Home » Ашық сабақтар » «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегі қойылымы

«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегі қойылымы

Жумагазиева Махаббат Карабаевна
Батыс Қазақстан облысы,
Бөрлі   ауданы, Ақсай қаласы
№3 «Гүлдер»  бөбекжайының тәрбиешісі

Мақсаты: ертегінің мазмұнын түсіндіру, берілген тапсырмаларды көз алдарына елестете отырып орындау және есте сақтау ойлау зейін қабілеттерін дамыту сөздік қорларын молайтып, байланыстыра отырып сөйлеуге үйрету.

Жүргізуші: Бұрынғы ерте заманда хайуандар жыл басына таласыпты. Орман ортасында ұйықтап жатқан қоян есінеп, ұйқыдан жаңа оянғандай, жан- жағына қарап, біреулерді іздейді. Сол сәттен бастап ешкімді көрместен өзімен-өзі билей жөнеледі. Қоянның билеп жүргенін көрген орманның түрлі хайуанаттары жиналады. Оларда билеп қоянға қосылып кетеді. Бидің аяғында сағаттың соққан дыбысын тыңдап тұрып қалады.

Инабат: «Бұл не? Иә, бұл – келе жатқан жаңа жыл ғой. Ал, жыл басы кім болады».

Қоян: Қардай аппақ қоянмын,

Жазда сұрға бояндым,

Жылды өзім бастайтын боп,

Тәтті ұйқыдан ояндым.

Сол түсімде, сен болшы деп,

Бәрің мені сұрадың,

Не? Таңдана қарайсыңдар?

Соған билеп, қуандым.

Жүргізуші: Жыл басы тек мен болам,-деп хайуандар таласты. Өз-өздерін мақтаумен, айтыстары жарасты

Нарина: Жануарлардың бірінші хоры:

Жылды қарап тұрайық,

ойын – сауық құрайық.

Таңды бұрын көргенді,

жыл басы деп ұғайық.

Жүргізуші: Ормандағы ашық алаңға жайланып жайғасқан хайуанаттардың әр қайсысы жыл басы болуды қалап: «Неге мен емес? Мен кімнен кеммін?» деген өзара талас басталады. Маңғаздана асықпай басып, ортаға алдымен Сиыр шығады.

Сиыр: «Мө» деп мөңіредім

Молшылық төңірегім

Жыл басы боламын деп

Ертерек келіп едім

Достарым мағам сендердің көмектерің керек болып тұр. Жыл басын бірінші көру үшін  көмектесіңіздерші?

Жүргізуші: Бір кезде ортаға жылқы шауып келіп, өзін мақтай бастайды.

Жылқы: Алысқа шауып барамын.

Адамның бабын табамын,

Пайдасы мол жылқының.

Жыл басы мен боламын,

Әсем десең әсеммін,

Кең далада көсіліп,

Самал желдей есемін.

Достарым мағам сендердің көмектерің керек болып тұр. Жыл басын бірінші көру үшін көмектесіңіздерші.

Жүргізуші: Жылқыға көмек беру үшін «Адамның ішкі құрылысы» ойынын ойнайық.

Д/о ойын: «Адамның ішкі құрылысы» (ми, қалқанша без, өңеш, кеңірдек, өкпе, жүрек, бауыр, өт, көк бауыр, асқазан, бүйрек, аш шек, тоқ шек, қуық)

Жүргізуші: Түйе ішінен «Мен бәрінен ақылды да сұлумын, бойым да биік, жыл басын тек мен бастауым керек» деп жан жағына менсінбей, кербездене қарайды.

Түйе: Түйе, түйе түйемін,

Жануармын киелі

Кім таласар бойыма

Жыл басына иемін.

Жан – жағыма қараймын

Күн мен түнді санаймын.

Мен өзімді даланың

Кербезіне балаймын.

Достарым жыл басын бірінші көру үшін мағам сендердің көмектерің керек болып тұр.

Жүргізуші:  түйеге көмектесу үшін мен сендерге түйе туралы айтып берейін.

Д/о ойын: «Адам денсаулығына пайдалы тағамдар» (балалар өз қызығушылықтарымен пішіндерді таңдау арқылы 4 топқа бөлініп, тапсырмаларды орындайды.)

Жүргізуші: Түйенің сөзі аяқталысымен қаһарлана ырылдап, ортаға Барыс шығады.

Барыс: «Ырр, ырр» барыспын, барыспын,

Бәріңе де таныспын.

Айналама сыйлымын,сыйлымын,

Сезімсізбен алыстым, алыстым.

Күшіме сенемін, бәріңді де жеңемін.

Жыл басы болуға шіреніп келемін.

Достарым мағам сендердің көмектерің керек болып тұр. Жыл басын бірінші көру үшін көмектесіңіздерші.

Жүргізуші: Балалар барысқа көмектесу үшін жұмбақ шешіп көрейік.

Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі. (денсаулық)
Дәмі де жоқ, түсі де жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ. (су)

Жуынып болғанда
Жүреді қолында. (орамал)

Әрі қызыл әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты (алма)

Жүргізуші: Ортаға асықпай ұлу шығады

Ұлу: Ұлу деген мықтымын,

Жарқын – жарқын шықты үнім.

Ойым озар өзімнен, ақыл, ой бар сөзімде.

Үйім бірге өзіммен, сабыр етем төзіммен

Күш пен көріп құлпырар салиқалы сөзімде.

Достарым мағам сендердің көмектерің керек болып тұр. Жыл басын бірінші көру үшін көмектесіңіздерші.

Жүргізуші: Ұлуға көмектесейік. Екеі топқа бөлініп «басқалармен бөлісуге болмайтын зат» ойыны ойнайық.

