Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
МКҚК №8 «Ақбөбек» бөбекжай – бақшасының
тәрбиешісі:Умарова Роза Шамуратовна
Тақырыбы:«Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы»
Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата — бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.
Барысы:Әнұран орындалады.
Жүргізуші:
— Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен кішкентай бүлдіршіндер! Ересек тобының дайындаған «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» атты концерттік бағдарламаға қош келдіңіздер! Биыл еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздік алғанымызға 28 жыл толып отыр.
— Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген, мереке құтты болсын!
Болашағы жайнаған бақ тұғыры
Бұлда болса қазақтың мықтылығы
Еркіндік тәуелсіздік аңсаған ел
28жылға қыр асып шықты міне
Егемендік -ел бақыты,ертеңі,
О,халайық құтты болсын қуаныш. .
Келесі кезекті тақпақтарға береміз
Аида:
Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман,жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан-елім менің.
Камшат:
Осындай еркіндікті ел тілесін
Бақыт құсы бағымызға еркін келсін
Ал енді Тәуелсіздік құтты болсын
Көк байрақ мәңгі-бақи желбіресін.
Бекжан:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына…
Сұлтан:
Қазақ елім…
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсын жұлдызыңның жарығын
Туған күнің құтты болсын,алыбым.
Алинұр;
Тапталмасын деп қазақтың кек,ары
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Топты бастап шықты Ләззат алаңға
Толған еді 16ға не бәрі.
Марьям;
Қуан бүгін,қуан халқым,шынында
Ақтарылсын ағыл-тегіл жырымда
Бір құдайдан бірлік қана тілеймін
Бүгінгі мынау тәуелсіздік таңында.
Жүргізуші:
Бабамның да арманы осы еді ғой аңсаған
Тәуелсіздік таңдары-бақ береді баршаға
Көк туымды қолыма бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма,менің Қазақстаным.
Келесі кезек би « Алға Қазақстан »орындаушылар Айгөлек ересектер тобы
Жүргізуші
Ұраның да жасасын! Құраның да жасасын!
Қасиет кие дарыған, ұланың да жасасын!
Қанатынанқайрылып, қыларқаннанмайрылып,
Қонақтәуелсіздіктен, қалакөрмеайрылып.
Құттыболсынтәуелсіздікмейрамы,
Оләркімгебейбітөмірсыйлады.
Аңсаған сан ғасырлықарманболып,
Қолжеткізгеншындықжырынжырлады.
Ән;Тәуелсіз ел ұраны
Жүргізуші:
— 1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова және тағы басқа апаларымыз бен ағаларымыз қатысты. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан еді.
Олай болса назарымызды экранға аударамыз.
Жүргізуші
Бүгін Тәуелсіз ел деп Отанымыздың жасампаз болуын ана тіліміздің киелі болуын,тарихымыздың жүйелі болуын ұлықтаймыз.Біз бүгін тәуелсіз ел деп ұлының ұлағатты,қызының инабатты,халқының салауатты болуына барлық мүмкіндіктерді жолдайтын мемлекетімізді мақтан етеміз.Ендеше,Тәуелсіздік -біздің бас ұранымыз.Көгілдір туымыз-біздің болашақ бағымыз,нұрлы таңымыз.
.Келесі кезекті тақпақтарға береміз.
Ибрахим:
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен – тек,
Елдің ашық қабағы.
Нұрайым:
Елдігімнің реңі,
Теңдігімнің тірегі,
Мүддесінен халықтың,
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым – арай таңым!
Ақторғын:
Елтаңбасы елімнің,
Неткен айбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада – аспан әлемі.
Нұртас:
Сенен қуат, нәр алам.
Мақтан етем белдеріңді,
Мөлдіреген көздерің.
Данияр:
Бізбен бірге бар әлем,
Қуанады балаша,
Қуанышқа бөленген,
Өмір қандай тамаша.
Аниса:
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман қыраны.
Жалауы бұл халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.
Жүргізуші
-Енді еліміздің тәуелсіздік шежіресін тыңдайық.
-1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады.
-1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздері қабылданды.Қазан айында тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа самғады.
-1993 жылы 15 қазанда ұлттық валюта – төл теңгеміз дүниеге келді, ол өмірдегі елеулі жаңалық, айтулы оқиға болды.
— 1995 жылы 30 — тамызда Ата заң қабылданды. Заң 2001 жылдың 5 қыркүйегінде күшіне енді. Сөйтіп, жаңа Конституциямен еліміздің жаңа тарихы бастау алды.
— Ия, достар, алғаш рет 1 — желтоқсан Президент күні деп жарияланды.
Би «Қазақ жігіттері»
Жүргізуші:
— Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға — әпкелеріміздің арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.Ендеше, осындай бейбіт елде ата- ана,бауырларымызбен тамаша өмір сүрейік!
Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың,
Отан үшін табандары тозбады.
Келесі кезекті таппақтарға береміз:
Эльдар:
Отан – туған үйіміз,
Отан – туған жеріміз.
Отан – ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Бақдаулет:
Отан – жерім, Отан – суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан – ұран, Отан – туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Жадыра:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Ибрахим:
Отан – елдің анасы
Отан – жердің анасы
Бақытты ғой, дәл мендей
Тәуелсіз ел баласы?!
Айсултан:
Әнұраны елімнің,
Шақырады бірлікке
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.
Рахымжан:
Елтаңбасы елімнің
Неткен айбат әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада-аспан әлемі
Әнуар
Құт береке шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Дарын
Отан — деген атамекен
Отан — деген туған жер
Отан-ана,Отан-үлкен
Қазақстан туған ел.
Жүргізуші
Қазақ елім.Туды жастық дәуірің
Алғандайсын жұлдызыңның жарығын
Тәуелсіздік құтты болсын,қымбаттым
Тәуелсіздік құтты болсын алыбым…
Хор «Қазақстаным»
Жүргізуші
Осындай еркіндікті ел тілесін
Бақыт құсы бағымызға еркін келсін
Ал,енді Тәуелсіздік құтты болсын
Көк байрақ мәңгі -бақи желбіресін.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,халқымыздың еңсесі жоғары ,егемендігіміз баянды болсын.
Хор «Көк тудың желбірегені»
Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Желтоқсан-тәуелсіздіктіңбастауы»атты концерттік бағдарламамыз аяқталды.
Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.Сау болыңыздар.