Home » Жаңалықтар » Мектебім – мейірім мекенім..

Мектебім – мейірім мекенім..

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек
“Білім күні” үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында №208 мектеп-гимназиясында
     
«Мектебім – мейірім мекенім…» атты салтанатты жиыны өтті. Жиында 1756 білім алушы, 64 сынып комплектісімен сап түзеді. Оның ішінде 8 сынып комплектісімен 214 білім алушы мектеп табалдырығын аттады.

Білім күні шын мәнінде барша халықтың дәстүрлі мерекесіне айналды. Оқушылар мен студенттер, білім мен ғылым саласындағы ұстаздар мен оқытушылар, барша қызметкерлер үшін 1 қыркүйек жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы. Бүгінде еліміздегі барлық білім ордасы оқушылар мен студенттерге есігін айқара ашты. Бұл барша жанның көңілін толқытқан ерекше сәт деп білеміз.
     

№208 мектеп-гимназиясында өткен жиында өнерлі де дарынды бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, өнерлерімен қуантты. 1 сынып оқушылары сыңғырлатып алғашқы қоңырауларын соқты. Салтанатты іс-шараға
Наурызбай аудандық білім бөлімінің басшысы, Білім беру ісінің құрметті қызметкері: Кусаинова Салтанат Амангелдіқызы және Наурызбай аудандық полиция басқармасының басшысы полиция полковнигі: Диадар Еркінұлы Жакипбаев қатысты.
      

—Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы.
Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын! — деп мектеп директоры Гүлбағда Есейханқызы өз тілегін айтты.

Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін. Шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық-саулық тілейміз. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушыларға сәттілік жолдас болсын! Мереке құтты болсын!

BILIM AINASY
Алматы қаласынан
журналист Ақерке Амангелдіқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.