Қанатбекова Назерке Сағымбекқызы
Алматы қалысы Жетісу ауданы
177 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру барысында өткен Тілдер мерекесінің онкүндігіндегі «Ана тілі аруы-2024» қыз сыны байқауының сценарийі
Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болады. Өскелең ұрпағымыз қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азамат болып өсуі тиіс.
Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір- бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас үрдіс. Сондықтан ұлттық, адами құндылықтарға негізделген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» жобасымен саналы азаматты тәрбиелеу маңызды болмақ.
Биылғы оқу жылында мектебіміз «Өзге тілдің бәрін, өз тіліңді құрметте» атты тілдер мерекесінің онкүндігінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыру барысында дәстүрлі түрде ХІ рет «Ана тілі аруы -2024» атты қыз сыны байқауын өткізді. Ұлттық құндылықтарымызды қыздардың бойына бойына сіңіре отырып, халқымыздың имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік, ұяңдық, кішіпейілділік сияқты ізгі қасиеттеріне баулу және әр қыз баланы парасатты, жан- жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге, табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу мақсатында болды.
Байқаудың ашылуы мектебіміздің «Ай-Шолпан» би ансамблінің мың бұралған биші қыздары «Адай» биін орындады.
1-жүргізуші:
Армысың, өнер сүйер асыл халқым,
Мереке құтты болсын ауылдасым.
Тағы да келіп жетті сайысымыз
Жырлайтын қазағымның дәстүр салтын.
2-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен арулар! Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру барысында және Тілдер мерекесінің онкүндігінде өткелі отырған Дәстүрлі түрде ХІ рет «Ана тілі аруы -2024» қыз сыны байқауына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр.
2-жүргізуші: Бәріміз ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп — өніп келеміз. Күллі адамзат абзал да, асыл жандардың алдында бас иеді дей отыра сұлу аруларымызды қошеметпен ортаға шақырамыз!
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
(«Қыз сыны» әні орындалады. Ару қыздар сахна төріне шығады.)
1-жүргізуші: 1 — аруымыз 9 «И» сынып оқушысы Даулет Анель
2-жүргізуші: 2 — аруымыз 9 «З» сынып оқушысы Жакан Куралай
1-жүргізуші: 3 — аруымыз 10 «Б» сынып оқушымс Абат Адель
2-жүргізуші: 4 — аруымыз 8 «А» сынып оқушысы Шарипова Сафият
1-жүргізуші: 5 — аруымыз 10 «В» сынып оқушысы Жандосқызы Арайлым
1-жүргізуші: 6 — аруымыз 8 «В» сынып оқушысы Рахимбай Асель
2-жүргізуші: 7 — аруымыз 10 «Г» сынып оқушысы Жасан Асылзат
1-жүргізуші: 8 — аруымыз 8 «Д» сынып оқушысы Айтқали Назерке
2-жүргізуші: 9 — аруымыз 9 «Б» сынып оқушысы Ахмет Нұрай
1-жүргізуші: 10 — аруымыз 8 «Г» сынып оқушысы Ходжахмет Дана
2-жүргізуші: 7 — аруымыз 10 «А» сынып оқушысы Шарапатдин Жансая
1-жүргізуші: 8 — аруымыз 8 «Е» сынып оқушысы Рауанкызы Акторғын
2-жүргізуші: 9 — аруымыз 8 «Ә» сынып оқушысы Қайролла Әдемі
1-жүргізуші: 10 — аруымыз 10 «Ә» сынып оқушысы Торегали Талшын
2-жүргізуші: Олай болса құрметті қатысушы ару қыздар ортаға келіп , жеребе таңдауларңызды сұраймын.
1-жүргізуші: Қыздарымызды алғашқы сайысымызға дайындалуы үшін сахна сыртына қошеметпен шығарып салайық
2-жүргізуші:
Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім тапқыр, шешу қиын,
Қазылар алқасы болмаса нық сыналар.
Құрметті көрермен қауым, сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап қыздарымыздың өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасы құрамымен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Әр сайыс 5 ұпаймен бағаланады.
- Смаилова Сәбира Әбдумүтәліқызы — Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
- Қайыпбергенова Бибигуль Қайыпбергенқызы- мектеп кітапханашысы
- Мейірбек Жазира Әділханқызы– еңбек пәнінің мұғалімі
- Дүйсенова Шәмшат Дәулетиярқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
- Дуйсенәлі Жібек Муратбекқызы мектеп психологы
1-жүргізуші:
Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман тәтті.
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
- кезең «Мен қазақтың қызымын» креативті түрде таныстыру .
( 1.30МИНУТ)
- 2. кезең «Өнерліге өріс кең» ән айту, би, монолог, көркем шығармадағы ана , қыз бейнесін сомдау. (3 МИНУТ)
- 3. кезең «Білімдіге үш сауал» Кеспе қағазда 3 сұрақтан тұрады. 1-ші туыстық атау, 2-ші мақал- мәтел, 3-ші салт-дәстүр (4 МИНУТ)
кезең «Шебер қолдар» Арулар өздері креативті идеяларымен дайындаған ұлттық тағамдар мен қол өнерлерін таныстырып көрсетеді.
(3 МИНУТ)
1-жүргізуші:
Сайыстың таныстыруын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық
Сайыскерлер таныстырсын өздерін
Білгірлерді ду қол соғып қостайық
«Мен қазақтың қызымын» І -кезең бойынша арулар өздерін таныстырып өтсін.
«Өнерліге өріс кең» ІІ—кезең бойынша ән айту, би, монолог, көркем шығармадағы ана , қыз бейнесін сомдау.
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.
Арулардың өз өнерлерін тамашалайық.
1-жүргізуші:
Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата — бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардай тұтып үлкенді,
Ата — жолын жалғапты, – дей отырып, «Білімдіге 3 сауал» атты ІІІ –кезеңге дайын болыңыздар! Карточкада 3 сұрақтан тұрады. 1-туыстық атау, 2-мақал- мәтел, 3-салт-дәстүр, (4 МИНУТ)
1-жүргізуші: 4 кезең «Шебер қолдар»
Шеберлермен өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерлерін көрсетсін,
Біз айталық төрелігін соңынан.
Бұл бөлімде аруларымыз өздерінің аспаздық және қол өнерлерін көрсетеді.
1-жүргізуші:
Әділқазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі, білімділер жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
2-жүргізуші:
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Әділқазы мүшелері бүгінгі сайыстың қорытындысын анықтағанша музыка пәнінің мұғалімдері Утениязов Жамбыл мен Сәрсембай Алишердің әсем әнін қабыл алыңыздар.
(Әділқазы алқасының қорытындысы бойынша Бас жүлде және жүлделі орындар мен номинация иегерлері анықталды. Дәстүрлі түрде ХІ рет болып жатқан «Ана тілі аруы -2024» қыз сыны байқауына алдыңғы оқу жылында бас жүлде алған Ана тілі аруымыз, Қадырбай Балнұр өз тәжін салтанатты түрде Бас жүлде алған 10 «Ә» сынып оқушысы Торегали Талшынға табыстады)
2-жүргізуші:
Бойларында от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым! -дей отырып, «Ана тілі аруы – 2024» байқауын аяқтаймыз! Қош сау болыңыздар!