Home » Сценарийлер » Алтын күз

Алтын күз

Айтуова Асел Тулегенқызы
Астана қаласы
№82 «Айару»балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты: Күз мерекесінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл күй орнату. Табиғатты сүюге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту, сөздік қорларын байыту.

 

Кейіпкерлер:  Тұмау

 

Жүргізуші:Тілегім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Молшылықтың жаршысы бола білді,

Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар,құрметті қонақтар. «Алтын күз,әсем айналам»атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер.

Музыка ойнап әсем безендірілген залға балалар кіріп келеді.Әуенмен өз орындарына барып отырады.

Ән:Күз келгенде.

Жүргізуші:Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. «көк майсалды көрікті,алқаптағы көп егін.Бұл күндері киіпті,сары жібек көйлегін.Бұл қай мезгіл балалар?   (Күз мезгілі)

Жарайсыңдар балалар ендеше күз мезгіліне арналған өлең шумақтарды тыңдайық.

1.Альмира                                                    3.Аяжан

Қуандырып біздерді,                         Сап,сары маңай,

Кел жемісті алтын күз.                         Сап,сары тоғай

Өлкемізге күз келді,                              Соңғы әнін айтып,

Кемелденсін халқымыз.                        Құстар кетті қайтып.

2.Мирсат                                                   4.Сұлтан

Жемісі мол теретін,                               Алақай,алақай

Күз дос екен бізбенен.                          Шаттанды балақай

Бәрін тауып беретін,                              Күз түсті,дән пісті

Жомарт екен күз деген.                         Айтамыз алғысты.

Жүргізуші:

Күз келіп,күзгі ханшайым,

Өткізді күзгі бал айын.

Барша жұртты шақырды,

Биде билеп,ән салып.

Би Күзгі Вальс

Залға әуенмен тұмау кіріп келеді.

Қадалып сасық тұмау,

Қуатым тасып тұр ау.

Жапырақтар жерге түсіп,

Күзде келіпті ау.

Тер буып жөтелемін,

Таппадым бұның емін.

Балалар мен сендермен достасуға келдім,менімен дос боласыңдарма?

Жүргізуші: Жо,жоқ тұмау сен бізге керек емессің ,біздің балалар сенімен достаспайды. Солайма балалар?

Балалардың жауабы: Я сенімен дос болмаймыз.

Тұмау: Ендеше мен сендерге өз вирустарымды жіберемін.

Жүргізуші: Балалар біз вирустан қорықпаймыз солайма? Себебі біз жеміс пен көкеністер көп жейміз.

1-ші бала:

Дарын

Түрлі түрлі түстіғой,

Жемістер мен көкеністер пістіғой.

Қонақ ,қонақ шақырып,

Дастарханым толдығой.

2-ші бала.

Е.Айша

Сен дұрыс айтасың ,аулада қойма бар.Бізге жемістер мен көкөністер керек.Оларды алып келуге машинаға тележка жалғау керек.

Әуенмен балалар ортаға шығады.

Р.Айша

Бойда бар нәрі,

Таптым майдың нәрін.

Өнімдерді ортаға,

Алып келдім сіздерге.

1.Айсұлтан

Мен алмамын,алмамын,

Таңдай татар бал дәмім.

Мына тәтті бал-дәмді,

Дастарханға арнадым

2.Ясмина

Мен моншақты шиемін,

Құмарсыңдар білемін.

Кетіп қалып жүрмесін,

Тамағыңа сүйегім.

3.Нұрболат

Жапырақта тасалап,

Өскен жері бақша бақ.

Күрең қызыл шіркін-ай,

Оның аты құлпынай.

Жүргізуші:Міне балалар біз ауырмау үшін көкеністер мен жемістер жеу керекпіз.

Бүгін мейрам,бүгін той,

Қуанышты күн біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой.

Бимен ортаға ұлдарымызды шақырамыз.

Ендеше ортада ұлдарымыздың биін тамашалайық.

 

Тұмау:Мен таптым сендер менің вирустарымнан қорықпайды екенсіңдер,ендеше мен сендерге жаңбыр шақырамын.

