Home » Ашық сабақтар » Аяулы күз, алтын күз!     

Аяулы күз, алтын күз!     

Кулаш Каль
Астана қаласы
№56 “Береке”балабақшасы
“Ақбота”тобының тәрбиешісі

 

 

 

 

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар қолдарына жапырақ ұстап кіреді.

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,

Жасымыз бен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып,

Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел тірегім,

Алтын күз қайта келді берекелі.

Молшылықтың жаршысы бола білді,

Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ұстаздар,қадірлі қонақтар! «Аяулы күз,алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

«Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін»

Бұл қандай мезгіл балалар?  (Күз мезгілі)

Дұрыс айтасыңдар,ендеше ортаға келіп, «Күз әні» айтайық.

Жүргізуші: Балалар бізге сонау алыстан Күз ханшайымы келіпті.

(осы кезде себетке толы жемістерімен) Күз ханшайымы кіреді.

Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме,балалар!Сәлеметсіздер ме,қонақтар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Күз ханшайымы: Уа халайық, дархан далам армысың!

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр.

Алмақ болып бар халқымның алғысын

Мен күзгі ханшайыммын,сендерді көргеніме қуаныштымын.Мен сендерге сонау алыстан келдім.

Жүргізуші: Хош келдіңіз Күз ханшайымы! Төрлетіңіз.Балалар сізді асыға күтті. Біздің балалар әнде,тақпақта,биде билей алады.Біздің балалардың барлығы ақылды.

Күз ханшайымы: Олай болса тамашалап көрелік.

Жүргізуші: Ендеше қәнекей, тақпақтарымызды ортаға салайық.

Тақпақтар:

Оркестр: балалардың орындауында

Күз ханшайымы: Өте керемет,жарайсыңдар. Балалар мен жалғыз келген жоқпын,өзіммен бірге қоянды да ала келдім.

Осы кезде музыкамен Қоян ренжіп кіреді.

Жүргізуші: Ой қоян неге ренжулісің?

Қоян: Күз ханшайымының артынан жүгіріп келе жатып сәбіздерімді, жәнеде күздің алтындай сары жапырақтарында шашып алдым.(Ренжіп тұрады)

Жүргізуші: Қоян ренжімеші,қазір біздің балалар саған көмектеседі,лезде жинап береді.

Балалар қоянға көмектесеміз бе?

Балалар: -Иә

Жүргізуші: Ендеше қазір сендермен ойын ойнайық.

Ойын: «Тез жина» деп аталады.

Ойын шарты: Жерде шашылып жатқан сәбіздер мен сары жапырақтарды екі себетке жинап беру.

Жүргізуші: жарайсыңдар балалар! Қоян сен ризасың ба?

Қоян: Әрине балалар өте шапшаң қимылдайды екен.Жарайсыңдар,рахмет сендерге балалар.

Жүргізуші: Қарсы алайық қол соға,

Өнерлі жас қаншама,

Мың буралып билеген.

Бишілер келді ортаға –деп ортаға бишілерімізді шақырайық.

Би: Топпен би

Қоян: Өте керемет балалар,өнерлеріңді көріп жақсы көңіл-күйде болдым.Рахмет сендерге. Мен енді қасқыр келіп мені ұстап алмай тұрғанда кетейін,сау болыңдар.

Жүргізуші: Рахмет Қоянжан саған,жолда абайлап жүр,бізге қонаққа келіп тұр.

Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең,менше сүй –деп Абай атамыз айтқандай әдемі әсем әнге кезек берсек.

Ән: «Күзгі әуен»

Жүргізуші: Күз ханшайымы! Біздің балаларымыздың аналары тіккен,дайындаған күздік киім үлгілерін көрсетпекші.Ал ендеше «Алтын күз-2022» күзгі сән үлгісін қарсы алайық.

Ойын:

 

 Күз ханшайымы:Балалар мен сендерге күз дәмін ала келдім ғой,сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.

Күз ханшайымы: Балалар сендердің барлығың өте керемет өнерлі екенсіңдер.Ал мен енді кетейін,мені сендер сияқты балалар күтіп отыр. Жемістерді апайларыңа беремін,апайларың таратып береді.

Сау болыңдар

2 комментария

  1. Күшті, әсерлі болыпты

  2. Керемет алтын куз отты👏👏👏

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.