Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасына қарасты Нұр-Сұлтан қаласының «Білім беруді жаңғырту орталығының» ұйымдастырумен қала мектептерінен 4-ші сынып мұғалімдерінің арасында ШЕБЕР СЫНЫП болды.
Қысқа мерзімді жоспар негізінде критериалды бағалаудың тиімділігін түсінісу мақсатында жиылысқан ұстаздар бес топқа бөлініп; қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, дүниетану, жаратылыс тану, жұптық жұмыс жасасты. «Педагог шеберлік орталығыда» арнайы тренер болып белгіленген Нұр-Сұлтан қаласының ұстаздары, «Білім беруді жаңғырту орталығы әдіскері: Айтжанова Махаббат Асқарқызы, №70 мектеп — лицейі оқу ісі меңгерушісі: Өмірзақ Жұлдызбек, Ә. Марғұлан атындағы №40 орта мектебінің оқу ісі меңгерушісі:
Есіл Жұмагүл Балтабайқызы, №87 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі: Сұлтанова Гүлшира Қожахметқызы, №85 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі: Ешмұратова Жадыра Тиыштыққызы топ жетекшілері болып сайланып, бағдарламаны қатысушылармен бірге талқылап, жоспар жасасты. Бастаманы түсініскен ұстаздар жеке дара жоспар жасап шама шарқынша білікіліктерін көрсетті. «КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ» шебер сыныбының жетекші модераторлары «Білім беруді жаңғырту орталығының бөлім басшысы Нұғман Ақмоншақ, Нұр-Сұлтан қаласының №87 мектеп-гимназия директорының ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Исмаилова Арай Жәлелқызы әр құбылысты қадағалап, керегіне кеңес беріп, критериалды бағалауды баға қойу арқылы түсіндіруге тырысты.
Қуантай Амантайұлы,
«BILIM AINASY»