«Сөз бенен саз секілді егіз ұғым»
(Әдеби-сазды кеш)
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «С.Көпбаев атындағы №186 жалпы білім беретін мектеп» КММ «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Сөз бенен саз секілді егіз ұғым» тақырыбында әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.
Кештің мақсаты:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде айтылған «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында оқушыларды кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
2. Оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігін өсуін арттыру; жас ұрпақ бойына азаматтық, рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
Кешке ақын, сазгер, елімізді қоңыр сазды әндерімен әнсүйер көпшіліктің жүрегін жаулап жүрген,танымал әнші Роза Әлқожа
Ақын, аудармашы, публицист Ержан Алаштуған
Журналист, ақын, «Ақ желкен» балалар мен жасөспірімдер журналының бас редакторы Есей Жеңісұлы
Наурызбай аудандық білім бөлімінің басшысы Құсайынова Салтанат Амангелдіқызы мен ауданымыздың директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп кітапханашылары қатысты.
Кеш барысында ауданымыздың білім бөлімінің басшысы Құсайынова Салтанат Амангелдіқызы келген қонақтарға рахметін айтып, оқушыларымызды «Оқуға құштар мектеп» жобасы оқушылардың кітапқұмарлығын арттыруға бағытталғандығын атап өтті. Жас ұрпақ бойына жоғары азаматтық және рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру арқылы, бәсекелестік қабілетті күшейтіп, оқушылардың мәдени және оқу құзіреттілігін дамыту. Мектеп жасынан оқуға ынтасы ашылған бала терең ойлы, жан-жақты тұлға болып қалыптасуы, бала уақытының бірнеше минутын күн сайын кітап оқуға бөліп жүрсе, кейін кітаптағы қазынаны өзі де түсінеді. Кітап оқу дағдысын қалыптастыру арқылы Абай атамыз айтқан терең ойлы азаматтарды тәрбиелейміз. Оқушылардың әртүрлі жанрдағы әдебиетті оқу арқылы кітап толғандыруы тиіс. Ұлттың рухани сауаттылығы тікелей кітап оқуға байланысты. Баланы кітап оқуға уйрету үшін ең алдымен ата-аналармен кеңесе отырып, баласының оқуға қызығушылығы қандай деңгейде екенін анықтап, бірлесе отырып үйретуіміз керек екендігіне тоқталды.
Сапалы ұйымдастырылған кездесуде мектебіміздің оқушыларынан құралған «Алқа» шығармашылық үйірмесінің оқушылары, келген ақындар мен әншілеріміздің туындыларынан өлеңдерін оқып, әндерін орындады.
Кеште отансүйгіштік ,туған жер, адамгершілік тақырыбындағы өлеңдер оқылды. Әрине, кездесу кеші ақындарға сұрақ қойып, одан тұшымды жауап алумен де әрленді. Әр баланың білгісі келетіні көп. Олар ақындардан — «Олжас Сүлейменовты аудару екінің бірінің қолынан келмейді, осы ақынды таңдауыңыздың себебі неде?», -«Қазақ ақындарының ішінде қандай ақынның өлеңдерін сүйіп оқисыз?», «Алағашқы ұстазыңыз туралы айтып берсеңіз?»,- « Жылдың қай мезгілі ұнайды?» деген сияқты сұрақтарын қойды.
Кездесу барысында кеш меймандары өнер мен шығармашылығына байланысты жолданған бірқатар сауалдарға жауап беріп, өз тілектерін де айта өтті.
Кеш қонағы Ержан Алаштуған мектепке өз кітапханасынан 500 кітап тарту етті.
Кездесуде келген қонақтарымызға мектебіміздің 11 «А»сынып оқушысы Артықбай Мейрамбек ақын ағалары мен әнші әпкелеріне өзі шығарған өлеңдерін оқып, көрермендердің ризашылығына бөленді.
Кеш соңында мектебіміздің директоры Раева Гулжазира Бекенқызы келген қонақтарымызға өз ризашылығын білдіріп, мектебімізде өткізіп жатқан «Оқуға құштар мектеп» жобасынан бөлек «25 кітап, 25ән» жобасы бойынша мектебімізде 2017 жылдан бастап іс-шараларды үздіксіз өтізіліп келе жатқанын атап айтты. Жыл сайын оқушыларға олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, кітапхана қорында бар кітаптар тізімі бекітіліп беріледі. Сол бойынша оқушылар өздерінің оқыған кітаптары бойынша әртүрлі форматта іс-шараларды өткізіп отырамыз. Атап айтсақ, «Мен оқыған кітап», «Кітап әлемі», «Біз отбасымызбен кітап оқимыз», «Кітапханаға кітап сыйла!», «Оқыңыз, қызық!»т.б. айдарымен оқырман конференциясы, байқаулар, буктрейлер, дөңгелек үстел, челлендж, акциялар өткізіліп отыратындығы туралы айтып, ойын қорытындылады.
Мектеп ұжымы мен оқушыларымыз келген қонақтармен естелікке суретке түсіп, қошеметпен шығарып салды.
Өткізілген шараның әлімдік бәсекеге дайын ұрпақ тәрбиесіндегі келелі іс болары анық.
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы
«С.Көпбаев атындағы №186 ЖББМ»КММ
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Абиева Назира Назаралиевна.