Алматы қаласы , Алатау ауданы №171 ЖББМ
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Искакова Лаззат Маратовна
Атаулы күн
Осы уақытқа дейін мемлекеттегі Тілдер мерекесі 22- қыркүйекте тойланатын. Осыдан 31 жыл бұрын 1989 жылы 22- қыркүйекте Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданған. Ол заңда сол кездегі Қазақ КСР-нің мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі – ұлтаралық тіл деп бекітілді. Ал 1998 жылдың 20 қаңтарында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланған болатын.
Бүгінгі таңда Тілдер мерекесінің датасы өзгерді.Ал еліміздегі тілдер мерекесінің күнінің өзгеруінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туылған күні. Бүгін барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды.
5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күні. Өткен жылы ҚР премьер–министрі Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» үкіметтің қаулысына қол қойды. Қаулыға сәйкес, Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланатын болды.
Бүгінгі күні Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдері мен қазақ азаматтары мемлекеттік тіл — қазақ тілін меңгеруге зейін қойып, қазіргі уақытта мемлекеттік тілде еркін сөйлеуді мақсат етіп отыр. Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы». Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі.