Home » Мақалалар » «Жаңа форматтағы білім»

«Жаңа форматтағы білім»

Бердибаева Алия Максимқызы
Мұнайлы ауданы,
Бесшоқы  тұрғын  үй массиві

№8 жалпы  білім беру орта мектебінің
бастауыш  сынып мұғалімі.

Қазақстан халқы 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режиміне көшті. Осыған байланысты мектептер өз жұмысын тоқтатып,үшінші тоқсанның демалысына бір апта ерте шығып, төртінші тоқсанның сабақтарын қашықтықтан оқытуға көшті.

 Қашықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы оқытуды басқара отырып, оқушылардың өз бетімен білім алуына мүмкіндік жасау.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлының бұйрығы негізінде 3-сәуір күні бүкіл Қазақстан мектептері сынама сабақты өтіп шықты. Бұл сынама сабақта  мақсаты оқушыларға да, ұстазға да тиімді жолдарды таңдау болатын.Бірден бәріде оңай шешіле қойған жоқ. Алғашқы  кезде мұғалім тарапынан да, оқушылар тарапынан да қиындықтар кездесті. Атап айтар болсам  интернет жылдамдығының аздығы, бір үйде бірнеше баланың бір смартфонда тапсырмаларды орындауы , тек  смартфонның ата-анада, олардың жұмыста болуы әрине, қиындық туғызды.Осы мақсатта, Мұнайлы ауданы,Бесшоқы ауылы №8 жалпы  білім беру орта мектепте  де төтенше жағдай кезеңінде қашықтықтан  білім беруге көшіп, өскелең ұрпаққа үздіксіз білім беруді қамтамасыз етуде жүйелі де жоспарлы іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектеп басшысы Кенжебекова Д.Т   және мектеп әкімшілігі мен  пән мұғалімдері,сынып жетекшілері ақылдаса келе, WhatsApp желісінде Асхат Қанатұлының бұйрығын басшылыққа ала отырып, кедергілер мен қиындықтардың шешу жолдарын қарастырды. Материалдық жағдайлары төмен отбасына және  педагогтарға  мектептегі компьютерлерді уақытша пайдалануға берілді. Сондай-ақ мектебіміздің әлеуметтік педагогы Айтбекова Г.Е бастауымен бірнеше әлеуметтік жағдайы төмен көп балалы отбасы балаларына демеуші мекемелер және жеке тұлғалардың көмегімен ұялы телефондар табысталды.Осылай кедергілерден біртіндеп шыға бастадық.

Қазіргі таңда қашықтықтан оқытудың төртінші аптасы жүгізілуде,бұл ерекше оқу түрінің де нәтижесін байқаудамыз. Бұл тек  мұғалімге ғана емес, білім алушылар мен оны үйде қадағалап отырған ата-анасы үшін де үлкен сабақ болды. Мұғалімдер арасында жаңа ақпараттық технологияны менгеру жас мамандарға көп қиындық тудырмайды. Оқушыларымыз да ата-аналардың көмегімен смартфондарды, компьютерлердегі  қажетті  ақпараттарды тез игеріп алады. Қазіргі таңда мектеп оқушылары 1-11 сынып оқушылары үшін «Balapan» арнасында өтетін бейнесабақты тамашалайды. Сонымен қатар, мұғалім мен оқушы  mektep edu, zoom, Google classroom  платформаларында, wattsapp, telegram  желілерінде онлайн кездесіп, білімін пысықтайды.

Қорыта келгенде, қашықтықтан оқыту әрбір мұғалімнің біліктілігін көтереді. Оқушылардың өз бетімен білім алуын қалыптастырады.Үштік одақты яғни мұғалім,ата-ана,оқушы  арасындағы байланысты нығайтты.Еліміз үшін бұл да бір жаңа белес, жаңа шың деп білемін!

БІЗ БІРГЕМІЗ!!! БІЗ БӘРІН ЖЕҢЕМІЗ!!!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.