баян Ерпайызқызы
Жамбыл облысы
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институтының аға оқытушысы
Бұл не?
Оны қалай қолданамыз?
Дифференциация бұл ДЕҢГЕЙЛІК тапсырма ЕМЕС. Бір сабақтың үстінде 40 түрлі тапсырма емес бір тапсырманы 40 түрлі етіп беретін кез келді
Сол үшін мақалада теорияға тоқталмаймын. Себебі, курс барысында саралаудың теориясы мен тәжірибесіне тоқталып өтеміз. Мақалада қысқа әрі қарапайым, жалпы білім беретін мектептің барлық пән мұғалімдеріне түсінікті тілде ұсынамын .
Барлық сыныпқа ортақ бір БІРДЕЙ тапсырманы ақпаратты қабылдау ҚАБІЛЕТІНЕ қарай БЕЙІМДЕП беру. Бұл дифференциацияның БАСТЫ ШАРТТАРЫНЫҢ БІРІ.
Қолдану бойынша нұсқаулық:
Сыныбыңыздың әлеуетін зерттеңіз.Алғашқыда оқушыларды ең қарапайым ақпаратты қабылдау қабілетіне қарай 3 топқа бөліп алыңыз:
— Аудиал
— Визуал
— Кинестетик
Сәл кейіндеу оқушыларды:
— Қызығушылығына
— Жылдамдығына (тапсырманы орындау уақытына)
— Ынтасына
— Гендрлік психофизикасына (аса жауапты саралаулардың бірі)
Қолдауды қажет ететіндігі/етпейтіндігіне қарай топтастыруға, жұптастыруға болады. — ЖӘНЕ өз бетінше жұмыс істей алу қабілеттеріне қарай жеке жұмыстарды/жобаларды дайындау ұсынылады.
Осы және бұдан да басқа ерекшеліктерді ескере отырып дайындалған тапсырманы сұранысқа қарай бейімдеу қажет.
Саралау үдерісінде:
Барлық оқушыларға бірдей тапсырма беріледі, бірақ мұғалім олардың АЛДЫҢҒЫ білімі мен тәжірибесін ескере отырып, оқушыдан ДЕҢГЕЙІНЕ сай нәтиже күтеді.
Барлық оқушыларға бірдей тапсырма беріледі, бірақ мұғалім олардың ЖЫЛДАМДЫҒЫН ескеріп тапсырманы орындау уақытын түрлі етіп береді.
Барлық оқушыларға бірдей тапсырма беріледі, бірақ оқушыларға көрсетілетін ҚОЛДАУ олардың ДЕҢГЕЙІНЕ / ҚАБІЛЕТІНЕ сәйкес ӘР ТҮРЛІ болады. Тапсырма беруде топтың немесе жекелеген оқушылардың ӘЛЕУЕТІ ескеріледі.Тапсырма ортақ, бірақ РЕСУРСТАР әртүрлі.
Топтастыру процесі – нәтижеге жеткізудің құралы яғни оқушылар ортақ тапсырманы орындайды, бірақ әркімнің өз рөлі бар (бұл барлық оқушының өз мүмкіндігін көрсетуіне жол ашады).
Мұғалім сұрақтарды оқушы деңгейіне қарай саралайды (түсіну, білуден бағалауға дейін).Сыныптағы оқушыларға үй тапсырмасы беріледі, ал кейбір оқушыларға сынып жұмысын аяқтап келу тапсырылады және т.б.
Дифференциация (саралау) білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында неге өзекті?Қысқа да нұсқа айтатын болсақ оқушылардың МЕТАСАНАСЫН дамыту. Оқу процесін «қажеттен» «өте қызық» деңгейіне жеткізу. «Бұл сендерге қажеттен» оқушыға «бұл маған қажетке» жетелеу.
Төменде саралау тапсырмаларын ұсындым.
Әдебиет пәні бойынша, тапсырма барлық оқушыға бірдей беріледі.Осы қағиданы естем шығармағаны абзал.
Тапсырма
Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттаңдар.
Қолдауды көп қажет ететін оқушыға көмек ретінде дайын ұсынылады. тек оқушы «сәйкестендіру әдісі» арқылы сөйлемдер мен тіркес сөздерге тиісті қасиеттерді сәйкестендіреді.
Қолдауды орташа қажет ететін оқушыға қасиеттер ұсынылмайды, өздері тауып жазады.
Қолдауды мүлдем қажет етпейтін оқушы тапсырманы өз бетінше орындайды.