Оразбекова Шынар Абдукаримовна
Алматы қаласы,Алатау ауданы
№171 Жалпы Білім беретін мектептің
Қазақ-тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Тілдер мерекесі
Тұмсықтының тамағы
Шоқу менен табылар,
Өнер-білім дегенім
Тоқуменен табылар.
Ыбырай атамыздың қанатты сөзімен бастағым келіп отыр.Әрбір оқу жылының басында, 22-қыркүйек тілдер мерекесі аясында,әрбір мектепте,оқу орындарында, қазақ тілі мен әдебиет пәнінен өтіп жатқан іс-шаралардың бірі онкүндік декада ұйымдастырылды. Әдеттегіндей, мерекені мектепте атап өтіп,түрлі іс-шараларды ұйымдастырып,арты , «Ұстаздар мерекесімен ұштасып жататыны белгілі еді».Биыл мүлдем басқаша,қашықтықтан оқыту,түрлі платформа да ұстаздардың құлшынысына тосқауыл бола алмады. Осы іс-шара барысында біздің мектептің мұғалімдері де аянбай ат салысты. Бірлестік мұғалімдері бас қосып, , «Тілдер мерекесі» қарсанында өткізілетін іс-шараларды талқылап, вебинар өткізіп,жоспар құрып,бекіттік .Ұстаздар әр бағытта,әр сыныппен өткізген сабақтары мен іс-шаралары жоғары деңгейде өтті .Бұған мектебіміздің әкімшілігі де,басқа да қатысқан қонақтардың тілектері дәлел.Бірлестікте қызмет етіп жүрген барлық ұстаздар өз білімдерін көрсетіп,жаңа форматта сабақ берді. Онлайн форматта өткен ашық сабақтар мен іс-шара мектебіміздің деңгейін көтеріп,мерейін үстем етті. Атап айтсақ:Демеубаева.Шынар.Асқанбайқызы 9 сыныптар арасында, «Онлайн кездесу» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізіп, 9в сынып оқушыларымен, «Тоқымқағар», қазақтың салт-дәстүрі жайлы ашық сабақ өткізді. Искакова Ләззат Маратқызы мен Оразбекова Шынар Әбдікәрімқызы бірлесіп, 8-сынып оқушылары арасында, «Брейн- ринг», танымдық жарыс сабағын өткізіп, жақсы нәтиже көрсетті. Оқушылар да,ата-аналар да ризашылығын білдіріп жатты.Осындай қиын уақытта көштің басын бастап жатқан қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ұстаздарына төзімділік пен сабырлықтан басқа тілерім көп.