Home » Мақалалар » Қосымшаны іске қосу және аяқтау. Қосымшаны өңдеу.

Қосымшаны іске қосу және аяқтау. Қосымшаны өңдеу.

Мурзашева Сымбат Еркиновна
Атырау қаласындағы
Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің арнаулы пән оқытушысы

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Студенттерге қосымшаны іске қосуды, аяқтауды, қосымшаны өңдеу мүмкіндіктері мен оның құрылымында қолданылатын командалармен таныстыру;

Дамытушылық: Delphi қосымшасы  мүмкіндіктері туралы түсінік бере отырып, студенттердің алгоритмдеу және бағдарламалау пәнінен алған білімдерін толықтыру, ой-өрістерін дамыту, пәнге деген қызуғышылығын арттыру.

Тәрбиелік: Студенттерді  жан-жақты болуға, ізденімпаздыққа, өз бетімен, жұптық жұмыс жасай білуге, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жеке жұмыстар.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер кешені, слайд.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын тексеру

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4.Сабақты бекіту

5.Үйге тапсырма

Ұйымдастыру кезеңі: (білім алушылармен амандасып, сабаққа дайындау)

Үй тапсырмасын сұрау. 1.Барлығымызға сұрақ: Delphi визуальды бағдарламалау ортасы дегеніміз не?

2.Компоненттер сөйлесін. Компоненттер туралы мәліметтер толықтыру

Edit —

Label-

Memo-

Button-

Panel-

Main Menu-

3.Қателіктерді тап:

1-топ. 3 ке бөлінсе сандарды қос, 3 ке бөлінбесе азайт

program esep;

var n,m:integer; x:real;

begin write(‘n=’); read(n);

write (‘m=’); read(m); if (n mod 3=0) and (n mod 3=0) then x:=n+m else x:=n-m;

{if a=m/3 then a:=n+m else a:=n-m;}

write(‘x=’,x:6:2);

end.

2-топ. Периметр, аудан табу

Program audan;

Var a,b,c,p,s: real;

Write (‘a,b.c); Read(a.d,c)/2;

P:=(a+b+c)/2; S:=sqr(p*(p-a)*(p-b)*(p-c));

Write(p,s);

End.

3-топ. Квадрат теңдеудің түбірін табыңдар.

Program m2;

Var a,b,c,D: integer; x1,x2: real;

begin Write (‘кв.теңдеу коэффициенттерін енгіз:’); readln (a,b,c);

D:=b*b-4*a*c; } дискриминантты есептеу {

If d<0 then writeln (‘түбірі жоқ ’)

else begin x1:=(-b+sqrt(D))/(2*a); x2:=(-b-sqrt(D))/(2*a);

Writeln (‘x1=’, x1, ‘x2=’, x2); end; end.

Жаңа сабақ: Жаңа құрылған программаны (проектіні) сақтаған соң, оны іске қосу үшін компиляциялау қажет. Ол үшін берілетін команда: Project-Compile Project (Проект-Проектіні компиля­циялау). Жүйенің сәйкес күйге келтіруіне байланысты, іске қосу командасы берілген кезде компиляциялау барысы Com­piling сұхбаттық терезесіне көрініп тұрады .

Компиляциялау командасы берілген кезде Compiling терезесі экранда көрінбеуі ықтимал. Оны экранға шығару тәсілі: Tools-Environment Options (Сервис-Күйге Келтіру) командасын беру. Environment Options  терезесі ашылады; терезенің Preferences (Орнату) қосымша бетін ашып, Compiling and running (Компиляциялау және орындау) блогында орналасқан Sһow Compiler progress (компиляциялау барысын көрсету) жалаушасын орнату                                 (1-сурет).

1-сурет. Компиляциялау параметрлерін таңдау терезесі.

 

Компилятор ерекшелеген жолда синтаксистік қате болмай, қате оның алдындағы жолда жіберілуі де мүмкін, мысалы, оған енгізілген команда  соңына нүктелі үтір (;) таңбасы қойылмаған, т.б.

Қате түзетіліп болған соң  Іске қосу командасына қайта беру керек не Run-Step Over (Іске қосу — Қадамнан бастап) ко­мандасын беруге болады.

