Home » Жаңалықтар » ZOOM.US таңғалдыруда…

ZOOM.US таңғалдыруда…

ZOOM.US — бұл интернеттегі бейнеконференцияларды және бейне вебинарларды өткізуге арналған онлайн платформа.

Видео байланыс қызметтерін ұсынатын Zoom қосымшасы пандемия кезінде енгізілген әлеуметтік оқшаулау шаралары арқасында танымал болды. ZOOM платформасын қолдануды бастау үшін оны компьютерге немесе мобильді құрылғыға тегін орнатып, қарапайым тіркеуден өту керек. Бұл қосымша Windows, MAC, Linux, iPhone, Android операциялық жүйелерінде жұмыс істейді.

ZOOM.US тегін және ақылы қызмет түрлерін ұсынады. Тегін жазылымында аз емес опциялар бар: 100 қатысушыға арналған HD бейнеконференция, MP4 форматындағы 40 минуттық бейне жазба, чат, ақ тақта, виртуалды фон — хром кілті және басқалары. Бұл мүмкіндіктер әсіресе білім беру мекемелерінде кең тарады. Ал ақылы қызметі опция мүмкіндіктерің айтарлықтай кеңейтеді және 10 000 қатысушыға дейін таратылған вебинарларды орналастырады. Барлық функцияларды егжей-тегжейлі көрсету төрт сағаттан астам уақытты алады, ай сайын жаңа опциялар пайда болады. Осындай қажеттіліктер тренинг жүргізетін спикерлерге, орта және ірі кәсіп орындарға, т.б үшін қолайлы жағдай жасады.

COVID-19 пайда болуымен қашықтықтан оқуға ауысуға мәжбүр болған мектеп оқушыларынан бастап, карантиннің алынып тасталуын күтуге қарсы және үйлену рәсімін алыстан өткізуге дайын жас жұбайларға дейінгілер «зумдарға» айналды. Zoom Video Communications компаниясының қызметін пайдаланатын аудитория 2019 жылдың соңында 10 млн болса, 2020 жыл, сәуір айында қосымшаны қолданушылар саны 300 млн адамнан асты. Zoom аудиторияны қалай ұстап жатқанына қарап, Cisco және Microsoft өз жұмысын осы бағытта күшейтті. Сонымен қатар Facebook те өзінің Messenger Rooms-мен бірге сол бағытта белсенді түрде жұмыс істеуде. Алайда жоғарыда аталған компаниялармен Zoom Video Communications бәсекелестікке дайын емес деп ойлау қате. Пандемиядан бұрын Zoom-ның мыңдаған ақылы клиенттері болды, оның ішінде Оңтүстік Кореяның алып алпауыты Samsung, ең үлкен бөлшек сауда желісі Walmart, такси агрегаторы Uber және денсаулық сақтау өнімдерін жасайтын әлемдегі ең ірі өндіруші Johnson & Johnson.

Компанияның табысы пандемиядан бұрын да тұрақты өсіп отырды. Ал COVID-19 таралуы Zoom-ның өз болашағы туралы көріністі бұрын және кейінге бөлді. Бір сәтте компания оқу, бизнес мәселелерін қозғап, әлем елдерің қашықтан жұмыс істеуге итермеледі және халыққа жаппай виртуалды видео байланыс мүмкіндігін көрсетті. Қолданушылар санының өсуі жарнама қызметтеріне де кеңірек қарауға мүмкіндік береді. Мысалы, қазір Telegram-ның аудиториясы 400 миллионға жуық, Zoom қосымшасы бұл көрсеткіштен алыс емес.

Компания биржада бір жылдан астам уақыт сауда жасайды. 2019 жылдың сәуірінде бір акция үшін 36 доллардан IPO өткізді, ал сатылымның алғашқы күнінде ол 62 доллар болды. Соңғы мәліметтерге сәйкес Zoom Video Communications бір акциясын 250 доллардан кем емес бағада сатады (investing.com). IT әлемінде беделді » Gartner » зерттеу ұйымының болжамына сәйкес 2024 жылға дейін жұмыс кездесулерінің тек 25% -ы жеке өтеді. Бизнес үшін қашықтан байланыс форматы барған сайын қажет болады.

COVID-19-ға қарсы әлі де болса ем табылмады. Әлем елдерінде вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны өсуде. Мұндай жағдай көпті келесі деңгейге шығуға мәжбүрлейді, жаңа оқу платформасы, жаңа бизнес алаңы, және де соның барлығы онлайн. Қиын емес функцияларымен ерекшеленетін, қолдануға оңай және үйреншікті Zoom қосымшасы қолданушылар арасында өз маңыздылығын ұзаққа жоғалтпайды.

                                                                                                 Әділет Амангелді

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.