Алматы қаласы
Алатау ауданы
№ 152 мектеп-гимназиясында
1 қыркүйек білім күні
«Мектебім- мейірім мекені»
1 қыркүйек — білім күні. Бұл күні мектеп оқушыларына алғашқы қоңырау дауысы естілді. 1 қыркүйек барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі!
Осыған орай, Алматы қаласы Алатау ауданы № 152 мектеп-гимназиясында «Мектебім- мейірім мекені» атты салтанатты жиын 1, 11- сынып оқушылары арасында өткізілді.
Салтанатты жиында мектеп табалдырығын аттағалы отырған оқушыларды ұстаздары қарсы алды және қошеметпен салтанатты жиын алаңына шақырылды.Ән тербете би билеген мектебіміздің өнерлі оқушылары келген қонақтарға өз өнерлерін паш етті. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр оқушының жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталғандай.
Сонымен қатар, салтанатты жиынның құрметті қонақтары Алатау аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Байғараев Еділхан Маратұлы және Ұлжан ықшам ауданының белсенді ардагерлері Шапиева Бүбіхан, Атантай Бейғұт қатысып, ұстаздар мен оқушыларды білім күнімен құттықтап, ыстық ықыластарын білдірді. Алатау аудандық полиция бөлімінің басшысы , полиция полковнигі Байғараев Еділхан Маратұлы 1- сынып оқушыларының ата-аналарына және 11- сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу және өмір қауіпсіздігі шаралары туралы әңгіме өткізді. Мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерге «Жолда жүру ережесіне» байланысты жол белгілері белгіленген кітапшалар үлестіріп таратты.
№152 мектеп-гимназия директорының міндетін атқарушы Жакипова Арайлым Серікқызының қорытынды сөзінде ұстаздар мен оқушыларға ерекше жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілей отырып қорытындылады.