Айгүл Бақбергенқызы Пралиева,
ТарМУ, 2-курс студенті,
Жамбыл облысы,
Сарысу ауданы,
Тоғызкент ауылы
Техниканың қарыштап дамыған заманында ақпарат ағыны да көз ілеспес жылдамдықпен дамып келеді. Соған сай жаңашыл дүниелер қатары да үздіксіз толығуда.
Бүгінде ақпараттың көптігі соншалық, мәліметтің шын-өтірігін ажырата алмайтын халге тап болдық. Жалған ақпарат дегеніміз не?
Жалған ақпаратты «фейк» деп атаймыз. Ол көбіне білімсіздік, теріс ниет нәтижесінде туындап, ғаламторда фото, мәтін, видео түрінде таралады. Әсіресе, әлеуметтік желілерде тез таралады. Жалған ақпарат таратуда WhatsApp, Instagram, facebook сынды әлеуметтік желілер мен сайттар алдыңғы қатарды орап келеді. Наурыз айының басында WhatsApp-та коронавирусқа қатысты «Дезинфекциялайтын тікұшақтар» деген мәтіндер желдей есіп жүрді. Одан қалса, «Қытайлар ислам дінін қабылдап жатыр, COVID-19 вирусын жасаған АҚШ ғалымы Билл Гейтс қамауға алынды» деген сынды фейк фото материалдардың тарағаны жасырын емес.
Фейкт жасаудың алгоритімі:
Біріншіден, адамның эмоциясына әсер етеді(адамның көңілін босатып, жанашырлық сезімін оятады). Екіншіден, басым бөлігі мессенджерлерде тарайды.
Үшіншіден танымал адамдардың өміріне қатысты өсек-аяңдарға негізделеді. Ақпараттың ақ-қарасын қалай ажыратамыз?
Ақпараттың шынайылығын тексеруде ақпарат қайдан шықты(кім, қашан жариялады?)? ресур беделі, хронологиясы, аталған фактілерді тексеру керек. Әрине, бұның бәрін тексеру бір адамға қиынға соғады. Масс-медиада осындай фейктермен күресетін қызмет түрі бар. Оны верификация деп атайды. Оған бір ұжым, команда тартылады. Мәселен, Қазақстандағы тұңғыш қазақ тілді ресур «Factcheck.kz»-ті айтуға болады. Ақпарат пен мәлімдемелердің рас-өтірігін тексеретін бірден-бір ресурсты пайдалансаңыздар болады.
Сондай-ақ, мәліметтің шынайылығын тексеруде гугл платформасының көмегі де зор.
Бір аймаққа қатысты ақпаратта Google Mars, Яндекс-карта таптырмас құрал.
Фото материалды анықтауда Google Images, Archive.org/web сайты ең ауқымды мұрағат. Осы жерден де табуыңызға әбден болады.
P.S. Ең дұрыс шешім – ресми органдар мәлімдемеген ақпараттарға сене бермеу, фейк ақпаратты таратпауға тырысу. Заң жүзінде жалған ақпарат таратқандарға 20 АЕК сомасындағы айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген.