Мектеп тәжірибесінде оқыту мен оқу үдерісін жетілдіруде кез келген жаңалықтар, әдістер, жобалар-барлығы оқушының жақсы білім алуына жағдай жасау үшін іске асырылады. Әрине білімді дамыту алдымен, мұғалімнің кәсіби шеберлігіне және біліктілігіне, қарым-қатынастағы мәдениетіне, құзыреттілік деңгейлеріне қатысты болады. «Жақсы мұғалімнен жақсы шәкірт шығады»- демекші, оқушы мектеп қабырғасында өмірлік ұстанымдарын айқындап, көзқарастары қалыптасып, болашаққа даярланады, бағытын нақтылайды. Бүгінгі оқушылар заманауи талап- тағы оқытуды қалайды, өз армандарындағыдай болашақтарына қажетті білім алсам дейді. Ал бұл қажеттілікті орындау- біздің басты міндеттеріміз.
Мектеп миссиясы «Біз әр баладан үміт күтеміз, білімнің бақытты кілтін табуға, құндылықтар негізінде нәтижеге жетуге қолдау көрсетеміз»,яғни оқушы үшін білім алудың барлық мүмкіндіктеріне , болашақ бағдарларын дұрыс түсініп, білім кілті тек бір жол ғана емес, оның қай уақытта, қай кезеңде, қай жаста болсын іске асырылуы өздігінен білім алуына, жауаптылық пен сенімділігіне қарай дамуға болатынын терең түсінуі маңызды.
Қазіргі білімнің сапалы, табысты болуына әсер ететін факторлардың бірі — өзгерістердің қарқыны басым. Замануи үлгідегі білім керек, ақпараттың жылдамдығы өте алаңдатады, себебі бүгінгі білімді кейде ертең үйренемін деп жүргеніңде, кеш қалып жатасың. Бұл дегеніміз- уақыт бізді күтпейді, ілескің келсе, өзгерісті басқара біл, уақытыңды тиімді қолдана біл, үздіксіз даму идеясын жадыңа ұста дегендей. Мектептің тыныс тіршілігі – баламен байланысты ғой.
Биылғы оқу жылында мектептер бұрын- соңды болып көрмеген, үрдісте жұмыс жасады. Еліміздегі төтенше жағдайдың жариялануы білім беру саласындағы қызметкерлер үшін жауапты шешім қабылдап, қашықтан оқыту үрдісін тәжірибеге енгізді. Бұл білім берудегі өзгерістің жылдам шешімі құрбандыққа баруды талап етті. Себебі, қашықтан оқыту үрдісі мектеп тәжірибесіне алғаш рет және оның дайындығына уақыт тығыз болды. Осы тұста мұғалімдер мен қатар оқушыларымыздың да АКТ құзыреттілігі жағынан білімінде кедергілері анықталып жатты. Дегенмен, мектеп тынысындағы жұмыстар тоқтаған жоқ, қайта жаңғырып икемділікпен алға жылжи түсті. Табысты жетістіктер нәтижесі табысты еңбектің жемісінде келеді емес пе, сондықтан бұған дейінгі оқушыларымызбен бірлескен жобаларымыз жалғасын тапты. Сондай тиімді жобалардың бірі- «Оқушы үні»жобасы. Мектептің негізгі қызметі оқушыға қарай бағытталатыны белгілі, сондықтан оқушы ұстаз алдында тек білімалушы емес, досы, серіктесі деуге болады. Оқушы мектептің дамуына үлкен үлесін қосуда жоспарлауға, талқылауға және шешім қабылдауға толықтай қатысуға мүмкіндігі бар. Осындай мүмкіндікті іске асыруға жоба қызметі маңызды рөл атқарады. Оқушымен диалогке түсу, ашық пікірлерін есту, оқу жағдайында, сынып жағдайында не болып жатқанын оқушы мен мұғалім көбірек білетінін ескеретін болсақ, оқушының сындарлы көзқарастары мен өзіндік пікірлерін басшылыққа алуға болады. Сол себептен де Жоба барысында төмендегі жетістіктерге жетуге мүмкіндік аламыз:
- Қалай оқу керектігін түсіну
- Өз біліміне жауаптылық алу
- Өз біліміне деген сенімділік қалыптастыру
- Ортақ мақсат пен құндылық негізінде білім алу
- Қарым қатынас мәдениетін қалыптастыру
- Сыни ойлауын дамыту
- Оқуындағы кез келген мәселеге терең үңілу
- Жаңа форматқа икемделу
- Оқудағы қажеттіліктерін түсіну
- Оқу ортасына бейімделу
- Пайымдау, ақпаратты өңдеу, жоспарлауға қатыстыру
- Оқытуды жетілдіруге бағалау
- Бірлескен командалық ортада серіктестік қалыптастыру
- Өзінің білімін өмірде қолдануға
- Дамудың жаңа бағыттарында сараланған стратегия, белсенді эксперименттер ұсыну
Қазіргі кезеңде жобаның екі жылдан аса уақыттағы нәтижесінде не үйрендік? Алдымен, оқушыларымыз өз оқуларына талдау жасап, белгілі бір кедергілері мен жеңістерін нақты атап көрсете алады, яғни деректерді қолданып, мәселелені шешуге қатысты. Екіншіден, оқушылар өз идеяларын іске асыруға, олар туралы ойланып, мектеп оқушыларымен бірлесе жұмыс жасады. Үшіншіден, үнемі өз сыныптарының жағдайында қалай оқу керектігіне сұрақтар қойып, жауаптарын өз бетінше ізденулеріне қол жеткізді. Төртіншіден, ашық диалогтік алаңға қатысып, мектептің дамуына үлес қосуда белсенділік танытып, көшбашылық дағдылары қалыптасты. Оқушылар арасында өз ұсыныстары бойынша тәлімгерлік жобалар, әлеуметтік жобалар қолдау тауып, белсенді эксперименттерін жүргізді. Жоба жұмысының маңыздылығы оның сапалы болуына ықпал етеді. Сондықтан басшы ретінде үнемі оқушымен ашық сұхбаттасу, пікірлерін есту, оларды түсінуге тырысу, оқушы рөліндегі ойларына барынша мән беру, сол арқылы оқушының үнінен қалай оқығысы келетіндерін және мектептің ол үшін нені жоспарлап, жетілдіруге болатынын зерделеу — бұл ең маңызды аспект. Себебі мектеп оқушылар үшін ең қауіпсіз мекенге айналу керек, бақытты қаланатын мектепте балаларға барлық жағдай жасалу керек. Сондықтан да ««Оқушы үн» жобасы- осы қадамға нақты басымдық болатын ең сенімді жоба.
Абдраманова Гулжанат Асановна
№67 гимназия басшысы