Нұр- Сұлтан қаласы
№86 мектеп-гимназиясы
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Жакишбекова Альмира Газымбековна
Мектеп оқушыларына әдеби шығармаларды оқыту, баланың зейінін аудара отырып өміріне қажетті туындыларды алу, логикалық ойлауды дамыту, шығармашылық, қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге ұластыру, әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен құдіретті орнын өз дүниесінде көркемдеп бере алу, бұл-оқытудың әдістемесі болып табылады.
Әдеби шығарманы меңгерудің бірінші міндеті — тақырыпты түсіну. Бұл үшін әуелі жоспар құрып, шығарманың негізгі ойын ұғыну керек. Оқушымен жұмыс белгілі тақырыптың негізгі ойын анықтаудан басталуы керек. Тақырып сұрақ бойынша шығарма идеясын қалыптастыруды үйрете отырып меңгертіледі.
Шығарма жазудың өзіндік біліктері: шығарманың негізгі ойын тану мен тақырыбын түсіну; шығарма жазу үшін материал жинау; жиналған материалды жүйелеу; әр жанрда шығарма жазу, шығарманың жоспарын құру, әдеби-сыни материалмен жұмыс; тілдік категориялар ережесін білу (сауаттылық); шығармада өзіндік көзқарас, ұстаным көрінуі. Мектеп жасына дейінгі баланың дүниетанымын, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байыту, эстетикалық талғамын арттырып, адамгершілікке баулу ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Әрине, мектеп жасына дейінгі сәбилердің әдеби шығармаларды оқи алмайтыны мәлім. Олар әдеби шығармаларды тәрбиешінің мәнерлеп оқып беруі бойынша ғана сөз сырын санасына ұялатады. Ертегі, шағын әңгіме, өлең, мақал-мәтел, жұмбақ сияқты балаларға лайықты көркем сөз жанрларының ежелден-ақ тәрбие ісінде зор көмекші екені белгілі. Балабақшада тәрбиеленбеген, әлі мектеп жасына жетпеген ауылдық жерлердің сәбилері кішкентай күнінен өз әже-аталары мен әке-шешелерінен естіген халық ауыз әдебиеті нұсқаларынан нәр алып өсетіні белгілі. Мұндай шығармаларды бастауыш сынып оқушылары қызыға тыңдайды, жылдам жаттап алады. Мысалы: «ten little monsters», «Numbers», «Indians», «Umbrella», тағы басқалар сияқты ағылшынша тақпақ өлеңдері ойнақы тілімен, қайталама сөзімен, музыкалық үнімен балаларды баурап, сөз өрнегіне баулиды. Сол себепті де «мектеп жасындағы балаларды оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында» жас ерекшелігін ескере отырып, әдеби шығармаларға бағыттайды. Бастауыш сыныптағы балаларға әдеби шығармаларды оқу, тіл дамыту жұмысы арнайы бөлімі даярланады. 10-15 жасқа дейінгі балаларға халық ауыз әдебиеті үлгілерінен ертегілерден немесе жазушылар шығармаларынан мәтіндер берілді. Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен-ақ құмартып, қызығады. Қысқа ертегі, өлең оқып берсе, тез жаттап алады. Жаттау арқылы оның тілі жетіледі. Әдеби кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсінеді, жаманынан жиренеді – бойын қорқыныш билейді. Балаларда жақсы және жаман іс-әрекет жөнінде түсінік пайда болады. Сөйлеу тілі жетіле түседі. Ал тілінің дамуы – баланың бойында қабылдай – ести білу сияқты психологиялық процестердің бірте-бірте қалыптасуына негіз болады. Мектеп жасына дейінгі балаларға оқып беретін шығармалар, негізінен, үш салаға бөлінеді:
1) ауыз әдебиеті нұсқалары;
2) классик жазушылардың шығармалары;
3) қазақ жазушыларының шығармалары.
Осы саладағы шығармалар тәрбиешіге арналған бағдарламалық материалда нақты жүйеге бөліп берілген.
