Home » Мақалалар » Менің педагогикалық ұстаным

Менің педагогикалық ұстаным

Сайкенова Гульмира Кабибирахмановна
Өскемен  қаласындағы 
«№11 мектеп-лицейі» КММ
 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

«Егер сіз еңбекті сәтті таңдасаңыз және оған жан дүниеңізді салсаңыз, бақыт өзіңізді өзі іздеп табады» Аристотель

«Сүйгеннен ғана сабақ алады»

И.В. Гете

Мұғалім деген ұлы мамандықтың мағынасы мен мәні туралы ойлансам, бір әпсана есіме түседі. Саяхатшы ауыр жүктелген тәшкілерді итеріп келе жатқан үш жұмысшыны көріп, әрқайсысынан не істеп жүргендерін сұрайды.

Біріншісі: «Бұл ауыр тәшкіні, құрып кеткір, сүйреп келе жатырмын»,- дейді.

Екіншісі: «Өзімнің отбасымның нан қамы үшін қаражат тауып жүрмін»,- дейді.

Ал үшіншісі мақтан тұта: «Мен тамаша ғибадатхана салып жатырмын»,- дейді.

Үш жұмыскер де бір нәрсені істеп жатса да, үшеуі алайда өздерін әртүрлі сезінген еді. Біріншіге жұмыс итті тепкенмен тең болып, ол өзі өте бақытсыз болады. Екіншісі өзін отбасының тірегі мен асыраушысы сезінеді. Оның жауабында байқалғаны — жайлы мақтаныш пен маңғаздық. Үшіншісі тамаша мүддеге жұмыс жасап жатқан еді. Ол бақытты да қуанышты еді.

Адам бақыты көбіне ол өзінің еңбегіне, өзінің жұмысына қандай мағына салатынынан және «өз ісін сүйетінен бе» деймін. Заманауи мектепте, қалай айтқанмен де, ең шыдамды, өз жұмысына берілген жандар ғана қалды десе болады. Мұғалім үшін ең үлкен қуаныш — өз оқушыларының білімі, олардың тәрбиелілігі, олардың бір-біріне, қоршаған айналаға адамгершілікпен қарауы. Мұғалім жұмысының материалдық жағы үміт арттырардай мәз емес екендігі де жасырын емес. Мектепте жұмыс істейтіннің әрбіреуінде Мұғалім жаны болуы керек.

Әлбетте мұғалім балаға дүние есігін ашады, оның бұнысынан, менің ойымша, көп нәрсе байланысты.

Дүниені тану таңырқаудан басталады.

«Таң қала – таңқалдыру, қызыға отыра – қызықтыру» — дәл осылай мен өзімнің педагогикалық философиямның негізгі тезисін тұжырымдар едім. Дәстүрлі білім беру жүйесін саралай отыра, менің түсінгенім, өзім үшін келмейтін тұстар:

  • Оқушы тұлғасына мұғалім тұлғасының тура басымдығы.
  • Оқушы білім, білік, қабілеттің жай ғана қабылдаушысы.

Осындай мектептің болашағы да бұлыңғыр. Мұғалім мен оқушы, менің көзқарасыма салсаңыз, бірге жұмыс жасауы керек, қатарлас, әріптес, барынша тәжірибелі және тәжірибесі аз жанның одағы болуы тиіс, бірақ ешқайсысы да бір-біріне басымдық білдірмеуі керек.

Мен үшін, ұстаз бен шәкірт арасында алшақтық болуы керек пе деген сұрақ тұрмайды. Әрине, болғаны да абзал. Алайда бұл кедергі не аттап өтуге болмайтын аралық қабырға емес, бір саты жоғары сені оқушылардың өзі көтерген баспалдақ, — Құрмет болуы керек. Осы биіктіктен сен артыңнан ергендерге қол ұшын созасың, таным баспалдағымен көтерілуге көмектесесің. Осыдан кеп менің педагогикалық ұстанымым шығады:

«Бастысы – оқушыға сенім арту, оның тұлғасын сыйлау, жетістікке жетуіне көмектесуге ұмтылу».

  • Байырғы даналық естеріңізде ме?

«Мұғалім – өз білімінің биігінен оқушы білімсіздігіне дейін түсіп, бірге шыңға шығуға қабілетті жан». Қандай бұл дұрыс айтылған ой! Бірге! Дәл осы даналықтың дәні менің педагогикалық ұстанымымның өзегінде жатыр.

