Home » Мақалалар » Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру барысында “Ана тілі аруы-2024” қыз сыны байқауы.

Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру барысында “Ана тілі аруы-2024” қыз сыны байқауы.


Халихан Аружан Сәбитқызы,
Алматы қаласы,  Жетісу ауданы
№177 мектеп-гимназия,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру барысында “Ана тілі аруы-2024” қыз сыны байқауы.

“Ана тілі аруы” қызы сыны байқауы – еліміздің мәдениеті мен тілінің байлығын насихаттайтын ерекше шара. Бұл конкурс қазақ тілінің мәртебесін арттыру, жастар арасында тілге деген құрметті күшейту мақсатында ұйымдастырылады.
Ана тілі – ұлттың мәдениеті мен тарихының, рухының айнасы. Қазақ тілінің байлығы мен әсемдігі – жастарды ұлттық құндылықтармен тәрбиелеудің басты жолы. Байқау аясында қатысушылар тек тіл білудің қыр-сырын көрсетуімен шектелмей, қазақ мәдениеті мен өнерін, әдебиеті мен тарихын дәріптейді.
“Ана тілі аруы” байқауы әр жыл сайын түрлі форматта өтеді. Конкурсқа қатысушыларға қазақ тілінде поэзия оқу, ұлттық өнер көрсету, салт-дәстүрлерді дәріптеу мақсатында тапсырмалар беріледі. Бұл жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, ана тіліне деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік береді.
“Ана тілі аруы” байқауы – тек жарыс емес, сонымен қатар қазақ тілінің болашағына арналған платформа. Тіл – ұлттың жаны, және бұл байқау арқылы жастардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық сананы жаңғырту мақсатында көптеген мүмкіндіктер туындайды. Қазақстанның болашағы – жастардың қолында, ал олардың тілі мен мәдениеті – сол болашақтың негізі.
№177 мектеп-гимназиясында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын жүзеге асыру барысында 8-9-10 сынып қыздарының арасында “Ана тілі аруы-2024” қыз сыны байқауы өтті. Байқауда 15 қыз қатысып, өз өнерлерімен, білімдерімен және қазақ тіліндегі қабілеттерімен көзге түсті. Әр қатысушы қазақ тілінің әсемдігін, мәдениеті мен дәстүрлерін дәріптей отырып, бірнеше кезеңнен өтті. Олар поэзия оқып, ұлттық әндер орындап, өнерлерін паш етті.
       
Бұл байқау тек сұлулық сайысы емес, сонымен қатар ана тіліне деген құрмет пен патриотизмді арттыруға бағытталған. 15 қыздың қатысуы қазақ тілінің дамуына қосылған үлес ретінде бағаланды. Жеңімпаз тек титул емес, қазақ тілінің жаршысы, ұлттың мәдениетінің насихатшысы болады.
Ана тілі аруы – жастардың шығармашылық әлеуетін арттырып, тілдің құндылығын көрсетуге мүмкіндік беретін ерекше шара.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.