Әдеби шығармаларды оқу мен сабақты жоспарлауда мына жағдайларды өте мұқият ескеру керек:
- Әрбір шығарманы оқып берерде баланың жас ерекшелігі, осыған байланысты тәрбие жұмысының мақсаты мұқият ескерілуі шарт. Шығарманың лайықтысын ғана алу керек. Мысалы, бастауыш сыныпта (7-10 жасар балалар) алғаш рет мектепке келді делік. Олардың көпшілігі әлі дұрыс ағылшынша сөйлей алмайды, Сондықтан алғашқы үш-төрт айда тәрбие жұмысының бәрі, оның ішінде әдеби шығарманы оқып, тыңдату, көбінесе ойын түрінде өтіледі. Ол үшін ойынға негіз боларлық, суретті (суреті өте күрделі болмасын) шығармалар керек. Көлемді шығарманың лайықты бөлімінен кейбір үзінді ғана алынады.
- Ағылшын тілін үйренуге арналған жоспар 14-15 күнге лайықталады.
Жоспарда қандай шығарма оқылуы керек, оған байланысты бақылау жұмысы, суреттер, ойындар нақты көрсетіледі. Әрбір ойынның мақсаты белгіленеді (білімін бекіту немесе сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға жаттықтыру сияқты).
- Оқылатын шығарма тәрбие жұмысының әр саласын қамтитын болсын. Мысалы: жануарлар, жыл мезгілдері, еңбек, мерекелер туралы және тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулитын шығармалар.
- Оқушыларға (7-15 жас) мұғалім шығарманың тақырыбын айтып беруі керек. Бұл тұста мұғалім балаларды түгел бақылап отыратын болады. Мұғалімнің әдеби шығармалар тізімін айтып беруі балаларға қызықты болғандықтан, оларға іздену кезінде жалығу болмайды. Оқушыларға ағылшынша әдеби шығармалар поэмалар арнайы оқыту қиын. Сондықтан мұғалім өзі мазмұнын айта отырып, шығарманың қажетті жерлерін ролдік ойын арқылы шығармашылыққа баулуға үйретеді.
- Көркем шығарманы оқығанда шығарманың мазмұнына лайықты суреттерді пайдаланған жөн. Өйткені мектеп жасындағы балалар өз беттерімен оқуға бағыттайды. Ал шығарманың мазмұнын сурет арқылы жылдам түсінеді. Бала кейде кітаптың бетін ашып отырып, суреттің астына жазылған өлең жолдарын дәл тауып, өз бетімен оқып отырғандай әңгімелеп береді. Сондықтан мұғалім қажетті шығарманы ағылшынша оқудан бұрын, суретті көрсету арқылы әңгімелеседі. Соңынан шығарманы оқып береді. Ересек балаларға шығармаға байланысты қажетті суретті шығарма оқылған соң берген дұрыс. Өйткені шығарманы оқудан бұрын сурет көрсетілсе, балалардың бар ынтасы сол суретке ауады да, мұғалім оқығанда зейін қойматын болады.
Оқылған шығарманы әңгімелеп айтуға үйрету сабағының үлгі жоспарын төмендегіше құруға болады:
1 мұғалімнің кіріспе әңгімесі.
2 мұғалімнің әңгімені оқып беруі.
3 оқылған әңгіме, ертегі мазмұнын көмекші сұрақтар қоя отырып айтқызу.
4 шығарманы қайталап оқу, шығарма мазмұнын балаларға айтқызу.
Мұндайда қысқа әңгіме, ертегі мазмұнын бір балаға, көлемді шығармалардың мазмұнын бірнеше балаға айтқызуға болады. Егер сыныптағы балалардың ағылшынша сөйлеу қабілеті әр түрлі болса, алдымен ересек, естияр балалар әңгімелеп айтады, әлсіз оқушылар тыңдап отырады.
Әдеби шығармаларды оқып, тыңдату (жоғары сыныптарда), әңгімелеп беру, әңгімелету, жаттату сияқты сабақ түрлері экскурсия, бақылау сабақтарымен байланыстыра жүргізілгені жөн. Бұл сабақтар бірінің мазмұнын бірі толықтырып отырса, тіпті жақсы.