Жүргізуші: Біз сенің вирустарыңнан қорықпаймыз қолшатырды қолға алып жаңбырдың астында би билейміз

Би: Жаңбыр тамшылары

 

Тұмау: Мен осы жолы таптым: менде көлшіктер бар,сендер осы көлшіктерді басып ,аяқтарыңнан су өтіп ауырасыңдар.

Ойын: Көлшік

Алдарыңызда оркестр.

 

Тұмау: Балалар мені кешіріңдер мен енді сендерге тиіспеймін сендер өте ақылды балалар екенсіңдер. Сау болыңдар.

Жүргізуші: Балалар бүгін бізде қандай мереке? Алтын күз мерекесі өте дұрыс айтасыңдар.Ендеше балалар ант бересіңдерме?Соңымнан қайталаңдар.

Шаршауды білмеуге,

Көңілді би билеуге,

Әсем сазды ән айтуға,

Ант етеміз,ант етеміз.

Жүргізуші:Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты мұқият тыңдаңдаршы.

Әуенмен алтын күз келеді.

Алтын күз

Сәлем менің достарым,

Өмірге көп қосқаным.

Күз силығын алыңдар,

Силығына қаныңдар.

Молшылыққа кенеліп,

Шаттық әнге салыңдар.

Сәлеметсіңдерме балалар мен үш жыл мезгілін айналып сендерге қайта келдім.Сендер өсіп үлкен болып қалыпсыңдар.

Жүргізуші:Сәлеметсізбе алтын күз ,біздің балалар сізді асыға күтті. Сізге арнаған өнерлері бар екен.

Ән: Жау,жау,жаңбыр.

Жүргізуші: Алтын күз біздің балалардың сізге арнаған мақал-мәтелдері бар.

1.Мұстафа

Екпей егін шықпас,

Ерінбей білім жұқпас.

2.Нияз

Көктемде жерге түскен бір тал,

Күзде мың тал болады.

Алтын күз: Рақмет сендерге балалар ,сендер өте өнерлі екенсіңдер.Өкінішке орай менің кетуім қажет.Сендер секілді баса кішкентай бүлдіршіндер мені күтіп отыр.Мен сендерге өз тартуымды ала келдім.Тәрбиеші апайларың сендерге сосын үлестіріп береді.Сау болыңдар.

Жүргізуші:Құрметті қонақтар,ұстаздар мен ата-аналар.Бүгінгі біздің «Алтын күз,әсем айналам» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып,күз берекелі астықты болсын демекшіміз.Келесі кездескенше сау болыңыздар.

11 комментариев

  1. Ақбота Назаркулова

    Керемет😍 Сабақтары өте қызық👍 балалардың көңілдерін тауып, көңілдерін шаттыққа толтыра біледі😘❤️

  2. Пернегуль

    Керемет. Сабактары оте кызык

  3. Өте керемет. қызықты. бала шаршамайтын форматтағы сабақ! Тамаша ! рахмет!

  4. «Айару» балабақшасының әрбір ертеңгілігі өте керемет, жоғары деңгейде өткізіледі. Тәрбиешліердің ізденістері мен өз ісіне деген кәсіби көзқарасы әрбір ата-ананы бейжай қалдырмайтындығы сөзсіз. Алғысымыз шексіз!

  5. Кызык ты, тамаша отеди екен, маган унады, балаларга танымды сабак

  6. Назерке

    Сабақ өте қызықты екен.!

  7. Нұрсұлу

    Асел Тулегенкызы білікті, мықты маман! Әрдайым биік дәрежеде өтеді ертеңгіліктері!

  8. Танымдық, шығармашылық дағдыларды арттыруға арналған тамаша ертеңгілік.

  9. Тамаша ертеңгілік

  10. Тоғжан Маратқызы

    Тамаша ертеңгілік.

  11. Гульнур

    Өте жоғары баға қоямын, себебі әр баланы осындай қойылымға дайындау үлкен еңбек. Шығармашылық жұмыс, үлкен ізденіс екені көрініп тұр, Асель Төлегенқызының еңбегіне мың алғыс!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.