Исағұл Қарғаш Елеусізқызы
Буркутбаева Кумусай Макановна
Қарағанды қаласы
«№33 мектеп-балабақша кещені» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері
Қазіргі заманда ұлттық бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тіліміздің маңызы зор болу үшін мектеп қабырғасында елжандылық тәрбие идеяларының санасына дарытуда әдебиеттің алатын орны аса маңызды.Әдебиетті оқытудың өзі ғылым саласымен тығыз байланысты.
Өйткені игерілуге тиісті ұғым, сөздің мәні, айтылмақ ой-түсінік оқушыға әсер етерліктей болса, ол тиісті деңгейде көңіл толқытып, тереңірек ойланады.
Орыс мектептеріндегі «Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту — айрықша көңіл бөлуді қажет ететіндігі еліміздің ертеңгі болашағына деген үлкен міндеттен туындап отырғаны белгілі.сОқушыларға әдебиеттің құдіретін,соның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар ,ақын-жазушылар туралы, олардың көркем шығармалары жайында айтылуы керек.[4,61].
Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру» — деген болатын әдебиет зерттеуші-ғалым, белгілі жазушы Қажым Жұмалиев. Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек. Көркем шығарманы оқушы автордың айтқысы келіп отырған ойын, оның шалқар шабытын өзінің бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп көрмесе, оның бәрі бос сөз болғаны. Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни,о қушыға әдеби білім беру, әдеби, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында түрлі әдіс-тәсілдерді орнымен қолдануы керек, қолдану барысында міндетті түрде оқушылардың пән бойынша іскерліктерін танытатын, жалпы іскерліктерін дамытатын шығармашылық әрекет қажет. Әдістеме аппаратының басты функциясы –көркем шығарманы қабылдатуға үйрету болғандықтан, оқушы мен мұғалім арасында жүйелі байланыс орнығуы керек.[2,132].
Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл жан-дүниелерімен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалана білуі керек.
Оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын технологияға негіздей қарастыруы керек.
Көркем шығарманы оқытудың ең тиімді жолдарын көптеген ғалымдардың (Қ.Жұмалиев, Г. Балтабекова ) озық –тәжірибелі мұғалімдердің еңбектерінен (Қ.Бітібаева, Н.Елубаева) көріп, оқуға болады.[3,52].
Көркем мәтінмен таныстыру барысында мынадай жұмыстар жүргізу керек:
- Көркем шығарманы талдауда,ең алдымен,оқушылардың өз пікірін, ойын білу.
- Көркем шығарманы талдау
- Көркем шығарма айналасында жиірек пікір талас өткізу, оқушылардың тілдерін дамыта отырып,пікірлерін қорғай білуге баулу.
- Оқушылардың өздеріне қорытынды жасатуға жағдай жасау.
Кесте. Көркем шығарманы талдаудағы әдіс-тәсілдер
Әдіс-тәсіл | Мазмұны | |
1 | Оқушылардың өздеріне әңгіме айтқызу | Кейбір көркем мәтіндерді оқуға дайындау барысында балаларға өздерінің басынан кешірген немесе естіп, көріп, оқып білген оқиғалары жөнінде әңгіме айтқызылады. |
2 | Мұғалімнің әңгімесі | Кейбір жағдайларда, егер оқылатын материалды түсінуге қажетті фактілерді балалар білмейтін болса, мұғалімнің өзі кіріспе әңгіме айтып өтеді. |
3 | Ұжымдасқан түрде әңгіме айту. | Біреу білмегенді біреу біледі. Жеке оқушыдан гөрі сыныптағы барлық оқушының білетіні көп болды, сондықтан кейбір жағдайда оқылатын материалға қажетті мағлұмат ұжымдасқан түрде әңгіме ұйымдастыру арқылы анықталады. Мұнда балалар өз беттерімен біреулері екіншілерінің айтқанын түзетеді,т олықтырады. Мұғалімнің міндеті-балаларға басшылық жасау, егер қажет болса, олардың айтқандарын қорыту. |
4 | Экскурсияда байқағандарын пайдалану | Оқушылардың әңгімесі болсын, не мұғалімнің әңгімесі болсын — қай-қайсысын да балалардың экскурсияда көргендерімен байланыстыру өте тиімді нәтиже береді. |
5 | Суреттерді қарау | Шығарманың мазмұнына сай суреттер берілсе, оларды оқуға дайындық кезінде пайдалануға болады. Суреттер көркем мәтін оқылып шықаннан соң немесе оқылу барысында оның мазмұны жөніндегі түсінікті тереңдете түсу үшін беріледі. |
6 | Сұрақтар қою | Оқуға дайындық кезінде сұрақ қою тәсілінің қандай жағдайда тиімді болатыны алдын-ала ойластырылады. Мұнда көп нәрсе материалдық дауыстан немесе іштей оқылатынына байланысты болып келеді. Егер оқушыларға дауыстап оқылатын шығарманың алдында бірнеше сұрақ берілсе, ал олар осы сұрақтарға бірінші оқығанда жауап дайындауға тиіс болса, мұндай жағдайда балалардың көңілі алаңдайды да, шығарманың әсері болмайды. Сондықтан дауыстап оқылатын шығарманы оқуға дайындық кезінде алдан-ала сұрақ берудің қажеті жоқ. |
6-сыныпта алғашқы сабақтан-ақ оқушлардың көркем шығарманы қабылдауы, есте сақтаулары, мазмұндап, әңгімелеулері оқыту бағдарламасының талаптарына сай келмейтіні байқалды. Содан кейін көркем шығарманы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ғалымдардың (Қ.Жұмалиев, Қ.Бітібаеваның) әдістемелеріне сүйеніп, мысалы кейбір көркем мәтіндерді оқуға дайындау барысында балаларға өздерінің басынан кешірген оқиғалары жөнінде әңгіме айтқызылады. Бұл оқушылардың өздеріне әңгіме айтқызу әдісі, орыс тілді балалар үшін өте тиімді әдіс, біріншіден, бұл әдіс оқушылардың ауызша мазмұндау дағдыларын қалыптастырса, екіншіден, қабылдау, есте сақтау, мазмұндау дағдыларын қалыптастырып, қабылдау, есте сақтау қабілеттеріне ерекше ықпал етеді. Көркем шығарманы оқытудың ең бастысы, сол көркем туынды туралы оқушының пікіріне, ойына ерекше көңіл бөлінуі керек. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешелігі де, күрделігі де осында.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі.Алматы,1997.
2.Айтжанова Г.Қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамасы.Алматы,2002.
3.Ақшалақов Т.Шығарманың көркем компоненттерін оқыту.Алматы,1998.