Егер программада синтаксистік қате бар болса, компиляциялау кезінде Delphi қате  табылған жолды код терезесінде ерекшелеп көрсетіп, қате жіберілген орынға курсорды орналастырады және қате типін терезенің төменгі бөлігінде орналасқан терезеде көрсетіп, машина жұмысын тоқтатады.

Қосымшаны алу кезіндегі жобаны компиляциялау жобаны өңдеудегі кез-келген сатыда орындалуы мүмкін. Бұл құрылған жобадағы бағдарламалық кодты тексеруге ыңғайлы.

Жобаны компиляциялауда келесі іс-әрекеттер орындалады:

  1. Соңғы компиляциялауға дейін барлық модульдердің файлдары компиляцияланады. Нәтижесінде модульдағы бағдарламалық тексттен тұратын әр файлға   DCU кеңейтіліміндегі  файл құрылады. Егер модульдің бағдарламалық коды компиляторға қандайда бір себептермен қатынаусыз қалса, онда ол компиляцияланбайды.
  2. Егер модульге өзгерістер енгізілсе, онда бұл модуль ғана емес сонымен қатар  uses  директивасымен қолданатын модуль компиляциялан-байды.
  3. Жобаның барлық модульдерін компиляциялау кезінен кейін жоба файлы компиляцияланады және жоба атындағы файлдан тұратын жіберілген кездегі орындалатын қосымша құрылады.

Компиляциядан басқа жобаны жинау орындалады.

Жобаны жинауда  барлық файлдар компиляцияланады. Жобаны жинауда Project | Build <Project1> (жоба | Жинау <жоба1>). Меню командасы орындалады.

Жобаны орындауға Delphi ортасы және Windows ортасы арқылы жіберуге болады.

Жобаны Delphi ортасы  арқылы жіберу Run | Run (Орындау ) арқылы немесе <F9> батырмасын басу арқылы орындалады.

Осыдан кейін құрылған қосымша өз жұмысын бастайды.

ЕХЕ- файл

Проектіні сақтау кезінде Delphi PAS, DFM, DCU кеңейтулері қосылатын үш файл дайындап шығады. PAS – файлы – код терезесіндегі мәтін көшірмесі; DFM файлында форма терезесінің ішіндегісі сипатталады; DCU — файлы – екі файлдың да машиналық нұсқауға түрлендіру нәтижесі. Егер программада синтаксистік қате болмаса, компилятор оларды ехе файлға түрлендіріп шығады (файлдың аты проектатауымен бірдей етіп жазылады да ,оған ехе кеңейтілуі қосылып қойылады). Ол Windows-қа кірістіріліп, проект файлы сақталған бумада орналастырылады. Оны Windows жетекшісі (сілтеушісі) терезесінен әдеттегідей іске қоса беруі мүмкін.

  1. Сабақты бекіту

1 есеп: Батырманы шерткенде мәтіндік өріске «Delphi бағдарламалау тілі»  мәтінін шығаратын бағдарлама құрыңыз.

2 есеп: Топ нөмірінің және топтағы студенттер атынан тұратын қосымша құрыңыз. Қаріп түсін өзгертіп шығарыңыз.

3 есеп: Edit бір жолды мәтіндік өрістерге енгізілген бүтін сандардың қосындысын табатын қосымша жасаңдар.

Қорытындылау мақсатында сәйкестендіру орындау

СұрақтарЖауаптар
Компиляциялау

 

Жаңа құрылған программаны (проектіні) сақтаған соң,оны іске қосу
PASфайлы – код терезесіндегі мәтін көшірмесі
DFM файлында форма терезесінің ішіндегісі сипатталады
DCU файлы — екі файлдың да машиналық нұсқауға турлендіру нәтижесі
программада синтаксистік қате болмаса, компилятор оларды  қандай файлға түрлендіредіЕХЕ

5.Үйге тапсырма. Есеп шығару.

  1. Батырманы басқанда ол форманың кездейсоқ жеріне орын ауыстыратын етіп, «Убегающая кнопка» жобасын жасақтаңыз.
  2. Батырманы басқанда оның өлшемдері мен формадағы орны редакторлардан көрінетін етіңіз.
  3. Button1 батырмасын басқанда формадағы жазудың қарпі үлкейіп, ал Button 2 басқанда — кішірейетін етіңіз.
  4. Бағалау/ Оценивание

«5»-

«4»-

«3»-

«2»-

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.