Латипова Гульдерайм Маликовна
Семей қаласындағы
«Ақ бұлақ» мектепке дейінгі
тәрбие орталығының тәрбиешісі
Мақсаты: Балаларға Отанымыз туралы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, тәуелсіздік туралы қарапайым ұғым бере отырып, Қазақстан картасы, қалалары, ұлттық тағамдары туралы білімдерін қалыптастыру.Туған жер, туған ел туралы ой-өрістерін дамыту. Өз Отанын сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері:
Қол ұстасып тұрайық,
Шаттық шеңбер құрайық,
Мен Отанды сүемін,
Сенде Отанды сүйесің!
Мен анамды сүйемін,
Сенде анаңды сүйесің!
Мен әкемді сүйемін,
Сенде әкеңді сүйесің!
Көтеріп бір көңілді,
Шаттықпенен күлейік
Дос, бауыр боп бәріміз,
Тату-тәтті жүрейік!
Балалар, біздің бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше боп өткелі отыр, себебі мына іші сырға толы ғажайып киіз үйдің біз сырын ашуымыз керек.тОл үшін біз киіз үйлердің тапсырмаларын орындауымызткерек.
1-киіз үй:- Отан деген не?
— Отанымыз қалай аталады?
— Біздің Елбасымыз кім?
— Отан туралы тақпақ білесіндер ме?
Алтынай: Отан деген — атамекен,
Отан деген туған жер.
Отан-ана,
Отан-үлкен,
Қазақстан – туған ел!
2-киіз үй: Қазақстан Республикасының рәміздері туралы не білесің?
Рәміздерім – елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім — әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Ту, Елтаңба, Гимн.
— Тудың авторы кім?
— Елтаңбаның авторы кім?
— Гимнің авторы кім?
Тудың түсі көк, пішіні төртбұрыш, ортасында күн сәулесі, астында қыран құс, шеті ою-өрнекпен көмкерілген. Елтаңбаның пішіні дөңгелек, екі шетінде қос тұлпар, ортасында Қазақстан деген жазу бар. Әр мемлекеттің өз Әнұраны болады. Оны салтанатты жиындарда орындайды. Әнұранды орындаған кезде міндетті түрде орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүрегіміздің тұсында ұстаймыз
Көк байрағы – бабамның,
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тірегі – әке баланың,
Қазақстан жалауы.
Елтаңбасы елімнің,
Ортасында шаңырақ .
Көмкерген оны қос пырақ,
Төбесінде жұлдызы,
Тұрғой әне жарқырап,
Әнұраным жан ұраным,
Айтар әнім сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі-бақи шырқалады,
Республика әнұраны
3-киіз үй:Қазақстан картасы.
Қазақстан Орта Азия және Еуропаның біраз жерін алып жатыр. Ресеймен, Қытаймен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Түркіменстанмен шектеседі.
Т.Молдағалиев. «Қазақстан картасы»
Анау Жайық өзені, анау жатқан Атырау,
Бәрі сенің өз жерің, өз суларың, батыр-ау,
Туған жердің тынысын ұққан орман нуымен,
Алтынды Алтай шығысың,қ ыран ұшқан шыңынан…..
— Қазақстанның астанасы қай қала?
— Біз қай қалада тұрамыз?
— Алматы қаласы туралы кім тақпақ айтады?
Жап-жасыл ағаш.
Қып-қызыл алмасы.
Ақ басты тауы бар,
Алматы қаласы.
Кешкісін қарашы,
Шамдарын санашы.
Көшесі көрікті,
Алматы қаласы.
— Алматы қаласы туралы кім әңгімелеп береді?
Балалар, біз өткен оқу іс-әрекетінде Қазақстан қалалары мен танысқан болатынбыз. Есімізге түсірейікші, Қазақстанның қандай қалалары бар?
— Қазақстан қалаларына қандай көлікпен баруға болады?
Біз қазір Қазақстан қалаларына шолу жасаймыз.ТД тамашалау.
Ойын «Қазақстан байлығы».
Ойын шарты: Тәрбиеші допты балаға лақтырып бір қаланың атын атайды, бала допты қайтарып сол жердің қазба байлығын, ерекше белгісін атайды.
Бой сергіту:
Біз бүгін кіп-кішкентай баламыз,
Бақыттымыз әсем әнге саламыз.
«Айналайын» деген сөзден нәр алып,
Күні ертең-ақ жарық күндей жанамыз.
Отанымыз – Қазақстан,
Жер жанаты ғажапстан.
Еркін өсіп саяңда,
Шаттанамыз шырқап ән.
4-киіз үй: Қазақтың ұлттық тағамдары.
— Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?
— Бауырсақ, жент, құрт, ірімшік, айран, бешбармақ, қуырдақ, қазы, қарта, жал-жая т.б
Ойын «Байланыстыр».
Ойын шарты: Тақтада бірнеше сурет тұрады, бала хат қалтадан кез-келген суретті алады, оның не екенін айтады да, сол затты жасау үшін керекті заттарды,тақтадағы суреттерден жинайды.Мысалы: құрт (сиыр,сүт,тұз,қалта).
Балалар, мына бірнеше киіз үйлер нені елестетеді?
Тыныштық сәті: Барлығымыз көзімізді жұмып жайлауды көз алдымызға елестетеміз. Дала табиғаты қандай тамаша! Айнала жап-жасыл, сан алуан гулдердің иісі аңқиды. Жайлаудың саф таза ауасы тынысыңды ашып, терең дем ала бергің келеді. Айналадағы биік-биік таулардың басындағы аппақ қарлар қандай әдемі көрінеді. Не деген көп киіз үй, киіз үйдің жанында қойлар маңырап, ешкілер жамырап, құландар шулап жүр.
Ал енді балалар, осы көз алдымызға елестеткен жайлаудағы биік-биік таулардың суретін салып киіз үйлердің бейнесін жапсырамыз.
Ол үшін біз алдымыздағы сурет даптердің жоғарғы жағын көк түспен,төменгі жағын жасыл түспен бояп шығамыз.
— Сендердің ғажайып қылқаламдарың ненің суретін салады?
Енді судың жағасына киіз үйдің бейнесін қиып жапсырамыз.
Балалар, сендерге бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма?
Сендер бүгін ғажайып киіз үйдің сырын ашу үшін барлық тапсырманы тиянақты орындадыңдар.
Алдарыңда әлі бірнеше асулар кездеседі сол асулардан мүдірмей өту үшін туған жерді аялап, сабақты жақсы оқып, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор бола біліуіміз керек.
5-киіз үйдің ішінен сыйлықтар шығады.