Эстафеталық ойын: «басқалармен бөлісуге болмайтын зат» (носовой платок, тарақ, тіс щеткасы, мочалка, аяқ киім, носки, бас орамал, малақай, сүлгі, киім)

Жүргізуші: Бір мезетте ортаға майысып жылан шығады.

Жылан: Жыл басына лайық сұлу жыланмын,

Күштімін де, жылдам десе жылдаммын.

Шағады деп бекер жала жабады,

Адамды мен умен емдей аламын.

Достарым мағам сендердің көмектерің керек болып тұр. Жыл басын бірінші көру үшін көмектесіңіздерші.

Жүргізуші: балалар денсаулық туралы нақыл сөздер айтып жыланға көмегімізді берейік.

  1. Денсаулық — байлықтан қымбат
  2. Бәрі де денсаулыққа тіреледі

Жүргізуші: Жылан сөзін аяқтағасын, қорбаңдап маймыл шығады.

Маймыл: Эй, достарым, бекер дауды қойыңдар,

Бір шындықты қайсың болсаң мойында,

Бәріміздің ішімізден — мен ғана

Ұқсаймын ғой, ұқсаймын ғой адамға.

Достарым мағам сендердің көмектерің керек болып тұр. Жыл басын бірінші көру үшін көмектесіңіздерші.

Жүргізуші: балалар маймыл секіргенді жақсы көреді ғой. Қанкей барлығымыз екі топқа бөлініп кедергілердің  арасымен доппен секіріп өтейік.

Эсафета ойын: «Доппен секір»

Қой: «Бә,бә,бә» мен қоймын, көк шөпке тойдым.

Жыл басы болуға кетіп тұр ойым.

Қараңдаршы қандаймын, аппақ болған таңдаймын.

Жыл басына ылайық, жарқырап тұр маңдайым.

Достарым мағам сендердің көмектерің керек болып тұр. Жыл басын бірінші көру үшін көмектесіңіздерші.

Жүргізуші: қойға көмектесу үшін мақал айтып берейік.

1.Денсаулық – зор байлық.
2. Сәті түскен ауруға не болса, сол ем болады.

Тауық: «Қо,қо, қо, қоқ» жыл әлі неге жоқ.

Жұмыртқамды жеген соң, барлық бала тоқ.

Құрт – құмырсқа жемтігім, жоқ ешбір кемтігім.

Бәрінде бос мақтанып, шаршамаңдар ентігіп.

Достарым мағам сендердің көмектерің керек болып тұр. Жыл басын бірінші көру үшін көмектесіңіздерші.

Жүргізуші: тауыққа көмек беру үшін аз мәзірін құрайық.

Ойын: «Ас мәзірін құр» (қызығушылықтарымен балапандарды таңдап 3 командаға бөлініп таңертен, түс, кеш мезгілдерінде қандай тағамдар жеуге болатынын таңдап тауыққа жапсырады.)

Ит: Абалап үремін, үйді қарап жүремін ,

Адамның көмекші, досының бірімін.

Ит болған соң үремін,

Сергек өмір сүремін.

Жеті қазынаның бірімін,

Адамды қорғап жүремін

Жүргізуші: ит адамның досы дейді. Сол себеттен итке де көмегімізді беріп бетімізге массаж жасап алайық

Массаж лица « Умывалочка».

Надо, надо нам помыться (хлопают в ладоши)

Где тут чистая водица (показывают руки то вверх ладонями, то тыльной стороной)

Кран откроем ш-ш-ш (делают вращающиеся движения кистями)

Руки моем ш-ш-ш (растирают ладони друг о друга)

Щёчки, шейку мы потрём (энергично поглаживают щёки и шею)

И водичкой обольём (мягко поглаживают ладонями лицо ото лба к подбородку).

Жүргізуші: Тышқан қулық ойлайды, шиқ-шиқ етіп қоймайды, Шығып алып түйенің өркешімен ойнайды.

Доңыз: Қорс, қорс етемін,

Қорсылдақпын онсы рас,

Жылдың басы мен болмасам,

Сонда өзі кім болмақ?

Мен адамды мазалап, сұрамаймын тұнық су,

Тамақты да талғамай жей беремін хрю-хрю.

Достарым мағам сендердің көмектерің керек. Жыл басын бірінші көру үшін көмектесіңіздерші.

Жүргізуші:  Доңызға көмек беру үшін мына сұрақтарға жауап беріп көрейік.

  1. Қазір жылдың қай мезгілі? Неліктең күз мезгілі деп ойлайсыңдар?
  2. Жемістер мен көкөністердің айырмашылығы неде?

Жүргізуші: Түйе мойнын созады, мен болам деп жар салып. Тышқан одан озады, жылды алғаш қарсы алып. Тышқан деген батырың, таңды көзбен атырды. Төбесінен түйенің жылды көріп қатырды.

Тышқан: Алақай, алақай, күнді көрдім алақай.

Қулығыммен, ақылыммен бәрін жеңдім алақай.(2 рет)

Жүргізуші:  Сол кезден бері жылды Тышқаннан кейін Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық , Ит, Доңыз көрген екен. Ал түйе болса аузы ашылып таңырқап, ештеңені түсінбей қала береді. Сөйтіп жыл атауларынан құр алақан қалыпты. Жануарлардың соңғы хоры. Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, Мешін, тауық, ит, доңызды санап, жаттап біліп қой. Жан жануарлар достық пен сыйластықты, ақылдылықты, тапқырлықты мойындап әнге қосып, би билеп, жаңа жылды тойлаған екен.

Флешмоб: «Это наша жизнь»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.