Ендеше мұғалім баланы мектепте әдеби шығармалар арқылы ағылшынша оқуға үйретуге, балаға бағыт бағдар беріп, талант дарынын ашуға ерекше септігін тигізіуі қажет.
Бағдарламаға сай мұндай жұмыс баланың жас ерекшелігіне қарай, сабақ мақсатына сәйкес берілетін білім-дағдылар (пән аралық байланысты ескере) бір-бірімен байланыстыра өтіледі. Осылай оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту принципі бастауыш сыныптан бастап (2-4 сынып аралығы) баланы өзіне қойылған сұрақты түсінікті, оған дұрыс, толық жауап беруге, өзі басқаға сұрақ қойып, жауап алуға, үйрету міндеті іске асады. Осы білім-дағдыларды меңгерте отырып, мұғалім баланы айналасындағы адамдармен ағылшынша амандасу, әдепті сөйлесу, алғыс айту, жылы шырайлылық білдіру сияқты мінез-құлық әдептеріне үйретеді. Сонымен қатар, мұғалім мына мақсаттарды көздейді: өлең түріндегі шығарманы тыңдай білуге, жатқа айтуға үйрету; «рахмет», «кешіріңіз», тағы басқа ізеттілікті аңғартатын сөздерді айтуға дағдыландыру, осы сөздерді күнделікті қолдана білуге баулу, және тағы басқа. Жоғары сынып оқушыларында Шекспирдің «Ромео және Джулеттасы» арқылы махаббат трагедиясы қалай аяқталатынын немесе махабаттың ұлы сезім екендігін түсінеді. Осындай ұлы шығармалар арқылы оқушыларды әдебиетке, сондай –ақ ағылшын тіліне бағыттау , шығармалармен сусындату мұғалімнен ерен еңбекті қажет етеді.
Мұғалім оқушыларға қай тақырыпта қандай шығарма оқыса да, бақылау, экскурсия, әңгімелесу, әңгімелетіп айтқызу сабақтарын өткізсе де, әр заттың, іс-қимылдың ағылышнша сөздік атауларын бала түсініп, дәл тани білуге тиісті.
Әдеби шығармаларды оқу, тіл дамыту жұмыстарындағы басты әдістердің бірі – сөздік жұмысын жүргізу.
Бастауыш сыныптағы балалар өздігінен әдеби шығармаларды оқи алмайтыны анық. Сондықтан текст оқуға, әңгімелеп айтуға үйрету, көркем сөздермен таныстыру жұмысы бағдарлама талабына сәйкес тақырыптық принциптерге негізделеді. Ол принциптер – айналадағы дүниемен, қоғам өмірімен, табиғатпен таныстыру, дүние танымын, ой-өрісін жетілдіру, зейінін, қабылдауын бағдарлай білу, қабілеттерін дамыту болып табылады.
Осы мақсаттарға орай әдеби шығармаларды оқу, алған білімдерін тиянақтау, жалпы сөздік қорларын молайта отырып, мағынасы ұқсас, мағынасы қарама-қарсы сөздерді меңгерту, көрген-білгендері жөнінде (салыстыра, теңей айтуға үйрету) алғашқы ұғымдарын қалыптастыру міндеті қойылады. Шығарма оқу, тіл дамыту жұмысында оқушыларға (7 -10 жас аралығы) тыңдау қабілетін дамыту, шағын өлеңді жатқа айтуға, ауызша әңгімелеп берген ертегі, әңгімелеп беруге үйрету көзделеді. Ал жоғары сынып оқушыларына шығарманы тыңдай отырып, оның (әңгіме, ертегі) мазмұнын жүйелі әңгімелей білуге, кейіпкерлердің іс-әрекетін түсініп, өзінше талдап, ойын қорытындылай білуге, кейбір үзінділерді жатқа айтуға, мазмұнға сай әңгіме құрауға, бейнелі сөздерді дәл тауып айтуға, өздігінен салыстыра сипаттай білуге, үйренуі тиісті.