Home » Мақалалар » Қашықтықтан  оқытудың  маңызы.

Қашықтықтан  оқытудың  маңызы.

Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
“№12  ЖББОМ” КММ
Көркем – еңбек пәні мұғалімі:
Сагынбаева Г.А.

 

    Білім  беру  жүйесін  жан-жақты  ақпараттандырып, қашықтан  оқытудың алғы шарттары Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында айқын көрсетілген.

Қазіргі таңда Қазақстанда білім жүйесінде ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. «Білім саласындағы жаңа коммуникациялық технологиялар» түсінігі компютерлік техника және электрондық анықтамалық жүйелері мен адамның  әрдайым жаңа оқыту әдістерін ізденуінен пайда болады.

Қашықтан оқытуда – мұғалімдердің алдын-ала дайындалуы және ұйымдастыруы жүргізіліп, программалық қамтамас етілсе оқушылардың білімі жоғарлайды.

Қашықтықтан оқытудың маңызы – мұғалімнің біліктілігін көтереді, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады, ата-аналардың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертеді.

Мұғалім баланың ішкі жан – дүниесіне үңіліп, оның ынтасының дамуына ықпал етеді.

Қашықтықтан оқыту қазіргі заман талабы. Яғни, білім жүйесінің заман талабына, уақыттың сұранысына қарай ғарыштап дамуы. Олай болса, әрбір педагогтан бұдан әрі сабақты ғылыми жобада жасауын талап етеді. Сабақты жоғары деңгейде, ғылыми жобада оқыта білген мұғалім оқушының жүрегіне жол тауып, сабаққа деген қызығушылығын арттыра біледі. Мұғалім өзі коммуникативті дамыды.

«Білімдіге дүние жарық» — Білімді болайық, білікті болайық!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.