Тек оқушылармен бірге біз жаңалықтар ашамыз, тілдің өткеніне көз жүгіртеміз және де сөздің шығу төркінін табуға тырысамыз. Сабақта бірге кей нәрсені білу, мәселен, басқарушы – бас болудың ерік – қарымы, дүйсенбі – соңғы тәмам алды күннің біріншісі, қолдорба – қолға сауда-саттық жасау үшін алынатын дорба – неткен ғажайып десеңізші! Біздің жаңалығымыздың ғажабы! Біз бірге сөзді сезуге үйренеміз, сөз салмағын зерделейміз, олардың шынайы мәнін іздейміз, туған сөздің тамырын басып, туған тілдің байырғы шексіз байлығын  меңгере отыра өзімізді өз сөзімізде таныта аламыз. Және де мен әлдебір орында өзімнің білмейтін тұстарымнан қорықпаймын. Кезінде Л.Н.Толстойдың өзі айтқан: “Білмеу ұят та, зиян да емес. Бәрін ешкім біле алмайды, ал білем деп білгірсіну ұят және зиян”.

Сондықтан да оқушы, бала тұлғасынан әлбетте жан дүниесінде «шашылған» дарынның дәнін табуым, дамытуым және сақтауым керек.

Осы ұстаз болып, балалармен жұмыс істеп жатқаныма 40 жыл да болып қапты. Оқушыларым сайыстар мен олимпиадаларға қатысып, жылдар бойы білімдерін жетілдіріп келеді. Жүлделі орындарға ие болады, жобаларды  қорғап жетістіктерге жетеді. Мен өзімде көштен қалмай, балаларға үлгі болып, өзімде сайыстарға қатысып жүрмін. Соның нәтижелерінде «Ұлағатты ұстаз» медаліне 2018 жылы қол жеткіздім.

№11 мектеп-лицейдің барлық оқушысы ерекше қабілет-дарынға ие болып кетпесе де, меніңше, олар міндетті түрде барлығы бірлескен сабақ үстіндегі шығармашылық пен әріптестікті естеріне алатындары сөзсіз. Қоңырау соғылған соң балалар басын түсіре дәлізге асықпаса, маған келіп өз мәселелерімен бөліссе, оқудағы үздік нәтижелерін айтып жатса және де өз өмірлеріндегі басқа да маңызды дүниелерді тізбектеп тұрса, бұл дегеніңіз – әріптестік болар.

Осылайша, менің педагогикалық қызметім үш алыптан тұрады:

  І. Балаларға деген сүйіспеншілік.

  ІІ. Бірлескен әріптестік пен шығармашылық.

            ІІІ. Таң қала – таңқалдыру, қызыға отыра – қызықтыру.

Менің педагогикалық аксиомаларым қарапайым.

  • Егер бала менің пәнімді сүйгенін қаласа, мен өзім де бергенім мен алушымды жақсы көруім керек.
  • Егер мен баланың оқуды жақсы көруін қаласам, онымен өзара бірлесе жұмыс жасауым керек.
  • Егер мен баланың бастамашылық білдіруін қаласам, еліктіре алуым керек.

Ал жалпы айтсақ, мұғалім шеберлігі кездейсоқ сәттілік немесе сәтті жеңіл табыс емес, жүйелі, табанды ізденіс пен еңбек, жиі үйреншікті көп жұмысқа, күнделікті, шытырман ойға, жаңалықтар мен сәтсіздіктерге толы дүние. Бала жеңісі – менің де жеңісім. Дәл осындай сәттерде мен өзіме айтатыным: «Тағдырым налыма, егер де осы істі таңдасаң, балаларды қаз-қалпында қабылдап сүй, оларға сен, жан-дүниеңді бер, себебі менің болмысымның мәні махаббат пен қуаныш әкелу».

Адам өмірі – үздіксіз оқу. Сәби – бірінші оқушы: анасының күлкісіне қарап күлуді, сосын жүруді, сөйлеуді, тағам жеуді… үйренеді. Айналасындағылар – оның бірінші мұғалімдері. Сосын олардың қатары артады: туыстары, достары, көршілері, кездейсоқ жолдаушылар, кітаптар, алайда өзінің қолтаңбасын мектеп мұғалімі әрбір адам жанында қалтырып кетері сөзсіз. Бәріміз де бала болғанбыз. Мен балалық шақпен ешқашан ажырасқан емеспін, себебі мен мұғаліммін. Осында менің үлкен адами қуанышым, бәлкім, үлкен бақытым жатқан шығар.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.