Құрметті №25 қазақ қыздар гимназиясының ұстаздары,
құрметті Рахимжанова Апидаш Муратовна!
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беруде, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор. Ұстаз – шәкірт үшін айна іспеттес. Оқушыға өнеге, үлгі, құрмет, басқа да ізгі қасиеттер – ата-анадан қан арқылы, ұстаздан тәлім арқылы дариды. Сіздерді
кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Қажырлы еңбектеріңіз үшін баршаңызға шексіз алғысымызды білдіреміз! Шәкірттеріңіздің құрметіне бөленіп, шығармашылық ізденістеріңіз, жағымды жаңалықтарыңыз көбейе берсін!
Ізгі ниетпен: 1«Б» сыныбының ата-аналары
және оқушыларыңыз.
Екібастұз қаласы
Павлодар облысы