Home » Жаңалықтар » Абай — ол Мен

Абай — ол Мен

Толқыннан толқын туады, толқынды толқын қуады
Мағжан Жұмабаев 

         Сондай таныс әрі бейтаныс Абай. Ол турасында қанша әспеттеп, көркемдесек те, келісті ой айта алмайтындай көрінеміз. “Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, содан тапқан шын асыл, тастай көрменің» парқына қанша жетпекке байласақ та, нәтижесіз бе, қалай?!

         Адалдың момын тартып, арамның билеп-төстеген заманында, шындықтың өміршеңдігі солғын тартады. Сен анығын жазам десең, оны өзге біреу тұмшаласа, сен анығына ұмтылсаң, ол ізін суытып жоқ болса, не қылып, кім болғаның? Ұқпаймын. Ұқпаққа байлап едім, түк шықпады. Шәкәрімнің «өткен шын бар, бүгін шын, ертең шын бар, үш бөлек, керегі жоқ бұлардың, бұзылмайтын шын керегі» менің айтпағым. Мендік Абай айтады: «Еңлік анықтың қанығына жетпекке үш түрлі амал керек: анықты сүю, анықты тану, аныққа ұмтылу».

Мен даралық пен даналықты әр адамның бойынан көремін. Кешегіме бүгінімді ұрлатпау үшін, «мендік Абаймен» жиі кеңесемін. Мендік Абай ол — менің ішкі қуатым, ішкі дауысым, сыншым, бағыт-бағдаршым. Абай – ол Мен.

Өйткені, Абайды түсіну — өзіңді түсінуден басталады. Абайды тыңдау — өзіңді тыңдаудан басталады. Абайды сүю және Абайша сүю -өзіңді сүю мен өзіңше сүюден басталады. Ал Абайды бағалау — өзіңе Абайша баға беруден басталады…

Жұмажанова Еңлікгүл Дәулетқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.