Консультациялық пункт- бала, ата-ана, педагогтардың өзара ынтымақтастығы
Адам баласы – өмір бойы педагогикалық, психологиялық көмекке зәру болмақ, әсіресе оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында ауадай қажеттілік деп айтсақ та болады. Баланы тәрбиелеу алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада әрі қарай жалғасын табады. Сондықтанда баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның бірлескен өзара тығыз байланыста, яғни ынтымақтаста болуы маңызды. Консультациялық пункттер мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істейтін педагогтермен, психологтармен және басқа мамандармен үнемі сөйлесуге мүмкіндігі жоқ ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек беруге, сондай-ақ балалардың үйлесімді дамуын қолдауға арналған.
Қазіргі кезеңде бала тәрбиесі жүзеге асыруда тәрбиеленудің дұрыс жолын табу үшін ата-аналармен семинар-кеңестер, тренингтер, отбасына саяхат, кездесулер, сауалнамалар ұйымдастырудың үлкен көмегі бар.
Адамгершілік қасиетті бала бойына сіңіру балабақша мен ата-аналардың педагогикалық ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылады.
Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық — орнату барысында ата-аналарға арналған консультациялық пункт Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №194 балабақшасында 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап ашылған. Ата-аналардың сұраныстарын толық қанағаттандыру мақсатында, балабақшада балабақшаға бармайтын балалар және олардың ата-аналарына тегін кеңесберетін жұмыс ұйымдастырылған. Ол үшін «Ақжар» шағын аудандары балабақшаға қараған территориялық 3 жастан 6 жасқа караған балалардың тізімдері жинақтап жасалды. Ата-аналарға арналған консультациялық пункт – бұл ең бала, ата-ана, педагог арасындағы ынтымақтастық, балабақшаға бармайтын үйдегі тәрбиедегі балаларды ортаға тарту және мектепке даярлау үшін ұйымдаспаған балалары бар жанұямен өзара қарым-қатынасты орнату. АКП қызметін мамандар тарапынан интеграциялау барсында сараптама жасалып меңгеруші, әдіскер, медбике, пән жетекшілері және топ тәрбишілері тартылып міндеттері белгіленген.
«Еліңнің келешегін айтайын, бүгінгі тәрбиелеген балаңды көрсет» деп Төле би айтса, «Ел болам десең — бесігіңді түзе» деп М.Әуезов айтқандай нақты түйіндеген серіктестік пен ынтымақтастықтың негізінде балабақшамен қамтылмаған балалары бар отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға берілетін талаптар нақты болған жағдайда бала, ата-ана, педагог ынтымақтастығы орнайды. Тәрбие жүйелі және нәтижелі болады.
КМҚК«№194 бөбекжайы-балабақшасы» психолог А.Беккожаевамен ата- аналарға арналған кеңестер таратылып, түсіндірме жұмыстар жүргізіліп тұрады.
Консультациялық пункттер мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істейтін педагогтермен, психологтармен және басқа мамандармен үнемі сөйлесуге мүмкіндігі жоқ ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек беруге, сондай-ақ балалардың үйлесімді дамуын қолдауға арналған.
BILIM AINASY
Алматы қаласынан
Елназ Тұрсынғалиқызы