Home » Мақалалар » Қазіргі таңдағы жастарға!

Қазіргі таңдағы жастарға!

Пернебаев Ербол Болатұлы
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Балалармен мәдени-тәрбиелік жұмыстар
орталығының «Көркемдік құрастыру
және дизайн» үйірмесінің жетекшісі 

Ауыл және аудан тұрғындары, Сіздердің отбасыларыңызға, ағайын туыстарыңызға, рулас бауырларыма тек жақсылық тілеп, ал бойдақ болып үйленуді жоспарлап жүрген жандарға бір қалам алып шағын мақала жазуды жөн көрдім, десе де талай жастарға арналған кітаптар әрине бар дерлік, соған қарамастан кітаптан бөлек өмірде шынайы  болатын, болған жайттар

Қазіргі таңдағы жастар, айналайын бауырларым, іні-қарындастарым, сендер де бақытты болуды арман тұтасыңдар, жас кезімізде ойнап-күліп жүріп, уақытымыздың қалай өтіп жатқаны тез-ақ екен, бәріміз де бойжеткен немесе жас ер жігіттер, өзіңнің болашағың кең әрі сенің ойыңдағыдай болмаса да ұқсатып бақ демейме қазақта, сол сияқты анамыздың қолында өстік, еркеледік, ойнадық кейде ата-анамыздың айтқанын істемей қашып кеткен кездеріміз де болған, адам өз еркімен жүруді қаласа, және адам бойында тек, мен, жақындарыма адалмын, мен солай болуым керек, және солай болатынына сеніммен қарау керек. Мақал бар емес пе, Ф.Энгельстің «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» — деген, адам болашақта жан-жарын іздеп табу үшін, көбірек ізденісте болу керек, бір адамның өмірі бір тарих болып қалады емес пе, жақындарың үшін, және өзің үшін ерінбей ізденісте болған дұрыс.

Ер азамат, жар таңдаудан жаңылыспау керек деп қазағым көп айтып жатады ғой, менде осы сөзді болашақ жастарға тағы да қайталап айта бергім келеді, себебі қайталап айтқанның да бір кәдеге жарары анық, себебі арғы түп-тамырын түсіне білуінде, бұл сөз адамның ойынан-санасынан шығып кетпеуі керек, білемін, әрине кейбір жастар үйленуге асығады, осы әдетіміз дұрыс емес екен, осыны жастарымыздың ойына көрсетіп тұрып, қайталап айтып отыру керек екен.

Жалпы, отбасы боламын үйленемін деген ер азамат, болашақ жарының кейбір ауыр айтып қалатын сөздерін көтеріп жүре алады ма, заман өзгеріп жатыр емес пе, қазіргі таңда, көбінесе, әйелдер ер адамдарға қарағанда екі-үш есе артық сөз айтатыны анық. Әйел ер адамның қабырғасынан жаралғандықтан оның ойымен кейде сәйкестік бола бермес. Әйел адам ер азаматқа қарағанда бір немесе екі саты төмен болуы керек дейміз де, соны орындай алмай келеміз.

Бойжеткендерге ақылым, отан болу отбасынан демекші, ер адамның қадіріне жете білу керек деп ойлаймын. Қазіргі кездері мемлекеттік қызметте болсын компания фирма, мектеп болсын, солардың басшылары негізінен әйелдер болып табылады, әрине қызғанбаймын, десе де, кім басқарса да, мейлі мектеп болсын басқа да компаниялар болсын мен өз басым еркек адам басшылықта болғаны дұрыс дер едім. Алла тағала ер адамзат үстемдік қылушысыңдар, үйдің патшасы ер адам деп шегелеп айтып кеткен. Жасыратын еш нәрсе жоқ, шындықты бағалап отыру керек, болашақ жолдасын іздесе, ең алдымен қыздың мінез-құлқына сөйлеу мәнеріне қарау керек деп ойлаймын, солай болуы керек, қазіргі таңда жас қыздармен араздасып қалсаң, ер адаммен сөз таласып, жеңілгісі келмейтіні барлығымызға мәлім, ата-ана, ер жеткен мейлі қыз болсын, ұл болсын, тәлім-тәрбие беріп  отыруы қажет, дәл қазіргі таңда. Сондықтан да қазірден бастап, ата-ананың қадіріне жетіп, тәлім-тәрбие беріп, әдепті, мейірімді ақылды парасатты  білімді болуға ұмтылу керек екен. Негізгі айта кетерлік, ең бастысы, адамда шыдамдылық сөйлеу мәнері, үлкенге-кішіге қалай сөйлеу керек екендігін отбасы-ошақ қасынан тәлім берген дұрыс деп сенемін де солай болуы керек.

Әрбір қазақ Абайды білуі керек. Абайды білсе, пенделік жолдан қайтады. Қазір көп адамның көкейінде тек қарын тойдыру, киім киіну. Одан басқа мақсат жоқ сияқты. Аш қарын тойынар, бірақ оның рухани қазынасы болмаса, қуыс кеуде адам болып қалады. Біздің қаупіміз сонда. Жастарымыз қуыс кеуде болып қалмауы қажет. Дүниені өмір бойы жинап, ана дүниеге алып кеткен кімді көрдіңіздер?! Оның барлығы қалады. Сондықтан рухани қазынаға басымдық беру керек. Абайда 176 өлең, 3 поэма, 45 қарасөз бар. Ал оқысаң таусылмайтын қазына. Хакім бұл шығармаларын ақша үшін жазған жоқ, ол өз жан-дүниесіне жазды. Оның ішкі әлемі қайырлы. «Ыза шығар білімнен, қайғы шығар ілімнен. Ыза мен қайғы қысқан соң, зар шығады тілімнен» — деп өзі де айтқан ғой.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.