Home » Мақалалар »  ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ – АБАЙ

 ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ – АБАЙ

Садибекова Мадина Оңғаровна,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Институты мектепке дейінгі тәрбиелеу және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы, Тараз қаласы

Халқымыздың өлең-сөзінің патшасы – Абай Құнанбайұлы. Биыл ұлы Абай ақынның 175 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойлануда. Біз Абай ақынның шығармаларымен өскен ұрпақпыз. Ақынның шығармаларымен мектепті аттап басқаннан кеңінен, ауқымды таныстық. Дархан даланың дана ақыны Абай – заман сырын толғап,  талай ғасырларды құшағына сыйғызған, түрлі кейіпкерлер тұлғасын құпиясын шеберлікпен сөйлеткен, рухани жетілудің жолдарын нық көрсете білген дара ақын. «Бұл күнде Абай сөзі əр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе, артық айтылғандық емес. Ана сүті тəн қорегі ретінде жас сəбидің буыны бекіп, бұғанасы қатаюына қызмет етсе, ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді» — деп Ж.Ысмағұлов сөз зергері Абай жайында тамаша философиялық пікірін білдірген. Абай ақын:
«Ғылым таппай мақтанба,
Білім таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз…», — туындысы әрбіріміздің ұранымызға айналды десем артық болмас. Ақынның дүниеге келгеніне ғасырдан асса да, бірақ оның мəңгі өлмес шығармалары  ел жадында сақтаулы. Абай шығармалары — ұлтымыздың тәрбиелік, рухани байлығы. Қорыта келе, ұлы Абай — дара ақын, парасат пен ойдың асқар биік белесінің көрінісі дегім келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.