Home » Мақалалар » Қашықтан  оқыту кезінде өзіндік жұмыстар өткізу

Қашықтан  оқыту кезінде өзіндік жұмыстар өткізу

Нұр-Сұлтан қаласы
Әлихан Бөкейхан атындағы
76 мектеп-лицейдің бастауыш сынып
мұғалімі Саирова Бейбиткул Бияхметовна

       Білім алу – адам өмірінің ең басты қажеттілік. Білім арқылы оқушының дүниетанымы дамиды, ой-өрісі кеңейеді, белгісізді таниды, өзін толғандыратын сауалдарға жауап табады.

Қазіргі  таңда  елімізде  болып  жатқан  ТЖ кезінде республика мектептері  «Қашықтан оқытуға» көшті.

Білім беру жүйесін жан-жақты ақпараттандырып, қашықтан оқытудың алғы шарттары Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында айқын көрсетілген.

Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен мұғалімнің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, интернет желілері мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;

Қашықтықтан оқыту технологиялары оқушы- мұғалім арасындағы өзара қарым- қатынас жасау үдерісін қамтиды (бейнеконференция, Интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы хабарласу, электрондық пошта, кейіннен  қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы ).

Қашықтықтан оқыту кезіндегі түйген ойым:

Мұғалімдер үшін:

  • Өзінің АКТ құзыреттілігін дамытуы;
  • Қашықтықтан оқыту технологияларын жетілдіруі;
  • Дистанциялық модератар, фасилитатор болуы өте маңызды.

Осы қашықтан оқыту кезінде оқушы білімін бағалау, оларға кері байланыс беру өте маңызды сәт. Оны қалай ұтымды өткізуге болады?

Ал, қашықтан оқыту кезінде оқушы барлық  тапсырманың ТД және мұғалімнің интернет платформасында берген сабақтары бойынша өз бетімен орындайды.

Яғни, өзіндік жұмыстар жасайды.Өзіндік жұмыс дегеніміз — сабақ үстінде алған білімді мұғалімнің  қатысынсыз орындайтын жоспарлы жұмыс. Оның мынадай формада өткізудемін:

  • Кері байланыс
  • Тест
  • Бекіту сұрақтары
  • Қалыптастырушы бағалау
  • Сауалнама
  • Бөлімше бойынша жиынтық бағалау
  • Тоқсандық жиынтық бағалау т.б.

Кез келген өзіндік жұмысты орындаудың негізгі алғышарттары мынандай:

1)  тапсырманың мақсаты  түсіндіріледі;

2)  қалай орындауы керектігі туралы нұсқаулық беріледі;

3) дискриптормен таныстырылады;

4) дискрипторға  сай ұпайлары белгіленеді.

Өзіндік жұмысты  қалай ұтымды өткізуге болады?

Google forms  арқылы  өзіндік жұмысын өткізудемін.

Google forms  — онлайн қызмет.

Google forms  арқылы  өздік жұмысын қалай құрастырыамыз?

1 қадам –  Google Accound

2 қадам –  Менің дискім (Мой диск)

3 қадам –  Жасау (Создать)

4 қадам –  Google Формы

5 қадам –  Жаңа форма (Новая форма)

6 қадам –  Тақырыбын , сипаттамасын жазу

7 қадам –  Сұрақты , бірнеше жауабын  жазу

8 қадам –  Параметрін таңдау (настройки)

9 қадам –  Жіберу (отправить), сілтеме, көшіру

10 қадам – Жіберу (отправить) оқушыға

Google forms  арқылы  өзіндік жұмысты өткізудің  тиімділігі :

  • сұраққа ұпай саны белгіленеді;
  • әр оқушының жұмысы бірден  бағаланады;
  • жылдам кері байланыс беріледі;
  • сыныптағы оқушы үлгерімі визуальді түрде диаграмма арқылы көрінеді;
  • сыныптағы әр оқушының ұпайы жиынтық кестеден көрінеді;
  • Мұғалім уақыт  үнемдейді;

Барлық тапсырмалар  оқу бағдарламаларына сәйкес құрастырылады және жүзеге асырылады

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.